Галактикалардың түрлері және олардың құрылысы

Біздің Галактикадан /Құс жолы/ тыс орналасқан көптеген жұлдыздық жүйелер – галактикалар бар екендігі астрономиялық зерттеулердің негізінде анықталып отыр. Олардың құрамына енетін жұлдыздардың саны да, біздің Галактикадағы жұлдыздар санынан кем түспейді /100-деген миллиард шамасында/. Сондықтан галактикалардың құрылысы мен олардың кеңістік бойынша үлесуін зерттеу мәселесінің Әлемнің барлық бөліктерінің эволюциялық даму заңдылығын меңгеруде, білуде шешуші роль атқаратындығы бізге күмән келтірмейтіндігі белгілі.

Қазіргі үлкен телескоптармен бақыланатын галактикалардың, саны миллиардтан саналады. Бірақ, олардың азғана бөлігіне статистикалық талдау жасалып каталогке ендірілді. Бұл тұрғыдан біз толық 4 томдық Б.А.Воронцов-Вельяминовтың басшылығымен жасалған «Галактикалардың морфологиялық каталогін» атап етуімізге болады. Бұл каталогте жұлдыздық шамасы 10m,1-нен жарық болатын 30000 галактикалар туралы мағлұматтар келтірілген.

Галактикалардың сыртқы көрінісі сан алуан болғанымен, оларды бірнеше негізгі түрлерге біріктіруге болады.

Галактикаларды сыртқы көрінісі бойынша алғаш классқа бөлуді 1925 жылы АҚШ оқымыстысы Э.Хаббл ұсынады. Ол ұсыныс бойынша галактикалар төрт түрге бөлінеді: эллиптикалық /элиписті/ /Е/, спиральді /S/, линза тәрізді (SO) және дұрыс емес галактикалар.

2-сурет. Эллиптикалық галактикалар
Эллиптикалық галактикалар /Е/ айқын шекаралығы жоқ эллипсоид немесе доңгелек /шар/ формада болады. Бұл топтағы галактикалар көрінерлік сығылу

шамасына тәуелді Е0-ден Е7-ге дейін 8 қосымша типке бөлінеді (2 сурет).

, мұндағы және галактиканың үлкен және кіші жарты өстері.

Олардың жарықтылығы шеттерінен центрге қарай біркелкі артып отырады да, ішкі құрылысы болмайды.

Спиральді галактикалар / S/ – ең көп кездесетін және құрлысы жағынан ядромен бірнеше тармақтардан түратын объектілер болады (1 сурет). Бұған біздің Галактикамен бізге ең жақын орналасқан Андромеда тұмандығы да жатады.

1-сурет. Спиральды галактика
Спиральдар екі типті түрге бөлінеді. Олардың біреуінде /біздің Галактикаға Ұқсас болатындық-тарында /спиральды тармақтар тікелей галактиканың орталығынан шығып жатады. Мұндай спиральды SA әріп-

терімен белгілеу қабылданған. Ал екіншілерінде тармақтар галактика-

ның ішкі денесінен шығады да екі спираль тармақтар бір бірімен ортақ дене арқылы қосылғандай болып көрінеді. Сондықтан оларды қыйылысқан спиральдар деп атап SВ символымен белгілейді.

Спиральды галактикаларды өзінің спиральды құрылысының даму дәрежесіне қарай ажыратып классқа бөлген кезде S таңбасына а,в,с,d, әріптері қосылып жазылады. Мысалы, Sа жүйесі жақсы қалыптасқан тарамдардан тұратын спиральды галактиканы сипаттайды. Сөйтіп неғұрлым спиральды құрылыстың дамуы кұштірек болса, солғұрлым галактиканың орталық тығыздалған аймағының мөлшері аз бола береді. Галактикалардың спиральды тармақтары негізінен жұлдыздар пайда болатын аймақтар болып саналады.

Эллиптикалық және спиральды галактиклардың аралығында линза тәріздес /SO/ галактикалар жатады. Мұндай галактикалардың белгілі құрылысы болмайды, бірақ, олардың жарықтылығы линза тәріздес ядроның центрінен шетінде қарай сатылы түре өзгеріп отырады (3 сурет).

Дұрыс емес галактикаларға айқын ядролары жоқ және айналыс симметриясы анықталмаған жүйелер жатады. Бұған мысал ретінде І символымен белгіленетін бірге ең жақын түстік жарты шарда орналасқан Үлкен Магеллан бұлтын /ҮМБ/ және Кішкі Магеллан бұлтын /КМБ/ жатқызуымызға болады.

 

3-сурет. Линза тәріздес галактика

 

Дұрыс емес галактикаларға өзіндік ерекше формалары бар пекулярлы галактикаларды да жатқызамыз. Олардың ішінде-диск тәріздес, сақиналы, ассиметриялы және формалы галактикалар болады. Мұнымен қатар өзара әсерлесетін галактикалар да болады. Оларды өз алдына жеке классқа бөлеміз. Бұлар негізінен қос галактикалар болып кездеседі. Зерттелген галактикалардың шамамен 25 % эллиптикалық, 50% спиральды, 20% аралық, ал 5% дұрыс емес галактикалар болып отыр.








Дата добавления: 2017-02-20; просмотров: 1925;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.