B) созылмалы лимфолейкоз

C) ажыратылмаған лейкоз

D) созылмалы миелолейкоз

42. Гемостаздың коагуляциялық механизмінің бұзылу патогенезіндегі маңыздысы

A) тромбоциттер санының азаюы

B) тромбоциттер қызметінің бұзылуы

C) вазопатия

D) ҮІІІ жайттың тапшылығы

E) тромбоциттің ІІb – ІІІа қабылдағыштарының ақауы

43. Тромбоцитопенияға тән

A) қан ұйуының плазмалық жайттарының тапшылығы

B) қан ұйыу уақытытын ұзаруы

C) қанағыштықтың гематомдық түрі

D) қанағыштықтың тері астылық түрі

E) қан кету уақыты қалыпты

44. Тромбоциттердің жабысуы мен шоғырлануының бұзылуын тудырмайтыны

A) кәлций және магнийдің тапшылығы

B) тромбоциттер мембранасындағы гликопротеидтердің ақаулары

C) қанда АДФ мөлшерінің жоғарылауы

D) тромбоциттер түйіршіксізденуінің бұзылуы

E) Виллебранд жайтының тапшылығы

45. Қан ұйытқыларының тұқым қуалайтын тапшылығы болады

A) гемофилияларда

B) К витамині тапшылығында

C) бауыр жеткіліксіздігінде

D) қан ұйытқыларына антиденелер түзілгенде

E) протромбиндік кешен жайттарының карбоксилденуі бұзылғанда

46. Гемофилия А-ға тәнемесі

A) жынысқа тіркесе мұра қалдыру

B) VIII жайттың тапшылығы

C) нүктелі, тері астылық қанталау

D) гемартроздар

E) қан ұйыу уақытының ұзаруы

47. Виллебранд ауруына тән емесі

A) қылтамырлық қан кету уақытының ұзаруы

B) қан ұю уақытының ұзаруы

C) тромбоциттердің жабысуы мен шоғырлануының бұзылуы

D) YIII жайт түзілуінің бұзылуы

E) YIII жайттың қан ұйытқылық белсенділігінің төмендеуі

48. ТШҚҰ-синдромы кезіндегі гиперкоагуляцияның патогенезіндегі маңыздысы

A) протромбиназа белсенділенуінің «сыртқы» және «ішкі» тетіктерінің белсенділенуі

B) гипофибриногенемия

C) қанның фибринолиздік жүйесінің белсенділенуі

D) антитромбин III тапшылығына

E) тромбоцитопатия

49. ТШҚҰ-синдромы кезіндегі гипокагуляцияның патогенезінде маңыздысы

A) пайдалану тромбоцитопениясы мен коагулопатиясы

B) қан ұйытқыштарының артық болуы

C) қанға көп мөлшерде тіндік тромбопластин түсуі

D) фибринолиз тежегіштерінің белсенділенуі

E) антитромбин III тапшылығы

50. Жаңатуылғандардың ТШҚҰ- синдромының ең айқын сатысы

A) гипокоагуляция

B) гиперкоагуляция

C) өтпелі

D) қалпына келу

51. Жаңатуылғандардың геморрагиялық ауруы дамуының патогенезінде маңызы жоғы

a) ішекте микрофлораның болмауы

b) К витаминінің тапшылығы

c) Қан ұйуының II, VII, IX, X жайттары белсенділігінің төмендеуі

d) Протромбин кешенінің карбоксилденген жайттарының мөлшері артуы

e) Емшекке кеш үйрету

52. Жаңатуылғандардың гемолиздік ауруының клиникалық көріністеріне жатады

A) мелена, кіндік жарасынан қан кету

B) тері мен шырышты қабықтардың сарғаюы

C) ядролық сарғыштану

D) гипербилирубинемия

E) ісінулер

53. Төмендегілердің қайсысы жаңа туылғандардың гемолиздік ауруын тудырмайды

A) анасы cde, A (II); баласы cDe, O (I)

B) анасы CDe, AB (IV); баласы cdE, O (I)

C) анасы cde, O (I); баласы CDe, A(II)

D) анасы cDE, O (I); баласы Cde, A (II)

E) анасы Cde, B (III); баласы cDe, B (III)

54. Жаңа туылғандардың гемолиздік ауруының көріністерінің қайсысы туылғаннан кейін ұзақ сақталады?

