Жібек құртары және оларды алғашқы өңдеу.

Тұт яғни жібек талы көп жылдық екі домналы өсімдік. Ол жібек тектес (Moraceae) (Morus) тектестер жанұясына жатады. Ботаниктер 20 – ға тартар жібек түрлерін анықтанған. Оның ішінде ТМД елдерінде ақ жібек (Morus alba L) көп қолданылады. Бұл жібек түрінің бірнеше сорттары қолданылады.

Әркелкі де әр түрлі жібек иірімдерінің түрінің ішінде өндірістік мағынаға ие болатыны - тұт жібек иірімі. Сонымен қатар жабайы жібек иірімдері бар. Олар әр түрлі ағаштардың - емен, қайың және т.б. жапырағымен қоректенеді. Олар жібектің дөрекі түрін бергендіктен кең қолданысқа ие болмады. Жібектің негізгі отаны Жапония одан кейін Қытай, Ресей, ҚНДР, Индия, Бразилия. Ресей дүние жүзінде Жапония мен Қытайдан кейін жібек шығарудан 3-ші орында.

Жабайы типтегі тұт ағаш ретінде өседі. Оның мәдени түрлерін егудің екі түрі бар. Ол жоғары діңді және шоқ бұталы түрлері. Бірнші түрде тұт ағаштарын жалпы массивте егіп отырғызады ( 1 га – ға 600 – 800 ағаш) немесе жол бойына, алаңдардың шеттеріне, жер суаратын каналдар бойына көптеп егіледі.

Бір биік діңді ағаш жасына, (дің диаметрі), баптауына, жібектің сортына қарай 0,1 – ден 0,3 ц және одан да көп жапырақ береді. Бапталуы нашар және эксплуатациясы дұрыс емес болса, жапырақ өнімділігі төмендейді.

Шоқ бұталы ағаштар түріне биіктігі 0,5м аспайтын талдарды айтады. Бұл жағдайда 1га жерге 5 – 7 мың талдан егіледі. Биік діңді ағашты отырғызғаннан соң, 5 – 6 жылдан кейін ғана өнім алуға болады, бірақтан оның өнімділігі 30 – 40 жылға дейін созылады. Ал, шоқ бұталы ағаштар егілгеннен соң, 3 жылдан кейіннен ғана жапырақтарын қолдана беруге болады, бірақтан қолдану мерзімі шектеулі, осы мерзім өте келе, өнімділігі түседі. Олардың орташа өнімділігі 100 – 150 ц 1 гектардан құрайды. Жібек өндірісінде мол өнім, сапалы жібек құрттарын алу үшін жемдік қоры дұрыс ұйымдастырылуы қажет.

2.Жібектің даму деңгейлері түрлері, қасиеттері мен қолданылуы

Табиғи жібек талшығы – бұл жібек көбелек құртынан бөлінетін жұқа жіп. Жібектің ең көп тараған түрі тұт жібегі. Бұл тұт ағашының жапырағымен қоректенетін құрт емен ағашынан тоқылған жібек өте қатқыл болып келеді. Оны өнеркәсіпте жиі қолданады.

Жібек тоқу ТМД-да, Орта Азия елдерінде, сонымен қатар Кавказ, Молдавия елдерінде шоғырланған.

Жібектің пайда болу процестері бірнеше сатыдан тұрады. Тұт жібек көбелектері жұмыртқаны бөліп, бұдан құрттар шығады. Жұмыртқадан шыққаннан кейін олар белгілі өсу шегіне 28-36 күнде жетеді, одан кейін жібек құртының бұйралануы басталады.

Құрт 1000 метрге дейін жететін үздіксіз жіппен өзін орайды, оны белгілі бір тәртіп бойынша 40-45 қабатқа қояды. Жібек құртының пішіні сопақша, шар тәріздес және т.б. Түсі ақ, сарғыш және аққызыл болады.

