Ауытқушы күш және ауытқыған қозғалыс

Күн жүйесінде бір планета ғана емес, 8 ірі планета және толып жатқан ұсақ планеталар, олардың серіктері, кометалар бар. Осы денелер әлемдік тартылыс заңы бойынша біріне-бірі әсер етеді, сондықтан олардың қозғалыстары Кеплер заңдарына бағынатын қозғалыстардан ауытқиды. Осындай қозғалысты ауытқыған қозғалыс деп атайды. Кеплер заңдарынан шын қозғалыстың ауытқуын ұйытқу /немесе теңсіздектер/ дейіді. Теңсіздіктер дегеніміз шырақтардың ауытқымаған және ауытқыған қозғалыстарындағы орындарының координаталарының айырмы, ал ауытқыған қозғалысты элементтері өзгермелі болатын Кеплерлік қозғалыс деп қарастыруға болады. Элементтердің өзгеруі /теңсіздіктер/ периодты, ғасырлы және аралас болады. Күн жүйесінің денелерінің ғасырлы теңсіздіктері орбиталардың өз ара орналасуына тәуелді болады .

 

Периодты теңсіздіктер денелердің салыстырмалы орналасуына байланысты, сондықтан белгілі бір период пен қайталанып отырады / /. Біздің планеталық жүйе болашақта да қазіргі күнін сақтайды. Бірақ Күн жүйесінің бірнеше миллиард жыл бойы орнықтылығы туралы мәселе әлі шешілген жоқ.

Ауытқытушы күшті түсіңдіру үшін үш аспан денесін қарастырайық: Күн С (М), І планета және ІІ планета Күннен қашықтықтары , ал өзара қашықтығы болсын. Бұл үш денеміз бір бірімен бүкіл әлемдік тартылыс заңы бойынша әсер етеді.

Күннің Р1 планетаға қарай алатын үдеуі . Күннің Р2

8-сурет. Ауытқулар
планетаға қарай алатын үдеуі .

 

Р1 планетаның Күнге салыстырмалы қозғалысын қарастырайық. Осы жағдайда Р1 планетаға әсер етуші күштер төменгі жазылған үдеулерді тудырады.

– Күнге бағытталған,

– Р2 планетаға бағытталған,

– Р2С бағытқа параллель.

Бірінші үдеу Күннің гравитациялық өрісіндегі салыстырмалы қозғалыстың үдеуі. Тек осы үдеумен планета Р1 Күнді Кеплердің заңдары бойынша айналады.

үдеулер ауытқу тудырушы күштің үдеуі. Ауытқушы күштің әсерінен Р1 планетаның қозғалысында ауытқулар /теңсіздіктер/ пайда болады. Ауытқушы күш екі күштің нәтижесінен пайда болады:

1. P2 планетаның бірінші планетаға еткен әсерінен,

2. P2 планетаның Күнге әсер еткендігінен.

Ал үдеу үдеуге қарсы бағытталған болады. Сондықтан, ауытқушы күш ауытқу тудыратын дененің планета мен Күнге әсерлерінің геометриялық айрымы болады. Ауытқытушы күштің бағыты мен шамасы үнемі өзгеріп отырады.








Дата добавления: 2017-02-20; просмотров: 844;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.