Оректену блогының ақаулары
Қоректену блогында ақаулықтың пайда болуы барлық жүйе жұмысынан көрінеді. Бұл мынадай жағдайларда көрінеді:
· Қалыпты жұмыс жағдайында компьютердің кенеттен тұрып қалуы;
· Қалыпты жұмыс жағдайында компьютердің кенеттен қайтадан жүктелуі;
· Операциялық жүйенің жұмысы кезінде жедел жады қателігі;
· Сыртқы құрылғылар мен қатқыл дискінің істен шығуы;
· Қоректену блогы мен компьютер қорабындағы температурасының көтерілуі.
Егер компьютер мүлдем қосылмай және белгілі иіс пайда болса, онда қоректену блогының істен шыққаны. Ал бұл компьютер құраушыларының–жүйелік тақша, процессор, жедел жады және т.б. істен шығуына апарады.
Қоректендіру блогының жұмысын келесі жолмен түсіндіруге болады. Қоректендіру блогына ене отырып, өзгермелі кернеу желілік сүзгіш арқылы сүзіледі және жоғары вольттік түзеткішпен өнделеді. Түзелген кернеу жоғары вольттік сүзгіш арқылы импульстік трансформаторға енеді. Ол оны қажетті деңгейге дейін төмендетеді. Кейін төмендетілген қалыпты кернеу тұрақтандырғышқа түседі. Ол оның сипаттамасын бақылап отырып, қажетті жағдайда қолданып отырады.
Сурет 3.17. Қоректендіру блогының логикалық кестесі
Желілік сүзгі. Ол қоректендіру блогына енген өзгермелі кернеуді алғашқы сүзуге арналған. Сүзгі ретінде индуктивтік орауышты және аз көлемді конденсаторды қолданады. Қарапайым сүзу кестесін қолдана отырып, желілік сүзгі қоректендіру блогын лүпілден және кедергіден арнайы сүзгімен энергияны көп қолданатын құрылғылардан сақтайды.
Жоғары вольттік түзеткіш. Тәжірибеде тұрмыстық техникада жоғары вольттік түзеткіштің орнына төрт жоғары вольттік тұратын жинақ қолданылады. Ол арнайы кестемен қосылады. Олар арнайы пластмассалық қораптың ішінде болып, қоректендіру блогындағы мөрлік тақшада бір-бірінің жанында орналасады. Нәтижесіндегі өзгермелі кернеу түзеткіштен өткенде қалыпты өзгереді.
Жоғары вольттік сүзгі. Әдетте, жоғары вольттік сүзгінің орнына бір-біріне параллельді қосылған бірнеше үлкен көлемді электрлі конденсаторлар қолданылады.
Импульстік трансформатор. Импульстік трансформатор кернеуді қабылдайды және оны ±5 және ±12 В. деңгейге дейін төмендетеді.
Тұрақтандырғыш (стабилизатор). Тұрақтандырғыш қоректену блогының ең басты модулі деп есептеуге болады, сондай-ақ оның интеллектуалдығын интегралдық схемалар қолданысына құрылғанынан көреміз. Тұрақтандырғыш, нақты кернеуді өңдеуге және оны бақылауға арналған каналдардан тұрады. Каналдармен қатар Power Good сигналының құрылуына жауап беретін тағы бір басқару схемасы жұмыс жасайды.
Қоректену блогының құраушыларын жұмыс жасау қабілетін тексеру үшін мультиметр қажет. Ол әртүрлі электр көрсеткіштерін тексереді.
Тағы бір ескеретін жайт, қоректену блогы жүктелімсіз жұмыс жасай алмайды, сондықтан оны қуаттылы 25 Вт, 2-5 Ом резистормен қосып, 5В кернеумен бір шығару, ал басқасымен қорапты байланыстыру керек. Бірақта бұл тәсілді, қоректену блогын жөндеуден өткізіп, оны тексергенде ғана қолданылады.
Сақтандырғыш (предохранитель). Қоректену блогының басым бөлігі, тұрмыстық құрылғылардың көптеген бөліктері сияқты керамикалық және ерігіш сақтандырғыштармен қамтылады. Әртүрлі себептерге байланысты болатын жоғары тоқ күші мен кернеудің шапшаң өзгеруінде жұмыс жасап және қайтадан жану – оның басты міндеті болып табылады. Бұл жағдайда сақтандырғыш ішіндегі жұқа сымдар жанып кетеді, сондықтан қоректену блогының басқа құраушыларына кернеу бармайды, яғни оларды істен шығуынан қорғайды.
Ең алдымен қоректену блогынан қорғаныс қорабын ағыту керек. Қоректену кабелі артында сақтандырғыш орналастырылғандықтан, оны кабель мөрлі тақшаға дәнекерленген жерден іздеген жөн.
Әдетте, ол ішінде сымдары орналасқан, әйнекті деталь немесе керамикалық қорап тәрізді. Кейбір жағдайда, сақтандырғыш басқа формамен және тікелей тақшаға денекерленген болып келеді.
Сақтандырғыш ауыстырмас бұрын, ең алдымен оны тексерістен өткізген жөн. Жарамды сақтандырғышта нөлге жақын кедергісі болады, сондықтан қоңыраулауды жиі қолданады, себебі бұл кезде потенциалды қысқа тұйықталу болады. Егер сақтандырғыш өте үлкен кедергіні көрсетсе немесе дыбыс шығармаса, ол істен шыққанын білдіреді.