Келесі процестер жібек құрты куколкаға, одан кейін көбелекке айналады. Көбелек сілті ерітіндісін бөліп, какон қабырғаларын жұмсартып, сыртқа шығады. Жыртылған какон үздікті жіпті тарқатып алуға жармсыз болады. Сондықтан куколканы ыстық бумен немесе сумен жібек құртының ішінен жансыздандырады.Жібек жібін тарқатып алу кезінде оларды алдын- ала булайды, содан кейін 6-8 куконның жіптерін қосады. Алынған жіптерді жібек шиті деп атайды.

Жібек талшығы ақуызды заттар болып табылады, оның құрамында 75% фиброин және 25% серицин бар. Жібек фиброина кератин жүніне қарағанда құрамында күкірт болмайды. Жібек ыстық және мұздай судың әсеріне өте төзімді болып келеді, ал күкірт және қышқылға жүн сияқты келеді.

Талшықты 1000С қыздырғанда өте берік және сыңғақ болады. Жібектің сапасы талшық тоникасының бірқалыптылығына, оның қаттылығына созылмалылығына, ақау болмауына қатысты болады.

Ақауы бар каконды механикалық жолмен қысқа талшықтарға бөліп тастайды.

 

Жібек өндіру – жібек құртының дамуы және оны қоректендіру.

Тұтпен қоректенетін жібек құрттары толық өзгеруі үшін төрт айналымнан (1 – сурет) өтеді. Бұл жібек құрттарының моно, би және жылына екі одан да көп ұрпақ беретін поливольтинді түрлері кездеседі. Ішінде көп дамығаны біріншісі.

Жәндіктің қоректенуі және өсуі, жібекті бөлуі құрт кезінде іске асырылады. Бұл күйде жәндік 4 – 6 аптадай уақыт ғана болады. қуыршаққа айналу мерзімі екі аптадай өтіп, одан соң көбелекке айналады. Жәндіктер тек қана осы кезде 1 – 2 аптада ғана көбейеді. Ұрғашы – көбелек 400 – 600 жұмыртқалайды, олардың жалпы массасы 0,5 г – ды құрайды. Жұмыртқалардың формасы сопақ, ұзындығы 1,5 мм болады. жұмыртқалар пайда болғаннан соң, бірнеше сағатта ішінде жәндік дами бастайды. Моновольтинді породаларда бұл процесс 2 – 3 күнге ғана созылып, келесі көктемге дейін тоқтайды. Көктемде 12 күндей созылып, жұмыртқадан құрт пайда болады.

 

 

 

Жәндіктің дамуындағы тоқтаулары, үзілістері диапауза деп аталады. Бұл уақыт тыныштықта жасушалардың бөлінуі тоқтап, минимальды ауамен дем алу болып табылады. Диапауза орташа 8,5 айға созылады. Температура жоғарылаған жағдайда құрт дами бастайды. Сондықтан тұт жапырақтары шықпай тұрып, құрттардың шығып кетпес үшін, оларды төмен температурада сақтайды.

 

 

1 – сурет

 

Жапырақтардың пайда болатын уақыты жақындағанда, құрттарды тірілтеді (инкубация). Ол үшін оларды бөлмедегі температураны біртіндеп көтеріп + 24 0 дейін жеткізеді. Тірілту екі аптаға созылады. Жапырақ көп жерлерде, қосымша (жазғы және күзгі) қоректендіру жүреді. Ол үшін жаңадан жібек құрттарына тұз қышқылының қолданады. Ол дипауза қысқартып, тез оянуына септігін тигізеді. Құрттардың шығуы орташа 3 – 4 күнге созылады. Жұмыртқаның 95% - нан құрттар шығады.

Тұт жібек құрты өзінің дамуында бес кезеңнен өтеді. Алдынғы төрт кезеңнің даму уақыты 3 – 6 күн, ал соңғы бесінші кезең 7 – 12 күнге созылады. әрбір линька 1 – 1,5 күнге созылады.

