Галактикалардың қашықтығын анықтау.

Галактикалардың қашықтығы түрліше болады. Оны анықтаудың қазіргі кезде оннан артық тәсілдері ұсынылып отыр. Олардың ішінен ең сенімділері цефейд, жаңа жұлдыздар, өте жарық аймақтық тәсілдер болып саналады.

Цефейд тәсілі бойынша периоды 40 тәуліктен артық болатын цефейдтердің фотографиялық абсолют жұлдыздық шамалары шамада болатындары алынады. Сондықтан оларды бізге жақын орналасқан галактикалардың ішінде табуымызға болады. Сөйтіп, осы цефейдтерге дейінгі қашықты анықтау арқылы олар жатқан галактиканың бізден қашықтығын табуымызға болады.

Жаңа жұлдыздар тәсілі бойынша бізге жақын орналасқан әрбір галактикада жатқан бір жаңа жұлдыздардың бір жыл ішіндегі қопарылыс санын /бірнеше ондаған/ есепке алуға болады. Осы сияқты жұлдыздарды зерттеудің негізінде жылтыраудың /максимум/ ең үлкен кезіндегі жарқырау неғұрлым максимумнен тезірек төмендесе, солғұрлым жарқылдау көп болатындығы анықталып отыр. Егер жаңа жұлдыздың жарықтылығының максимум мәнге жеткеннен кейінгі төмендеуі 3 -ге жеткенге дейінгі кеткен уақыт болса, тәуліктен аз болып болады. -тің мәнінің артуына байланысты шамасы кемиді. Сөйтіп, жаңа жұлдыздың ең үлкен жарықтылығы кезіндегі көрінерлік жұлдыздық шамасы білу арқылы және уақыттың белгілі мәні арқылы мен – -ді бағалау қыйындық келтіремейді. Соның негізінде галактикаға дейінгі қашықтық анықталады.

Енді өте жарық аймақтық тәсіл бойынша алыс галактикалардың өте жарық / Н ІІ/ бұлттарының бұрыштық мөлшерін өлшеу арқылы оларға дейінгі қашықтық анықтауға болады. Өйткені жақын галактикаларды бақылау арқылы олардағы ең жарық деген бұлттын / Н ІІ/ сызықтық мөлшерлері бірдей болып шамамен 200 пк-тей болатындығы белгілі болып отыр.








Дата добавления: 2017-02-20; просмотров: 1346;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.