Дөрекі сабақты талшықтардың құрылымы мен құрылысы

Өсімдіктің сабағы жеке клеткалардан тұрады. Әрбір клетка қабықтан және ішкі қуыстан тұрады. Бір-біріне қабысу арқылы клеткалар өсімдіктің күрделі құрылымын құрайды. Орналасуы, құрылымы және орындайтын функциялары бірдей клеткаларды анотомиялық ұлпа деп атайды. Ұлпаның түрлері: негізгі, механикалық, жоғарғы өткізгіш. Әр түрлі қабықты өсімдіктердің сабақтардың түрі бір типті болады. Олар жеке анотомиялық ұлпалардың дамуына байланысты ажыратылады. Ұлпалар кейбір қабықты өсімдіктерде болса, кейбіреуінде болмайды. Зығыр талшық өсімдігінің сабағының құрылысын қарастырайық: кутина, эпидермис, паренхимы, қалың қатты талшық, камбий, ағаштың қабық астындағы қатты бөлігі, ағаштың өзегі.

Талшықтың құрылысы: Дөрекі сабақты талшықтары – паренхима қабатында пайда болады. Зығыр өсімдігінің сабағында 350-ден 650-ге дейін ұзындығы 15-20 мм-ге жететін талшықтар бар. Техникалық талшықтың негізгі қасиеті беріктік, ол талшықтардың ұзындығы мен талшықтарына байланысты. Жоғарғы тығыз байланыстылықты ұзын және жіңішке талшықтар қамтамасыз етеді. Нәтижесінде техникалық талшықтардың беріктігі өседі. Дәнекерлеп жабыстырудың беріктігі химиялық құрамдардан пектин және лигнинннің бір-бірімен жабыстыруына байланысты. Лигнин дәнекерлеп жабыстырудың беріктігін күшейтеді, яғни техникалық талшықтардың беріктігі өседі. Беріктік қасиетіне қарай қабықты талшықтар келесі қатар бойынша орналасады: зығыр, кендір талшығы, кенеп, кендір. Техникалық талшықтың негізгі қасиеті – иілгіштік. Техникалық талшықтың негізгі қасиеті көп болған сайын, оның бағасы жоғары. Жоғарғы иілгіштік қасиетін зығыр мен рами (аса төзімді, тоқыма бұйымын даярлауға пайдаланатын, мықты, ұзын талшықты, қалақай тұқымдас, субтропиктік өсімдік) қабықты талшықтардың иілгіштік және тоқыма қасиеттерін олардың көлденең қималарына қарай анықтайды. Өте жіңішке талшықтардан жіңішке иірілген жіп дайындауға болады. Қабықты талшықтардың тығыздығы келесідей: зығыр 5-7, кендір талшығы 8-65, кенеп 4-6,5 , кендір 2,5-5,5. Техникалық талшықтардың ерекшелігі олардың сақталуға қабілеттілігі. Иіру,тарау кезінде көлденең бағытқа талшықтардың тарқауы. Талшықтардың тарқау нәтижесінде жіңішкелігі жоғарылайды, ал ұзындығы қысқарады. Техникалық талшықтардың ең бағалы қасиеттерінің бірі – оның ылғал жұтқышында. Құрғақ жағдайдағы талшықтардың беріктігі мен ұзаруы ылғалдылығының жоғарылағандығымен салыстырғанда талшықтардың беріктігі 40 %, ал ұзаруы 25 % өседі.

Талшықтың көлденең қимасы -5 -6 қырлы көпбұрыш, өзегі ортасында.

Дөрекі сабақты талшығында 80% целлюлоза да, 20% қоспа, яғни майлы, балауыз тектес, бояғыш, минералды заттар мен лигнин (клетканың қатаюына қажет зат). Лигнин талшықтарға қаттылық береді. Зығыр талшығында 5% лигнин бар. Мақтаға қарағанда зығырдың қаттылығы сондықтан.

Дөрекі сабақты талшықтардың қарапайым талшықтарының жуандығы мақта талшықтарынікіндей, ұзындығы 15-26 мм.

Техникалық талшықтардың жуандығы қарапайым талшықтардың жуандығына және олардың бір шоқтағы санына байланысты. Берілген зығырдан алынатын жіптің жуан-жіңішкелілігі шоқтың қаншалықты техникалық жіңішке шоқтың қаншалықты техникалық жіңішке талшыққа ыдырай алатындығына байланысты.

Техникалық талшықтың ұзындығы өсімдіктің сабағының ұзындығына және өңдеген кездегі талшықтың ыдырауына байланысты. Жіп иіруге қолданылатын техникалық талшықтардың орташа ұзындығы 35-90 см, жуандығы -10 -3,33 текс.

Қарпайым талшықтың мықтылығы 0,98 -24,52 сН-не тең үзу күшімен сипатталады, яғни зығыр талшығы мақта талшығынан 3 -5 есе мықты. Техникалық талшықтың үзу күші 200- 400 сН/текс, ал үзілердегі ұзаруы 1,5-2,5%, яғни мақтаныкіне қарағанда 3-5 есе кем. Сондықтан да, төсемдік зығыр маталар бұйымның формасын мақта маталарға қарағанда жақсы сақтайды. Ал күшінің өзінде де (үзетін күштің 25%-і) қалдық деформацияның үлесіне 60-70% келеді. Зығыр маталардың және олардан тігілген бұйымдардың қатты қыртыстанатын осымен түсіндіруге болады.

Қалыпты жағдайда зығырдың гигроскопиялылығы 12%-ке тең. Ылғалды тез сіңіріп, шығарады. Судың әсерінен қарапайым талшықтардың мықтылығы артады, ал техникалық талшықтардікі кемиді, себебі пектиндік заттардың жұмсаруынан талшықтардың әр бөлек шоқтарының ара байланысы әлсірейді. Зығырдың бір ерекшелігі – оның жақсы жылу өткізгіштігі , сондықтан ол қолға әрқашан салқын болып сезіледі. Зығырдың жақсы гигроскопиялық қасиеті – ылғалды бойына тез тартып тез шығару, жоғарғы жылу өткізгіштігі сияқты бағалы гигиеналық қасиеттері оны жаздық киім үшін таптырмайтын матаға айналдырады.

Қышқыл мен сілтілердің зығырға әсері мақтаға тигізетін әсерімен бірдей. Зығыр талшықтары мақтаға қарағанда қиын боялады, қиын ағарады. Бұл зығырдың табиғи бояуының күштілігінен және құрылымының ерекшелігінен – талшықтың қабырғасы қалың да өзегі тұйық әрі жіңішке. Зығыр талшығында мерсеризация эффектісі онша байқалмайды, себебі талшықтар өз табиғатынан жылтыр.

 

 

Лекция 13,14.








Дата добавления: 2017-11-04; просмотров: 1545;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.