Тұт жібек құртының салмағы және дене өлшемдері тез үлкейеді. Құрттың жұмыртқадан шыққандағы ұзындығы 2 – 3 мм болады, ал соңына қарай 70 – 90 мм – ді құрайды. Ал, терісі 30 % хитиннен тұратынына қарамастан, аз созылады және қатты болып келеді. Сондықтан жәндік оқтын – оқтын үстіңгі қабығын тастап, астынан жаңа үлкен өлшемді тері қабаты пайда болады.

Қоректендеру орташа 5 – 6 аптаға созылады. Жібек құртынының денесінің температурасы тұрақты болмайды, ол қоршаған ортаның температурасына байланысты болады. температура төмендесе, құрт өмір сүру дәрежесі төмендейді, ал бірден суып кетсе, өлуі де мүмкін. Сондықтан қоректендіруді жабық және жылытылатын бөлмелерде орныдаған жөн.

Бастапқы екі даму сатысында жібек құрттары кесілген жапырақтармен, үшіншіде бүтіннін, ал соңғы даму сатысында бұтақ жапырақтарымен бірге бере береді. Бірінші даму сатысындағы бір қорапқа кететін азық мөлшері 5 – 6 кг, ал бесінші сатыда – 700 – 750 құрайды. Бір қорапты толық қоректендіру үшін 900 – 1000 кг жапырақ кетеді. Бір тәулікте 8 – 10 азықтандырады.

Маңызды жағдайлардың бірі болып қоректендіру бөлмесінің дизенфекциялық жұмыстарын және пайдалы тағамды қолдану болып табылады. Жібек құрттары бірнеше ауруларға ұшырайды, оның ішінде пебрине, ол құртқа микроп жұғып, нәтижесінде ол қайтыс болуы мүмкін.

Жібек құрттарының өзгеше мүшелері бар. Ол жібек жіптерін бөлгіш жасушалар (сурет-2). Ол қос трубкалы орган, оның көлемі құрт денесінің біраз көлемін алады.


Құрт денесінде ақуыздық алмасу жүреді. Ас қорытатын сок ферменттері әсерімен жапырақ ақуыздары майда полипептиттер қатарына және амина қышқылдар бөлінеді. Соңғысы қан құрамына кіреді. Жапырақтағы ақуыздар фиброин және серициннан өзгеше келеді. Ақуыздық

2 – сурет

алмасу аминқышқылдарының басқаларына айналу процесінде жүреді.

Жібек құртының жіп шығаруының орташа жылдамдығы М.И.Слонимнің зерттеуі бойынша 5 – 7 мм/с құрайды. Жібек бөліну көптеген сағаттарға (50 сағ.одан да көп) созылғандықтан, фиброинды массаны бірқалыпты жылдамдықпен және қысымда шығару үшін, жібек құрты жіп шығару саңылауын тарылтады деп қабылдасақ та болады. Жібек құртының жіпті жинауы, оны коконның бұталарына орап, орман (3 – сурет) құрады. Жібек құртының коконының қабығын жіптерді сегіздік түрде (4, а – сурет) ал кейбір кезде U тәрізді тігіледі. Сегіздік ілмектің ұзындығы 2 – 4мм. 15 – 25 сегіздік өрмекті пакетті (4, б – сурет) толтырып, келесі пакетке көшеді. Сөйтіп, көші жүріп, коконның бірінші қабатын түзеді. Коконды жіптер қатып қалмаған сецина жіптердің бір – біріне жабысуын қамтамасыз етеді. Одан соң келесі қабат түседі.

Гренажды зауыттарда көбелектерді мұқият бақылайды, грендердің өнімділігі: грендердің бастырғаннан кейін, өлген көбелектерді микроскоппен зерттейді. Көбелектердің грендердің пебриндерінде бактерия байқалған болса, оларды өртейді. Бір ғасыр бұрын француздың белгілі бактериологы ұсынған бұл әдіс әлі күнге дейін қолданылып, дені сау ұрпақ алуға мүмкіндік береді. Гренажды зауыттардан алынған грендерді төмен температурада греноқоймаларда сақтайды.