Істен шыққан жағдайда параметрі келетін аналогты сақтандырғыш орнатылады. Ереже бойынша, қоректену блоктарында 4А жану тоқ сақтандырғышы болады, бірақ та кейде ережеден тыс келеді. Сол себепті оның таңбасын металл байланыстарының бірінен, әлде әйнек (керамикалық) қорабынан қарау керек. Көптеген пайдаланушылар сақтандырғыш орнына жұқа сымды «жучок» сақтандырғыш бекіністерінің түйіспелеріне дәнекерлеп қолданады. Бірақта бұл тәсілдің де өз кемшіліктері бар, өйткені өте қалың сымдар керек уақытында жанбай қалатын болғандықтан қоректену блогының басқа да модульдерін істен шығарады.
Сақтандырғышты ауыстырған және қоректену блогына кернеу берілген соң, мынадай жағдайлар туындауы мүмкін.
· Қоректену блогы қосылады, сақтандырғыш күйіп кетпейді, компьютер қосылады және жүктеледі. Бұл жағдайда қоректену блогының істен шығуына кернеудің кенеттен өзгеруі немесе қоректену блогының қысқа мерзімді шамадан тыс жүктеуі себебі болып табылады.
· Қоректену блогы қосылмайды, сақтандырғыш күйіп кетеді. Бұл жағдайдың себебі: қоректену блогының бірінші тізбегінде қысқа тұйықталу болуынан мүмкін. Мысалы жоғары вольтті түзеткіште немесе жоғары вольтты сүзбеде.
· Қоректену блогы қосылмайды, сақтандырғыш күйіп кетпейді. Бұл қоректену блогының екінші жүйесі зақымдалғанын білдіреді, мысалы тұрақтандырғыш.
Жоғары вольтты түзеткіштің ақауы
Әдетте жоғары вольтты түзеткіш ретінде, не жанында тұратын, не пластмассалық жинаққа кіретін төрт диодтан тұратын жиынды қолданады. Кейбірде транзисторлы құраманы қолданады, бірақ ол өте сирек кездеседі.
Дегенмен әрбір диодты тексерген жөн, себебі олардың біреуінде ақау болса, автоматты түрде ерігіш сақтандырғыштың жанып кетуіне апарады.
Түзеткішті тексеріс нәтижесінде күйген белгілерді байқасаңыз (тақшаның қарайып кеткен алаңы немесе жарылған диод), онда қоректену блогының ақауы жоғары вольтты түзеткіштің істен шығу нәтижесінде болғаны.
Егер ешқандай белгілер болмаса, онда әрбір диодты мультиметр арқылы тексеру керек. Егер түзеткіш диодты жинақта құрастырылған болса, онда оны тексеру үшін, ағытып алу қажет. Мұны байланыс қасындағы мөрлі өткізгіштерді тым қатты қыздырып алмай, өте мұқият істемесе, олар тақшадан шарбылануы мүмкін.
Егер түзеткіш жеке диодта болса, оны тақшадан ағытпай-ақ тексеруге болады.
Диодтың кедергісі тікелей бағытта шамамен 500-600 Ом-нан, керісінде 1,1-1,3 МОм-нан тұру керек. Егер көрсетілген көрсеткішпен сәйкес келмесе, оны ауыстыру қажет.
Кейбірде жоғары вольтты түзеткішпен жұптас қосымша жоғары вольтты транзистор жұмыс жасайды. Жұмыс кезінде қатты қызатын болғандықтан, олар радиаторда орнатылады. Нақ осы транзистордың істен шығуына апарып соқтырады.
Көп жағдайда транзисторды тексеру үшін оны ағытудың қажеті жоқ. Қалыпты транзистордың үш аяғы - база, коллектор және эмиттер болады.
Жұмыс істеп тұрған транзистор базадан эмиттерге және коллекторге қосылады, ол эмитттер мен коллектор арасында мүлдем қосылмайды. Анығырақ айтсақ, бір жағына 100-300 Ом, ал кері қарай- 1 МОм-нан көп болуы керек.
Жоғары вольтты сүзбенің ақауы
Егер жоғары вольтты түзеткішті тексеру еш нәтиже бермесе, келесі қадам жоғары вольтты сүзбені тексеру. Бұған лүпілді кернеуден тиімді сүзбе шығаратын, жиыны бірнеше үлкен көлемді электролитикалық конденсатор кіреді. Дәл осы конденсаторлар қоректену блогының істен шығуына себепкер болады.
Электролиттік конденсаторлар тек нақты кернеуге арналған және нақты сыйымдылықта болады. Егер де оған тым жоғары кернеу түссе не кебу салдарынан сыйымдылығын жойса не электролит ағып кетсе, мұндай жағдайда конденсатор істен шығады.
Конденсатор өзінің сыйымдылығын қоректену блогы қалыпты түрде салқындамаса, яғни жоғары температура салдарынан да істен шығады.
Желдеткіштің олқылықтары
Процессор не қоректену блогының ішкі құрылысы болсын, оларды салқындату үшін желдеткіш және кулер қызмет атқарады. Егер желдеткіш зақымдалса әлде мүлдем айналмаса, жоғары температура болуына әкеп соқтырады.
Егер қоректену блогында желдеткіш жұмыс істемесе, компьютер қайтадан жүктеледі немесе тұрып қалады.
Дата добавления: 2014-12-22; просмотров: 2564;