A) жүйке жүйесі зақымдануы (Kernikterus)симптомдарымен бірге ядролық сарғыштану

B) бүйрек жеткіліксіздігі

C) кардиогендік сілейме

D) жүрек жеткіліксіздігі

 

2. СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР әр сабақтағы есептерді қараңыз

 

ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫЛАР ТІЗІМІ

  1. Әртүрлі анемиясы бар науқастардың гемограммасын сараптай білу
  2. Әртүрлі лейкоцитозы мен лейкопениясы бар науқастардың гемограммасын сараптай білу
  3. Әртүрлі лейкозы бар науқастардың гемограммасын сараптай білу
  4. Анемиялық, геморрагиялық, миело- және лимфопролиферациялық синдромдардың клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіре білу

Оқыту құралдары:

1) Дәрістердің барлық тақырыптарынан қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі мультимедиялық көрсетілімі

2) Сабақтардың мультимедиялық көрсетілімі

3) Компьютерлік оқыту бағдарламалары мына тақырыптардан:

· Анемиялар

· Лейкоцитоз, лейкоцитопениялар

· Гемостаз патофизиологиясы

· Лейкоздар

4) Сабақтарда қолданылатын көрсетілім материалдары

Тақырып № Сабақ тақырыптары Көрнекі құрал түрі Кестелер мен папка №№
Анемиялар (дәріс) СD-диск «Патофизиология бойынша дәрістер»  
Лимфо- және миелопролиферациялық синдром (дәр) СD-диск «Патофизиология бойынша дәрістер»  
Гемостаз бұзылыстары (дәріс) СD-диск «Патофизиология бойынша дәрістер»  
Анемиялар Таратылатын материал Компьютерлік оқыту бағдарламасы Кестелер   Жағындылар   ЖМ 7- ТЖ     17.1 Қан түзілу схемасы 17.2 Эритроциттердің сапалық өзгерістері 17.3 Анемиялардың жіктелуі 17.4 Сау адамның гематологиялық көрсеткіштері 17.5 Қауырт постгеморрагиялық анемия 17.6 Жаңа туылғандардың гемолиздік ауруы 17.7 Тұқым қуатын гемолиздік анемиялар 17.8Гемолиздік анемияларды аңғарымдау 17.9 Гемолиздік анемиялардың клиникалық көріністері 17.10 Темірдің алмасуы 17.11 Теміртапшылықты анемия 17.12 Теміртапшылықты анемияны аңғарымдау 17.13 В12-тапшылықты анемия 17.14 В12-тапшылықты анемияны аңғарымдау 17.15 В12-тапшылықты анемиядағы қан көрінісі 17.16 аплазиялық анемия 17.17 Эритремия М-17.1 теміртапшылықты анемия М-17.2 Гемолиздік анемиялар
Лимфо- және миелопролиферациялық синдром Таратылатын материал кестелер   Жағындылар     Компьютерлік оқыту бағдарламасы СD-диск ЖМ 7- ТЖ   18.1 лейкоцитоздардың жіктелуі 18.2 лейкоциттердің сапалық өзгерістері 19.1 Қауырт лейкоз 19.2 Қауырт лейкозды аңғарымдау 19.3 Созылмалы миелолейкоз 19.4 Созылмалы лимфолейкоз М-18.1 Лейкоцитоздар М-19.1 Созылмалы лимфолейкоз М-19.2 Миелолейкоз М-19.3 Қауырт лейкоз Лейкоцитоздар. Лейкопениялар Лейкоздар
Гемостаз бұзылыстары Таратылатын материал кестелер   Компьютерлік оқыту бағдарламасы СD-диск ЖМ 7- ТЖ 20.1 Қан ұйуының схемасы 20.2 Тамыр қабырғасының гемостаздағы рөлі 20.3 Тромбоцитопения, тромбоцитопатия 20.4 Гемофилиялар 20.5 Фибринолиз жүйесі Гемостаз бұзылыстары
  Аспаптар Микроскоптар

 

Есептердің жауаптары

№ 1 тақырып. Анемиялар.