Әрбір қораптан алынатын грен орташа 60 кг алынады; үздік жібек

3,4 – сурет

құрттарының өнімділігі 80 – 100 кг – ды құрайды.

Соңғы жылдары негізінен таза тұқымды жібек құрттарын емес гибридтерін өндіреді, өйткені олар арқылы негізгі ұрпақтың жақсы қуалаушылық қасиеттері жоғары болады. Жай және күрделі гибрид түрлері қолданылады. Оларды алдыңғы екі тұқымды біріктіріп, тетрагибрид (5 – сурет) деп атаймыз.

5 – сурет

 

Даму стадиясы. Тұттық жібекөрім 4 негізгі стадиялардан өтеді; грена ( жұмыртқа), қуыршақ және көбелек

 

6-сурет. Коконның пайда болуы.

а) көбелек: 1-ұрғаша 2-еркек., б) құрттың дамуы, в) каконды орайтын құрт

г) какон қуыршағымен , д) каконның әртүрлі пішіндері.

 

1-ші стадиясы. Жұмыртқаны алу және сақтау.

Жазда тұттық көбелек жұмыртқа салады. Осы салынған жұмыртқаны арнайы бөлмеде +2... +4С температурада, 65-70 пайыз ылғалдықта келесі жылдың көктеміне шейін сақтайды. Осы жұмыртқаны дайындау мен сақтау қызметімен арнайы механикаландырылған кәсіпорындарда өткізеді. Олар суперэлиталық және элиталық - жібектстанциялары, өндірістік – гренаждық зауыттарда. Таза жұмыртқаны өзінің түрлерімен гибридтеріне қарай бөлек өндіреді де, ал құрттағанын өлтіреді немесе жандырады.

2-ші стадиясы. Жұмыртқаның тірілуі және гусеницаны өсіріп-баптау. Тірілту жұмыстарын инкубатор деп аталатын арнайы техникаландырған, жылы, желдетілген жақсы бөлмелерде өткізеді. Инкубация мерзімі 20 күндей, ал әсіресе температураға байланысты. Жібекқұртының дамуына қарай темтератураны көбейтеді.

Инкубациялау үшін жұмыртқаны қағазға немесе арнайы рамкаға себеді. Бастапқы температурасы 10-14 0С, кейін оны 0,5-1 0С-ға дейін көтере отырып 22-24 0С температураға жеткізеді, бұл 65-70 пайызға ауа ылғалданады. Инкубация мерзімі 18 күнге созылады. Осы аралығында 95-98 пайыз жұмыртқа тіріледі. Жақсы жағдайда гусеницаның шығуы 2-4 күнге созылады.

Жібек құртының алғашқы үш жасын арнайы жібек құртын асырайтын орында, яғни құртханаға қоректендіреді. Ал 4-5 жастағы жібекқұрттарын полиэтиленмен жабылған құртханаларда қоректендіреді. Бұл қоректендіру процесінің ұзақтығы температураға байланысты. Себебі температура жоғары болған сайын, қоректендіру процесі ұзақ бола береді. Гусеница өзінің дамуы кезінде 4 рет терісін тастайды. Бұл терісін тастау процесі түлеу деп аталады, ал осы түлеудің аралығын гусеницаның жасы деп аталады. Гусеница күні- түні қоректенеді, соның арқасында ол личинкаға өту барысында 10-12 мың есе ауыр болады. Қуыршаққа айналу барысында ол 3-5 г болады. Бұл уақытқа дейін гусеницаның дамуы бітеді. Сосын оның ұзындығы 8 см және қалындығы 1 см болады, гусеницаның түсі біркелкі ақ, ал кейде ақ, бархатты да болып келеді.

