Айдың қозғалысы, оның фазалары және периодтары

 

Жұлдыздардың арасында Ай өзінің орнын үнемі өзгертіп отырады. Айдың көрінерлік қозғалысының бағыты батыстан шығысқа қарай болып, бір айдың ішінде жұлдыздардың арасында тұйықталмаған қисық болады. Айдың көрінерлік жолы зодиак шоқжұлдыздарында жатады. Негізінде Айдың көрінерлік қозғалысы оның Жерді айналып және Жермен бірге Күнді айналып қозғалуы арқылы түсіндіріледі.

Айдың қозғалысы мен қатар бір айдың ішінде Айдың көрінерлік түрі де өзгереді. Айдың сыртқы көрінерлік түрінің өзгеруі Айдың фазасымен сипатталады. Кейбір күндері Ай аспанда көрінбейді, ал басқа күндерде Ай толық ай, жартылай немесе орақ тәріздес болып көрунуі мүмкін. Осындай Айдың түрінің өзгеруі Айдың жарық өткізбейтін қара дене және Күнге салыстырғанда оның орнының өзгеретіңдігін /20-сурет/ көреміз.

20-сурет.

Айдың фазалары

 

талған немесе жартылай жарықталған немесе жарықталмаған бетімен бұрылуы мүмкін. Осыған байланысты Айдың негізгі төрт фазасы бар: жаңа ай /өлара/, І ширек, толық ай, соңғы ширек.

Осындай фазаларының толық бір қайталануына кеткен уақыт синодтық ай деп аталынады. Оның ұзақтылығы орташа күн тәулігіне тең болады.

Айдың Жерді бір айналуына кеткен уақыт аралығы сидерлік /немесе жұлдыздық/ ай деп

21-сурет. Синодтық айдың ұзақтылығын түсіндіру
аталынады. Оның ұзақтылығы орташа күн тәулігіне тең болады. Синодтық айдың ұзақтылығы сидерлық ай ұзақтылығынан артық.

 

 

Синодтық ай жұлдыздық айдан 2,21 орташа күн тәулігіндей ұзағырақ

болады. Сонымен бірге екі қозғалыстың, яғни Жер мен Айдың қозғалыстарының бағыттары да бірдей болады.

Осыны төмендегі сурет бойынша оңай түсіндіруімізге болады. І-ші жағдайда толық Ай болсын. Енді 27,33 тәуліктен кейін Ай Жерді бір айналып жұлдыздарға салыстырғанда бастапқы орнына келеді. /2 жағдай/. Бірақ толық Ай болмайды, себебі Жер өз орбитасымен қозғалып Күнге салыстырғанда орын ауыстырады. Толық Ай болу үшін біраз уақыттан кейін Жер 3-ші жағдайға келуі керек. Осы екі периодтың математикалық байланысы ішкі планеталардың синодтық қозғалыстарының теңдеуіндей қатынаспен беріледі:








Дата добавления: 2017-02-20; просмотров: 2963;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.