№ 3 тапсырма

  1. Анизоцитоз, пойкилоцитоз. Микросфероциттер. Бұл көрініс микросфероцитарлық Минковский-Шоффар анемиясына тән.
  2. Анизоцитоз (микроциттер), пойкилоцитоз (анулоциттер – сақина тәрізді эритроциттер). Бұл көрініс теміртапшылықты анемияға тән.
  3. Орақ тәрізді эритроциттер (Орақ тәрізді - жасушалы анемия)

№ 4 тапсырма.

Гемограмма № 1. Гипохромды (ТК 0,81), регенерациялық (ретикулоцитоз), нормобластық анемия. Микросфероциттер спектриннің немесе анкериннің ақауы салдарынан дамиды. Тұқым қуалайтын гемолитиздік Минковский-Шоффар анемиясы (микросфероциттік анемия)

Гемограмма № 2. Гиперхромды (ТК 1,1), регенерациялық (ретикулоцитоз, солға жылжыған нейтрофилдік лейкоцитоз), нормобластық, макроциттік анемия. Мұндай қан көрінісі жүре пайда болған гемолиздік анемияда кездеседі

Гемограмма № 3 Гипохромды (ТК 0,79), регенерациялық (ретикулоцитоз, полихроматофилия, нормобластоз, солға жылжыған нейтрофилдік лейкоцитоз), нормобластық, макроциттік анемия. Мұндай қан көрінісі қауырт постгеморрагиялық анемияның, қансыраудан соң 4-5 тәулікте (сүйеккеміктік сатысы) байқалады.

Гемограмма № 4. Гипохромды (ТК 0,71), регенерациялық (ретикулоцитоз), нормобластық анемия. Нысана тәрізді эритроциттердің пайда болуы тұқым қуалайтын гемолиздік анемия,гемоглобинопатия туралы ой береді. (Талассемия)

Гемограмма № 5. Нормохромды (ТК 0,9), нормобластық, гипорегенерациялық анемия (ретикулоциттердің азаюы, лейкопения, оңға жылжу, салыстырмалы лимфоцитоз). Тромбоцитопения. Панцитопения. Мұндай қан көрінісі гипо-аплазиялық анемияда байқалады.

Гемограмма № 6. Гипохромды (ТК 0,54), нормобластық, микроциттік, гипорегенерациялық анемия. Мұндай қан көрінісі теміртапшылықты анемияда байқалады.

Гемограмма № 7. Гиперхромы (ТК 1,4), мегалобластық, гипорегенерациялық анемия. Панцитопения. Мұндай қан көрінісі В12 витамині -фоли-тапшылықты анемияда байқалады.

Гемограмма № 8. Гипохромды (ТК 0,54), микроциттік, нормобластық анемия. Қан сарысуында темір мөлшерінің артуы теміртефрактерлік анемия туралы ойлауға негіз береді.

№ 5 тапсырма.

№ 1 есеп

1. Анемия дамуының патогенезі қандай? (Бағаналы жасушалардың бензол буымен зақымдануы→ аплазиялық анемия)

2. Гематологиялық аңғарымды қандай объективті мәліметтер негіздейді?

(Панцитопения: тромбоцитопения → қанағыштық; лейкопения → жаралы-некрозды үрдістер)

№ 2 есеп

1. Науқаста қандай анемия? (Темір тапшылықты анемия)

2. Анемияның себебі қандай? (асқазанның ойық жарасы, шырышты қабаттардан қан кету → темір тапшылығы)

№ 3 есеп

3. Науқаста қандай анемия? (Темір тапшылықты анемия)

1. Анемияның себебі қандай? (Шалатуғандық, жиі жұқпалы аурулар, сапасыз қоректену)

№ 4 есеп

1. Науқаста қандай анемия? (Аплазиялық анемия)

2. Байқалған өзгерістердің патогенезі қандай? (әлсіздік, шаршағыштық, жүрек қағуы, ентігу – гипоксияның белгілері, қанқұйылулар, геморрагиялар –тромбоцитопенияның белгісі)

№ 5 есеп

1. Анемияның себебі қандай? (Эритроциттердің гемолиз …)

2. Бұл қандай анемия? (Қауырт жүре пайда болған гемолиздік анемия)

№ 6 есеп

Тұқым қуалайтын теміррефрактерлік анемия. Әлсіздік, шаршағыштық, жүрек қағуы, ентігу – гипоксияның белгілері

Тақырып «Лейкоцитоздар және лейкопениялар. Әртүрлі лейкоздарда шеткері қанның жасушалық құрамы мен қан түзілуінің патофизиологиялық ерекшеліктері.