3-ші стадиясы. Қуыршаққа айналуы. Гусеница 5 жасқа ие. Жасының соңында гусеница қоректенуін тоқтатады да, жібекқұртының бұйралануына орын іздей бастайды. Әр гусеница өзіннен жібек бөлетін темірге ие. Әр темірдің фибрадан жасалған бөлігі бар.

Жібек бөлетін темір жібекке толтырылады. Ол өзінің кезегінде фиброиннен және серицинамен. Гусеницаның денесі ақшылдайды, жібек бөлетін тесіктен үнемі жібек бөлініп тұрады. Қойылған коконниктерге гусеница жібекқұртын иіреді. Коконниктің орнына тікені жоқ жұмсақ өсімдікті қолданады, сонымен қатар қағазды да, полиэтилен пленкасын да қолдануға болады.

4-ші стадия. Қуыршақтың көбелекке айналуы. Жібекқұртының қуыршақ кезі 2-3 аптаға созылады. Сонымен қуыршақ көбелекке айналады. Көбелек өзінен сілтілі сұйықтықты коконның ішкі қабығына бөледі. Осының әсерінен жібек жұмсарады, ал жіптері ажыратылады да сыртқа шығады. Көбелектер шағылысады да, әр ұрғашысы орташа 400-800 жұмыртқа салады. Көбелек 2 аптадай өмір сүреді. Сонымен тұт жібек өрімінің кезеңі бітеді.

Қорек. Тұт жібек өрімінің негізгі қорегі тұт ағашының жапырағы болып табылады. Бір қорап гренаға (29 грамм) 1000-1200 кг жапырақ кетеді.

Тұт ағашы ұзақ сүргіш және тез өсетін ағаштар қатарына жатады. Тұт ағашының 5 түрі бар: ақ түсті, көпсабақты, жібекөрімді, кагаяма және қара. Тұт ағашының отаны – Жапония, ал жібекөрімді тұттың – Жапония, Қытай. Сонымен қатар ТМД елдерінің ішінде тұт ағашы Орталық Азияда, Солтүстік Кавказда, Заковказьеде, Украинада, Молдавияда және оңтүстік Рессйде. Тұт ағашының негізгі сорттарына Өзбекстандық, Тәжіктік, қысқа төсімді, Иверия, Пионер, Украмн-475 және т.б.

 

 

Кокондар, олардың тұрғызылуы және негізгі белгілері.

Тұт жібек өрімінің тұқымы мен гибридіне қарай жібекқұрттың әр түрлі пішіндері, өлшемдері, түстері, ақаулары және басқа да белгілері болады. Барлық белгілер сыртқы түріне, салмағына және құрамына қарай бөлінеді. Коконның сыртқы белгілеріне қалындығы, пішіні, көлемі, беті, дәнділігі, түсі және ақауы жатады.

Өлшемдері. Жібекқұрттың өлшемі оның ұзындығымен қалындығымен анықталады және ол жібек өрімінің тұқымына, қоректену жағдайына және иіріміне байланысты. Жібекқұрттың ұзындығы 16-46 мм, ал қалындығы 12-24 мм аралығында болады.

Пішіні. Әр жібекөрімінің гусеницасы өзінің породасына қарай әр түрлі пішіндегі жібекқұрттар өреді. Жібекқұртының пішіндері: сфералық, сопақ, цилиндірлік, конустық болып келеді.

Көлемі. Жібекөрімінің тұқымына байланысты жіюекқұрттың көлемі, соның ішінде еркегінікі- 5-10,8 см3 куп , ал ұрғашысыныкі –5,5-12,4см3 . Төмен сапалы жұмыртқа, агрозоотехникалық талаптың гусеницаның қоректендіру рпоцесінде және жібекқұрттың иірімі кезінде , оның яғни жібекқұрттың пішінінің, өлшемінің және көлемінің тегіс болмауына әкеледі. Нәтижесінде жібектің иірілуі қиынға түседі және жібектің сапасы төмен болады.

