Зығырды егу, жинау және бастыру

Алғашқы дайындық.Зығырды өсіруге арналған жақсы ұрық болып орташа және жеңіл майда құрлысты суглинкалар табылады, олар ылғалды өзіне сіңіреді және ауаны жақсы өткізеді. Құмды жер суды жақсы өткізеді, топырақты жерде жаңбырдан кейін қабат түзіледі, ол ауа өткізбей зығырдың өсуіне әсер тигізеді. Зығырды егуден бұрын жерді дайындау керек. Күзде жердің ылғалдылығын арттырады, қоқым-қоқыстан тазартады. Жердің жақсы ылғалдылық сақтау қабілеттілігін арттыру үшін екі немесе үшретті қопсыту процесін жүргізеді.

Зығырды температура 7-8 кезінде ерте бастан егеді, яғни ылғалдылық көп кезде. Ерте егілген зығыр өсімдігі қысқы суыққа шыдайды ( -3,5...-4 температураға дейін ), ауруға және шыбын-шіркей және жәндіктерге төзімді болады.Нәтижесінде егіс көлемі артады және зығыр өсімдігінің сапасы жоғарлайды. Егісті күзгі жаңбырлы мерзімге қалдырмай оны ерте бастан жинап алады. Зығырды арасы 75 мм болатын ұзын қатарларға егеді. Ұрықтың отырғызылу тереңдігі 20-30 мм. Егіспен бірге минералды заттарды да қосады.

Зығырды егу нормасын сорттың биологиялық ерекшеліктерін, ұрық сапасын және топырақты-климаттық жайттарды есепке алып белгілейді. Егудің кішкене нормасыда қалың сабақтар нашар талшығымен және көп ұрығымен өседі. Сондықтан тұқымдық учаскілерде кесілген егіндерді пайдаланады. өсімдіктің жатып қалуын болдырмау үшінегіннің қоюлануынан қашады.

Даму шарттары. Зығыр көк, көкшіл түс болып өседі, оның бес гүл жапырағы бар. Ұрық қорапшасы домалақ және 10 ұрыққа дейін болады. Зығырдың дамуын 5 фазаға бөлеміз: шығуы-шырша- бутондалу-гүлдеу-пісуі.

Ауа райына байланысты зығырды егіп болғаннан кейін ол 10-15 күн өткен соң шығады. Бұл периодта өсімдікте жеті бөлік жапырағы болады және олардың арасында кішкентай бүйрекшелер болады, солардың арқасында өсімдік дамиды.

Шырша фазасында зығыр 5-10 см-ге жетіп қалады және 5-6 жұп жапырағы болады. Осы уақыттың ішінде тамыр жүйесінің дамуы тез өтеді және сабағы баяу өседі. Зығыр өсімдігінің өсуі осы фазадан кейін бутондалу фазасында тез дамиды және бұл фаза 15-ф

20 күн созылады.Бұл периодтың ішінде зығырдың биіктігі 30-50 мм-ге жетеді. Ал 55-60 күннен кейін зығыр гүлдейді. Гүлдену фазасында зығыр өсімдігінің биіктігінің өсуі баяулайды, ал гүлдеу тоқтаған кезде өсуде тоқтайды.

Пісу фазасында сабақтың тез дамуымен ұрықтың қалыптасуы іске асады. Толық пісу 20-30 күннен кейін болады. Ұрықтың пісуінің басы мен соңының периоды вегетациялық деп аталады. Ұзақ сүретін зығырдың вегетациялық мерзімі 75-90 күн. Ол оның селекциялық сортымен ауарайына байланысты.

Қоректендіру заттары.Өсімдікті қосымша қоректендіру үшін жерге азот, калий және фосфор қосады.

Азотты бутонизациялану фазасына дейін «шырша» фазасында өсімдік ұлпаларының түзілуі үшін, яғни 60-70 мм биіктікке жеткен кезде қосу керек. Сондықтан да азотпен қосымша қоректендіру бутондалғанға дейін біту керек. Азоттың жетіспеуі зығыр егісіне әсерін тигізеді, ал азоттың артылуы сабақтың талшық емес жасушаның көбеуіне, талшық сапасының нашарлауына және зығырының өспей қалуына әкеп соғады.

Калий талшығының сапасына, егіске және ұрықтың қалыптасуына әсерін тигізеді. Калийді көп жағдайда күзде шығу кезінде және аз мөлшерде бутонизациялаудан бұрын және азот артық мөлшерде болған кезде оған қарама-қарсы қоспа ретінде енгізеді.

Фосфор өсімдіктің толық пісу мерзіміне қажет және әсіресе бірінші фазада фосфорды шығу кезінде қосады. Фосфор зығырдың тез пісуіне, талшық пен ұрықтың қалыптасуына, егістің көбейуіне және сапасының жоғарлануына септігін тигізеді. Фосфордың жетіспеуі зығыр өсімдігінің өсуін біраз уақытқа дейін тоқтатады.

Зығырды өндіруде қазіргі кездегі агрономияның талаптарын қатар сақтау, жоғары өнім алумен талшықтың жақсы иірілу қасиеттерін қамтамасыз етеді.

Егіске қарау.Өсімдіктің пісуіне дейін сақталуы үшін егіске жақсылап қарау керек: яғни, қатты қабаттың түзілуі, ылғалдың жоғалмауына, өсімдікті қосымша заттармен қоректендіру, қоқым-қоқыстардан тазарту.

Жер ашылған кезде оның бетінде қатты қабат пайда болады. Ол өсімдіктің өсуіне әсер тигізеді. Сондықтан оның бетіне 10-15 мм майдаланған торф себеді.

