Курс саясаты. Студент дәріс сабақтарына міндетті қатысу тиіс
Студент дәріс сабақтарына міндетті қатысу тиіс. Сабаққа қатысу әр бір сабақта белгіленеді (сабақтың басында немесе ортасында). Егер белгілеу кезінде студент болмаса, ол белгілеуден кейін келсе де сабақта жоқ деп есептеледі.
Сабақтардағы кез келген бұзушылық жазаланады, тіпті аудиториядан шығарып жіберуге де жету мүмкін. Ал белсенді жұмыс бағаланады. Сабақтан қалмау керек және кешігіп келуге болмайды. Сабақты босату және кешігіп келу үшін төмендегі айыпты санкциялар қолданылады:
- Орынды себепсіз дәріс сабағына қатыспағаны үшін – минус екі балл;
- Аудиторияда тәртіпті бұзғаны үшін – сабаққа келгені үшін алған баллдан айырылады.
1 Пән туралы мәліметтер
Биологиялық экология – планетамыздағы орнықты тепетеңдік мен тіршіліктің сақталуын қамтамасыз етіп отырған қоғам мен табиғи процестер арасындағы қарым – қатынастардың заңдылықтарын, тек биосфераның барлық деңғейлердегі биологиялық жүйелерінің қалыптасуы мен белсенді ұызмет атқаруының сүйемелдену заңдарын білу негізінде ғана түсіп, анықтауға болады. Осы мәселелерді ашу және талдау экологияның биологиялық ғылым ретінде шұғылданатын проблемаларының негізі болып табылады.
2 Пәннің еңбек сыйымдылығы
Пән 5 семестрда оқытылады, оқытылу мерзімі 15 апта. Пәннің жалпы еңбек ауқымдылығы 135 сағат, оның ішінде 45 сағат аудиторияда жүргізіледі және 90 сағат студенттердің өздік жұмыстарына берілген. Аудиториялық сағаттың сабақ түрлеріне байланысты бөлінуі күнтізбелік жоспарда көрсетілген. Бақылау түрі – курстық жұмыс және емтихан.
Дата добавления: 2014-12-05; просмотров: 1268;