Түйіршіктілігі. Түйіршіктік адырлардың санымен анықталады. Жібек өрімінің тұқымына қарай адырының саны 50-150-ге дейін жетеді. Түйіршіктілік негізінен жіптің бөлінуінен пайда болады.

Түсі. Жібекқұрттың бірнеше түстері бар. Олар: таза аппақ ақ, кремдік, қызылдау, ақшыл қызыл. Ақ түсі - фиброиннің өзінің түсі. Ал басқа түстері жібекқұртқа бояғыш зат білдіреді. Түрлі-түсті жібекқұрттар түлі-түсті жібек береді. Осындай жібектен жасалған мата көзге көрінетін тарғылдықты береді.

Ақаулығы. Жібекқұрттың жақсы ақаулысы және нашар ақаулысы бар. Жақсы ақаулы жібекқұрттар түсімен пішінге ие. Мұндай жібекқұрттардың ішінде формаланған қуыршақ болады. Дефектілі жібек құрттар мынандай белгілерге ие; ол өзінің породасына және гибридіне сәйкес келмейді, яғни формасына, тазалығына, бүтіндігіне, қабығының құрылысына қарай. Дефектілі жібекқұрттарға дұрыс емес формалы , жіңішке қабықты , тесікті, атластылы, алалы жібекқұрттары жатады.

Жібекқұрттының массасы. Бұл масса қабықтың массасынан, қуыршақтан және личинканың терісінен тұрады. Массасы тірі, жетілмеген, жетілген, ылғалды, дымқыл, жартылай дымқыл, құрғақ болып бөлінеді. Жібекқұрттының массасы оның яғни өрімінен кейін 9 күннен кейінгі массасы –ол таза масса- 1,2-3г құрайды. Мұндай масса жібекөрімнің қорегіне, породасына және топтарына байланысты.

Қабығынның массасы. Жібекқұрттың тірі, жартылай құрғақ, құрғақ кезіндегі массасы оның қабығының бірдей массасын құрайды. Олқоршаған ортаның температурасына және ылғалдылығына байланысты. Сонымен қатар қабықтың массасына жібекөрімінің породасы, қорегі, өлшемі, қалындығы, қаттылығы және жібекқұрттың массасы әсер етеді. Қабықтың массасы ортамен алғанда 300-500 грамм.

Қабықтың құрамы өзіне мынандай белгілерімен анықталады; жібектігі, оралымы.

Жібектігі. Бұл белгі жібекқұрттың қабығында қаншалықты жібектің бар екендігі көрсетеді. Жібектілік мына формуламен анықталады.

Ш = М0к * 100

Мұндағы М0, Мк – қабықпен жібекқұрттының массасы. Тірі жібекқұрттың жібектілігі 14-16 пайызды құрайды.

Оралымдылығы. Яғни жібекқұрттың аз шығыммен, аз жартылуымен және жібтердің біркелкі оралуын айтамыз. Оралымдық мына формуламен анықталады; R= Мм \ М0 . 100.

Мұндағы Мм, М0 – шикі жібек пен қабықтың массасы, г . Жібекөрімнің породасына байланысты. Оралым 65-85 пайызды құрайды.

Шикі жібектің шығуы. Жібекқұрттың экономикалық байлығы шикі жібектің көптілігімен анықталады. Шикі жібектің шығарылу формасы;

В= Мш\ Мк . 100.

Мұндағы Мм,Мк- шикі жібектің және оралымының массасы.

 

Жібек құртары және оларды алғашқы өңдеу.