№ 1 тапсырма. Әртүрлі лейкоцитоздар мен лейкоцитопениялар кезіндегі лейкоциттік өрнекті талдап, қорытынды жасау.

№ 1. Нейтрофилдік лейкоцитоз, нейтрофилдердің регенерациялық ядролық солға жылжуы, салыстырмалы лимфоцитопения
№ 2. Эозинофилдік лейкоцитоз
№ 3. Базофилия
№ 4. Лимфоцитоз, салыстырмалы нейтропения
№ 5. Моноцитоз
№ 6. Лейкоцитопения, нейтропения, нейтрофилдердің ядролық оңға жылжуы, анэозинофилия, салыстырмалы лимфоцитоз, салыстырмалы моноцитоз. Агранулоцитоз.
№ 7. Нейтрофилдік лейкоцитоз, нейтрофилдердің гиперрегенерациялық ядролық солға жылжуы, салыстырмалы лимфоцитопения.
№ 8. Нейтрофилдік лейкоцитоз, нейтрофилдердің гипорегенерациялық ядролық солға жылжуы
№ 9. Лейкоцитопения, нейтропения, салыстырмалы лимфоцитоз

№ 2 тапсырма.Әртүрлілейкозбен ауыратын науқастардың гемограммасын сараптау

Жіті миелобласты лейкоз, сублейкемиялық түрі. Анемия. Тромбоцитопения.
Созылмалы миелолейкоз, лейкемиялық түрі. Анемия.
Жіті лимфобласты лейкоз, лейкопениялық түрі. Анемия. Тромбоцитопения.
Жіті миелобласты лейкоз, лейкемиялық түрі. Анемия
Созылмалы лимфолейкоз, лейкемиялық түрі. Анемия.
Жіті миелобласты лейкоз, лейкопениялық түрі. Анемия
Жіті ажыратылмаған лейкоз, лейкопениялық түрі.
Жіті лимфобласты лейкоз, сублейкемиялық түрі. Анемия. Тромбоцитопения.

 

№ 4 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу.

№ 1 есеп.

1. Қанның қандай ауруы туралы ойлауға болады? Созылмалы лимфолейкоз

2. Клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз. Дәрістегі лейкоздардағы метастаздық және жұқпалық синдромның патогенезін қараңыз

№ 2 есеп

1. Қанның қандай ауруы туралы ойлауға болады? Жіті лимфобласты лейкоз (гликогенге оң гистохимиялық серпіліс)

2. Клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз. Дәрістегі лейкоздардағы метастаздық және жұқпалық синдромның патогенезін қараңыз

 

Сынамалық тапсырмалардың жауаптары

1-D 6-A 11-A 16-B 21-C 26-A 31-D 36-C 41-A 46-C 51-D
2-A 7-A 12-D 17-C 22-B 27-D 32-C 37-B 42-D 47-D 52-A
3-E 8-A 13-C 18-E 23-D 28-D 33-B 38-C 43-D 48-A 53-B
4-C 9-A 14-B 19-C 24-D 29-D 34-A 39-A 44-C 49-A 54-A
5-E 10-A 15-E 20-D 25-C 30-A 35-B 40-B 45-A 50-A  

 

Гемостаз бұзылыстары

1 – ACDE 7 - ABCDFGH 13 - A 19 - BF 25 – ABCD
2 - ABCE 8 - ABCFH 14 - BCEG 20 - ACEFG 26 - ABCD
3 - ABCD 9 - ABCD 15-ACDFHIJL 21 - ABCE 27 – ABCD
4 - ABCEFH 10 - BE 16 - BE 22 - ABDE 28 - A
5 - ABDE 11 - ADE 17 - A 23 - ABCF 29 – ABCE
6 - ABCEGH 12 - BCD 18 - ABCEFH 24 - ACDE 30 - ABC

 

 








Дата добавления: 2014-11-29; просмотров: 2687;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.026 сек.