Қоқым-қоқыстардан тазарту үлкен орын алады. Зығырдың кең таралған қоқыс түрі: плевел, хвощ егістік, будяк, лебеда, торица, плюшка. Әсіресе зығырлы повилик өте қауіпті болып табылады, ол тамыры болмаса да зығыр өсімдігіне оралып, соның арқасында өсіп дамиды. Қоқым-қоқыстарды 2-3 рет қолмен тазалайды, оған өте көп күш пен уақыт қажет. Қазіргі кезде гербицидтермен химиялық өңдеу қолданылады. Бұл зығырдың сабағына әсер тигізбей қоқыстан тазалауға мүмкіндік береді. Гербицидтермен өңдеуді өсімдіктің биіктігі 40-150 мм-ге жеткенде жүргізіледі.

Егістің көлеміне және зығырдың сапасына зианкестер мен аурулар әсер етеді. Зығырдың зианкестеріне зығыр шіркейі, зығыр трипсі, ұзақаяқ зианкесі, плодожорка-листовертка зығырлы, совка- гамма, мотилек және т.б.жатады. Химиялық қосылыстың арқасында

зияанкестерді жояды. Зығырдың ауруына антрикноз, фузариоз, тотбасу, полиспороз, бактериоз, аскохимоз және т.б. жатады. Бұл аурудан алдын-алудың және оларды емдеудің көптеген әдістері бар: ұрықтарды уландыру, жерге калийдің көп мөлшерін қосу, егін шаруашылығының мәдениетін арттыру, зығырдың ауруға тұрақты сорттарын қолдану, жақсылап тазалау және химиялық препараттарды қолдану.

Егісті жинау. Ұзақ сүретін зығырды ұзын, иілгіш, талшықпен ұрықты тарату кезінде жақсы жаншылатын өсімдікті алу үшін өсіреді.

Егістің жойылып кетуінен және жоғары иіруге қабілеттілігі бар талшықты алу үшін, оны сабағы сапалы талшық болғанда, ал қорапшалары май алуға болатын ұрық бергенде жинайды. Бұл зығырдың пісуіне қарай 4- ке бөлінеді: жасыл, ерте сары, кеш сары, толық.

Жасыл пісушілік гүлдеуден кейін 1 апта өткен соң пайда болады. Сабағы мен ұрық қорапшалары жасыл түске ие. Талшығы жіңішке, жұмсақ, жібектей, бірақ мықтылығы төмендеу болады. Одан жіңішке иірім жіп алады. Талшықтың шығуы аз ғана. Ұрығы толық піспеген, ақ, жұмсақ, әлі май алуға дайын емес.

Ерте сары пісушілік гүлденуден кейін 2-3 апта өткен соң пайда болады. Сабағы ашық сары түске ие. Сабақтың төменгі бөлігіндегі жапырағы түсе бастағанда, ұрық қорапшасының үстіңгі бөлігі пісе бастайды, ал ұрығы сарығыштала бастайды. Талшығы өте мықты, иілгіш, жібектей, ауыр, майлы.

Кеш пісушілік сары гүлденуден кейін 3-4 апта өткен соң басталады. Сабақтарының үстіңгі бөлігінде жапырақтары солады, ал төмендегілері түседі. Қорапшалары ашық қоңыр түске ие, ұрығы піседі және қоңыр түске боялады. Талшығы берік, дөрекі.

Толық пісушілік 4,5-5 апта өткен соң болады. Жапырақтары толық түсіп, қорапшалары бірегей түске айналады, ал ұрықтары қоңыр, жылтыр, қатты болады.Талшығы толық піседі және дөрекі, қатты болады.

Сонымен, жоғары сапалы талшық алу үшін егін және жинақтауды ерте сары піскен кезде бастау керекте, ал тұқым алу үшін- кеш сары піскен кезде жүргізеді.

Зығырды тамырымен жұлып жинайды. Қолмен тамырмен жұлу-қиын және бейнеті көп жұмыс, 1га жерден өнім жинау үшін 12-15 адам-күн жұмсалады. Қазіргі кезде зығыр жұлушы машиналар мен зығыр комбайндарының көмегімен механикаландырылған түрде жинау жүргізіледі.

Көбінесе комбайнмен жинау пайдаланылып, жинау жұмыстарында еңбек өнімділігі көтеріледі. Сонымен бірге, комбайндарды пайдалану жинауды екі вариянтпен жүргізуге мүмкіндік береді: зығыр сабанын жай және оны мая етіп жинайды.

Зығыр өсірілген сол егістіктерде росяной мочка әдісімен тресті әзірлегенде ЛК-4Т комбайнын пайдаланады. Зығырды тамырымен жұлатын ТЛН-15 комбайны, зығырды тамырымен жұлуға, тұқымды бастарын тарауға және сабақтарын тресті алуға жай немесе зығыр сабанын маяға жинап зығыр зауытына өткізуге әзірлейді.

Ұрығы жоқ сабақтар зығыр сабаны немесе сабан деп аталады. Алынған үйіндіні (ұрық қабықтары, жапырақтар, сабақтар) кептіру пунктіне жібереді. Кептіріп болған соң үйіндіні тазалайды, ал ұрықтарды тазалау машиналарында алғашқы тазалаудан өткізеді.

Мая түріне зығыр сабандарын алу үшін, трестаны зауыт жағдайында әзірлегенде немесе зығыр шаруашылығында алғанда ЛКВ-4Т тоқу аппараты бар комбайынын пайдаланады.

Жоғары өнім алғанда сабақ желілерін ОСН-1 орауыштармен орайды. Зығыр трестасын көтерумен тоқу үшін ПТН-1 қолданады.

Зығыр өнімін жинаудан комплекстік механизацияны ендіру еңбек шығыны төмен түсіреді, зығыр өңдеу агротехникасын жақсартады.








Дата добавления: 2017-11-04; просмотров: 1736;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.