Алғашқы өңдеу негіздері

Мақтаны алғашқы өңдеу зауытында төмендегі операциялар жүргізіледі:

- алдын ала тазарту;

- талшықты бөліп алу;

- талшықты тазарту және буып-түю.

Сондай-ақ линт (түбіт) ажырату және дәндерді тазарту жүргізіледі.

Егерде зауытқа келіп түскен шитті мақтаны 100% деп алатын болсақ, онда одан шығатын мақта талшығы 30-40% аралығында, 3-5%-і мақта түбіті, 55-65% - тазартылған дәндер, 1-2% қалдықтар болып келеді. Ауыр қоқыстардан алдын ала тазарту тасұстағыш машинада жүргізіледі. Одан піскен шитті мақта күшті ауа қысым әсерінен торға түседі де, ауыр заттар (тас, темір т.б.) өз салмағының әсерінен арнайы құбырға түсіп, машинадан шығарылады.

Мақта пневможүйе бойынша ұсақ қоқыстардан (жапырақтарынан, қауашақтың, бұтақтардың, ұсатылған қалдықтарынан) тазарту үшін темір шілтерлермен қоршалған қаққыш барабандары бар тазартқыш машинаға жіберіледі.

Алдын ала сол кептірілген, тазартылған мақта талшық бөлу операцияларына жіберіледі. Бұл операцияны қолданылатын машиналарда (джин) атауымен джиндеу деп атайды. Оның мәні шитті мақтаны қысып ұстап, дәндерінен талшықтарды жұлып бөліп алу.

Джиндеу білікті немесе аралы машиналарда жүргізіледі. Білікті машиналар жіңішке талшықты сапалы мақта, ал аралы орташа талшықты және төменгі сапалы жіңішке талшықты мақта үшін қолданылады. Білікті джиндардың жұмысшы органы беті түкті білікше болып табылады. Оның көмегімен талшық дәннен жұлынады. Аралы джиндарда бұл операция цилиндр құрайтын дискілер өзара әсер еткенде, темір шілтермен немесе аралы дискілердің тістерімен орындалады.

Аралы джиндардың өнімділігі 100-1000 кг/сағ болады, ал білікті джиндардың өнімділігі 100 кг/сағ жуық.

Аралы джиндардың агрегат құрамына джиннан басқа мақтамен қамтушы кіреді.

Аэродинамикалық талшық тазартқыштарда мақта талшықтары ценртге тартқыш күшті пайдалану әсерінен тазартылады. Центрге тартқыш күш талшық ағынының тасымалдаушы ауамен қисықсызықты жол бойымен өткенде пайда болады.

Конденсордан талшық ауадан бөлінген соң, мақта ағыны жалпақ бос таспа келеп түрінде гидравликалық преске түседі. Бір пресс бірнеше джиндардан мақтаны престейді.

Талшықтар будаға 160-220 кг болатындай нығыздалып матаға буып-түйіледі де, сыммен немесе таспамен байланады.

Зауыт мақтаны кішірек партиямен маркамен, яғни сапасы бірдей мақтадан құралатын партиямен шығарады. әрбір марка бір теміржол вагонына сыюы керек.

Әрбір будаға катоннан ярлық бекітіледі. Онда зауыттың нөмері, партияның реттік нөмері, маркадағы буданың нөмері, престің қуаттылығы және жіберілетін теміржол станциясы көрсетіледі. әрбір марканы құжат тасымалдайды, онда буданың салмағы, будадағы мақтаның сапасы, лабораторлық тексеруден өткен қасиеттері көрсетіледі.

Мақта талшығы - ұрық қабыршағының клеткаларынан өсіп шығатын өсімдіктің бір клеткасы. Талшықтардың құрылымы олардың пісіп-жетілу дәрежесіне байланысты (5- сурет ).

Сурет -5. Мақта талшығы

 

6-сурет Микроскоппен қарағанда мақтаның құрылымы

 

Микроскоппен қарағанда мақтаның піспеген (өлі) талшығы қабысып, ұзынша, жұқа қабырғалы, кең өзекті болып көрінеді. Талшық піскен сайын оның қабырғаларына целлюлоза пайда бола бастайды да, қабырға қалыңдайды, өзегі тарылады, талшық бұралған, иірілген кейіп алады. Мақтаның піскен талшықтарының бойлық бойы иірілген спираль тәрізді майысқан түтікті елестеді. Қатты пісіп кеткен талшықтардың түрі цилиндр кейіптес, ішінде тар өзегі болады. Талшық өзегінің бір жағы ғана ашық. Талшықтың көлденең қимасындағы формасы қисық, сопақша.

Химиялық құрамы жағынан талшық таза целлюлозадан тұрады. Піскен мақта талшығын 95-96%-і целлюлоза да, 1-5 %-і ғана май, балауыз тектес, бояу мен минерал қоспасынан тұрады. Талшықтың целлюлоза – майдан тұратын бет қабаты кутикула деп аталады.

Талшықтың ұзындығы мен жуандығы өзара байланысты және ол мақтаның сортына да байланысты.

Талшықтың көлденең қимасының орташа диаметрі 15-25 мкм. Қысқыталшықты мақтаны бәйке, фланел, бумази және басқа маталар жасау үшін үлпілдек жуан жіптер жасауға жібереді. Ортаталшықты мақтадан шыт, сәтен және басқа маталар жасау үшін орта номірлі жіптер дайындайды; ұзын талшықты мақтадан бәтес, маркизет, тарақты сәтен және де басқадай жоғарғы сапалы жұқа мақта маталар дайындау үшін, жіңішке және тегіс, жіп иіріледі.

 

 

Лекция 7.8.








Дата добавления: 2017-11-04; просмотров: 1918;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.009 сек.