Қоректенген жібек құрттарын дайындау орындарына қатты ыдыстарда тасымалдайды. Бұл құрттардың 15 – 20 % - ын жібекті қабат құрайды, ал 80 – 85 % қуыршақ құрайды. Ал, жалпы массаның 65 – 70 % - ын су құрайды. Ол негізінен қуырщақта болады. сондықтан оны ылғалды деп атайды. Қуыршақ тірі болғандықтан, олар тірі деп атайды. Оларды партиямен қабылдайды. Үлгіні жалпы массаның 10% аламыз. Өткізілетін жібек сұрыптық қоспа, сұрыптық емес және қара дақты (қарапашақты) болып сұрыпталуы керек. Сұрыптық қоспа негізінен терілген, I,II,III сұрыптарға бөледі. Терілген жібектерге қабығы зақымдалмағандары қолданады. Ал, бірінші сорт үшін, майда зақымдар (5 мм аспайтын) бола береді. Ал, II сорттар үшін, 10 мм – ден аспайтын зақымданулар. III сорттар үшін 15 мм – лік зақыдар және түр сипатының кейбір дефектілері де кездеседі.

Зақымдарды үш топқа бөлуге болады. Тесіктер ( қуыршақтың тесіп шығуы және зақымдар) қабыршағының дұрыс қалыптаспауы және дақтары бар. Соңғысы ауру құрттармен толтырылған. Оларды жеке алған жөн. Өйткені, олар басқа қуыршақтарды былғайды. Дақтар орауды қиындатады және жіптердің сапасын әлсіретеді.

Сұрыптық қоспаларды сұрыптытайды да, жібек орайтын фабрикаларға алғашқы өңдеуден кейін түседі.

Мақта шикізатын және текстиль шикізаттарын алғашқы өңдеуге қарағанда жібектің алғашқы өңдеуін, орталықтандырылған арнайы зауыттарда емес, алғашқы өңдеуді сол дайындау пунктерінде және базаларында іске асырылады.

Алғашқы өңдеудің екі негізгі мақсаты болып жібекті шығарып алу және оларды кептіру. Бұл процестерді қолданылатын жодарына қарай бірге немесе жеке – жеке өтуі мүмкін. Кептіруді Ивановский кептіру құрылғыларын шығаратын зауыттан шығатын СК – 150 К маркілі жібек кептіргішінде жүргізеді. Оның өнімділігі 4 – 5т күніне. Басқа да кептіргіштер қолданылады. Мысалы, Симплекс жәшік типті кептіру машиналары. әр түрлі жібек кептіргіштері көп түрлері Жапонияда шығарылып, олардың біразы отандық өндірістерде қолдануда.

Әлі де жібекті қаныққан бу әдісі қолданылады. Бұл әдіс ескі, бірақтан арзан және қарапайым болып табылады.

Кірпішпен немесе бетонмен салынатын, есігі тығыз жабылатын, камералы көлемі үлкен емес кептіргіштен қолданады. Камера еденіне суға тола ашық ошақ орналасқан, астынан отты жағып қоямыз. Камераға шикізатқа толы жібектер, торлы жәшіктері бар вагенетка жылжиды. Камераны температурасы 70 – 80 0С жетет3н қаныққан буға толықтырамыз. Нәтижесінде камерада 15 – 20 минут болған жібек аршылып, босаңсып шығады.

Бумен өңдеуден басқа әдістерді қолдану ұсынылған. Мысалы, жоғары жиілікті тоқпен (15 МГц) өңдеу, вакуумды (герметизация), уландырушы газдар, гамма сәулелер (3*105Р) және басқалары. Бірақтан, экономикалық тиімсіздігі, қолдану қиындығы және бастысы сақтау үшін өңдеуден кейін кептіру осыларды әрқайсысын қолдануды тиімсіз етеді.

 

Бақылау сұрақтары.

1. Жібектің даму стадиялары қалай жүреді?

2. Жібек талшығының алғашқы отаны?

3. Кокондар, олардың тұрғызылуы және негізгі белгілері.

 

 

Әдебиеттер

1. Текстильное материаловедение. Г.Н.Кукин., и др. –М., 1985г.

2. Натуральная шерсть, ее классировка и сортировка. –М., Легкая индустрия, 1978г.

Общая технология шелка. М.Б.Дядюра. –М.: 1980г

 

Лекция 11,12








Дата добавления: 2017-11-04; просмотров: 4779;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.043 сек.