Желдеткіштер
Компьютердегі желдеткіштің міндеті – әртүрлі құрылғыларды салқындату, жүйелік блоктан немесе қоректену жүйесінен ауаны айдау және шығару. Штаттық режимде жұмыс істей отырып, олар барлық жүйенің жалпы температуралық қалпын қамтамасыз етеді. Сондықтан әрбір желдеткіштің жұмыс істеуін қадағалау керек.
Желдеткіш «босаңқырай» бастағанда аз жиілікті шу немесе діріл пайда болады. Мұнда жүйеден шығатын шудың көп шығатындығы ғана айтылмайды, бірақ бірте-бірте температуралық режимнің бұзылуына және тіпті құрылғылардың істен шығуына әкеліп соғады. Әсіресе, бұл қоректену блогына, процессорға және бейнекартаға қатысы бар.
2.5-сурет.Желдеткіштер
Мұндай жағдайды болдырмас үшін, желдеткішке жүйелі тазарту жүргізу керек.
Желдеткіште ерте не кеш ақаулар пайда болады. Бұл құраушының істен шығуымен қатар басқада факторларға байланысты. Мысалы, компьютерді қате қоректендірумен немесе бөлменің қатты ластануымен байланысты, желдеткіш әртүрлі дыбыстар шығара бастайды немесе тоқтап қалады. Бұл өз кезегінде процессордың дұрыс жұмыс жасауына кері әсер етеді. Желдеткіштің дұрыс жұмыс жасамауынан компьютер «тұрып қалады».
Компьютерде орнатылған желдеткіштердің саны әртүрлі болуы мүмкін. Ең аз дегенде процессордағы және бейнекартадағы кулер, қоректену жүйесіндегі желдеткіш болу керек. Қораптың әртүрлі бөліктерінде орналастырылған қосымша желдеткіштер де қолданылуы мүмкін. Олар тек көлемімен, сымға қосылу тәсілімен немесе қоректену мөлшерімен ерекшеленеді.
Ережеге сай, компьютерде орнатылған желдеткіштер үлкен айналымды болып келеді. Айналудың үлкен жылдамдығы уақыт өте келе желдеткіштін майының кеуіп кетуіне әкеліп соғады, нәтижесінде дыбыстың жәй жиілігі пайда болып қана қоймай, сонымен қатар айналу жылдамдығы кемиді немесе желдеткіштің тұрақсыз айналуы басталады. Бұған қоса өзінің «қара қызметін» желдеткіштің ішіне кіріп кеткен шаң-тозаң жүзеге асырады.
Егер осындай жағдайға тап болсақ, желдеткішті шаңнан тазартып және оны арнайы маймен майлау керек.
2.6-сурет.Процессорға ілетін кулер
Ең бірінші іс-желдеткішті ағыту керек. Қай жерде орналасқанына қарай, ол әртүрлі тәсілмен ағытылуы мүмкін. Егер желдеткіш қоректену блогында, жүйелік тақшасында, жетектердің біреуінде тұрған болса, оны ағыту қиын емес. Ол үшін оны ұстап тұрған бұранданы бұрап алу керек.
Егер желдеткіш радиаторда орналасқан болса (процессор немесе графикалық процессорда), онда оны радиатордан шешіп алу керек. Ережеге сай, желдеткіш оған төрт кішкентай бұрандамен бекітіледі. Оны шешіп немесе ағытып алып, одан қоректену блогын сөндіруді ұмытпай желдеткішті алу керек.
Ескеретін жай, желдеткіш кулердің құрылымы мен қиындығына қарай басқалай да орналастырылуы мүмкін.
Желдеткіш қалақшасын шаңнан тазарту үшін спиртке малынып алынған мақталы таяқшаны қолдануға болады. Егер желдеткіш көптен бері тазартылмаған болса, онда оның үстіне шаң көп тұрып қалуы, тіпті қатқыл қабықша болып қатып қалуы мүмкін. Сондықтан оны кетіру үшін азғана күш салуға да болады.
Қалақшадағы шаңды ұяшықтан алмай-ақ тазарта аламыз. Бірақ, желдеткішті майлау үшін оны бәрібір алуға тура келеді.
Желдеткіштің ұяшығының төменгі жағында (кейде жоғарғы жағында), астында қатты механизм тұратын жабыстырма бар. Қалақша желдеткіштің ұяшығында тұруы үшін, оның темір табанының аяқталған жерінде сақина тәрізді тесік бар.
Оны ұяшыққа салғаннан кейін, осы тесікке қалақша ұстап тұратын пластикалық, кейде темір шайба кигізіледі.
Шайба қалақшаның тесігіне қатты кіріп тұратындықтан оны алу қиынға соғады. Жіңішке түйрегіші бар қысқышпен, қалың инемен түйреп, сосын қысқышпен іліп алуға болады. Осыдан кейін қалақшаны тартып алуға жол ашылады.
Спиртке малынып алынған мақталы таяқшаны алып ұяшықтың ішкі бөлігін сүрту керек. Қалақша арнайы тесікке орналастырылады және оны майлау керек. Майлау үшін белгілі бір жабысқақтығы бар арнайы май қолданылады.
Мұндай май жылуға төзімді болып келеді, ол желдеткішті орнықты ұстап тұрады және діріл пайда болуына жол бермейді. Уақыт өте келе, әрине, май өзінің қасиетін жоғалтады және тағы да шу пайда болады, бірақ бұл әдісті қайталауға болады.
Осылайша, майды қалақшаның белдігіне жағып, оны өз орнына қою керек. Осыдан кейін қалақшада май біркелкі таралу үшін бірнеше рет айналдыру қажет.
Нәтижесінде қалақшаның кигізілген жерінен айнала май шығуы мүмкін, оны сүртіп алу керек. Осыдан кейін тіреуіш шайбаны орналастырып, жапсырманы жапсырамыз.
Осымен желдеткішті тазалауды аяқтауға болады. Желдеткішті өз орнына орналастырып, қоректенуді қосқаннан кейін компьютерді қосып, жұмыс нәтижесін көруге болады.
Жүйелік блоктың әрбір желдеткішін тап осылайша тазартуға болады немесе жаңадан желдеткіш сатып алып (немесе кулер), ескісінің орнына орналастыруға болады.
Дата добавления: 2014-12-22; просмотров: 3973;