Мақтаның селекциялық түрлері

Мақтаның селекциялық сорттарының өсімдік тобын құрайды, ол өзінің тұрақты тұқым қуалаушылығымен, жалпы дамуымен, морфологиялық және шаруашылықтағы белгілерімен ерекшеленеді.

Морфологиялық белгілері өсімдіктің жалпы сыртқы түрінен және құраушы бөліктерімен сипатталады. Шаруашылық белгілері өсімдіктің сапалылығы мен одан алынатын талшық өлемімен бағаланады.

Селекционерлер мақтаның неше түрлерін алып, оны дамытып, жаңа сорт шығарады. Олардың белсенділігі ең басты - өнеркәсіптік талапқа сайьолуы. Мақтаны өндіргенде талшықтың көбеюі, сапалығының кішкене иірілмейтін талшықтарға талап етілуі.

Мақтаның жаңа сорттары жоғарғы өнімді , тез пісетін, ауруларға және зиянестерге төзімді, ылғалдылықты онша қажет етпейтін, тұзға төзімді, машинкалық жабдықтарға негізделген , тұқым беруі, майлылығы жоғары және біркелкі боялған , таза, ақ талшық болуы тиіс.

Мақтаның ерекше ергежей сортының өсірілуі бір текті жоғарғы сапалы талшықтың бір кездегі көсектің ашылуы технологияның жаңа түрі мақтаның қалың ортадағы өнімді жинауға әдейі негізделген машиналардың пайда болуы ерекшеленеді. Өсірген мақтаның табиғи қалпын сақтау үшін ол аз уақыттағы құрқүйек немесе қазан айының басында жинауды қажет етеді. Қысқа уақытта жинау бұл жаңа, ең көлемді аралық қоректік мәденгиетке жол ашады.

Тез өсетін вегетациялық кезеңдегі сортқа өте қажет 100-125 күн, орта талшықты мақтаның потенциялық өнімділігі -70-80 /га , талшықтың шығуы 37-38% , штапельдік масса ұзындығы -35-36 мм, үзілетін жүктеме 4,8сН және одан көп.

Жұқа талшықты сорттарға сай сипаттама: 40-50ц/га, 33-34%, 40-41мм және 4,7сН.

Мақтаның көпшілігін санмен және әріптермен белгілейді.Көптүрліктің номері шартты, ал әрпі селекциялық станциялардың атына (ол мақтаның сортына байланысты қойылған) сай келеді. Мысалы, 108-ф сорты Ферғана, Өзбекстандағы селекцияның станцияларынан, 9877-ге – Түркменстандағы Иолатан селекциялық станцияларынан, 6249-в- Вахш селекциялық станциялары шығарады.

Мақтаның барлық талшығының ассортименттеріндегі таңдалғаны І, ІІ, ІІІ, және ІV сорттағы технологиялық қасиеттерге сай 7 типке бөлінеді; ол әр типке сай штапельдік массалық ұзындыққа және үзілу салмағына негізделген.

Өндірістегі талшықтың қажетті көлемдегі типтерге мұқтаждығы ассортимент, соның ішінде дефицит маталар арнайы өнім, тігін жіптерге тауардың шығарылуына байланысты болады. Дәлме дәл талшықтың типінің қажеттілігі келесі арақатынаспен анықталады.

 

Талшықтың түрлері Сұраныс %
І
ІІ 5,5
ІІI 4,5
ІV
V

 

Жаңа сортты шығару - өте қиын және еңбекті көп қажет ететін жұмыс. Қазіргі кезге дейін оқымыстылар селекциялық бағдарламаларды жасады, ол жерде болашақ сорттардың параметрлері 1990г дейін анықталады, соның ішінде 5 интенсивтік селекциялық мақта талшықтарының сорттарының бағдарламасы І-V типке сай келеді.

Орта талшықты жаңа типке жататын Уйчи 2,Чимбай 3010 мақта талшықтарының сорты жақсы баға алды.

Мемлекетімізде жұқа талшықты мақтаның сортына тәжірибе жүргізілуде , олар С-4060, К2, К5 оның өсуі райондық сорттарға қарағанда 12-18 күнге ерте ашылады.

Кейбір жаңа сорттар 4-5 жылдан кейін өсірілетін жерлерінде өз қасиетін жоғалтады. Бұл мақта жинау техникасын өндіруге қиындық туғыздырады. Көп жылдық қолданып келе жатқан сорттарға мысал келтірсек 2И-3-26 жыл, орта талшықты 108-ф сорты 40 жылдан бері өсірілуде.

Селекциялық жұмыс барысында көптеген әдістер қолданылуы массалық және индивидуалдық іріктеу гибридизация және тағы басқа. Массалық ірктеудң әдісі бөлек белгілі учаскелерде ең жақсы сорттардың тұқымынан себу болып табылады.

Индивидуалдық іріктеу әдісі әрбір таңдалынып алынған өсімдіктің тұқымын жеке жинап, одан кейін белгіленген участкесінде себу. Гибридизациялық әдістің нәтижесінде әртүрлі формалы және ең жақсы таңдалынып алынған мақтаның сортынан алады. Әдіс жасанды мақтаның гүлденуінің шашылуы. Бұл әдіс мақтаның гүлге жасанды шашылуы болып табылады.

Одан кейінгі іріктеулер, әдетте, 2-ші ұрығының жаңа тұқым қуалайтын мақтаның ең көрсеткіш әдістеріне ие бола алатын жаңа сорт өсіруге мүмкіндік береді.

Мақтаның жаңа сортын шығаруға сонымен қатар тағы бір әдіс тұқымға әсер ететін және химиялық элементтерді қолдану болып табылады.

Мақта өсімдігі құлқайыр тұқымдас бір немес көпжылдық өсімдіктерге жатады. Олардың түрлері көп болғанымен өндірісте пайдалану үшін орташа талшықты (барбадосс) мақта өсімдігі сортының маңызы зор.

Орташа талшықты мақта өсімдігі 130-140 күнде пісіп жетіледі. Дәнінен орташа ұзындығы 30-35 мм, жіңішкелігі 166-200 мтекс талшық алынады. Өнімділігі жоғары, 1 гектардан 25-35 центнерге дейін шитті мақат, яғни ұрықпен бірге мақта талшығы алынады. Талшықты орташа талшықты мақта деп атайды. Түрі ақ түсті болады. Кең тараған селекциялық сорттарға Ташкент-1, АН-402, Андижан-6, 138-Ф, 108-Ф, 133 және т.б. жатады.

Мақта талшықтарын көбіне жіңішке талшықты мақта өсімдігінен алады. Оның пісіпр жетілу мерзімі 150-170 күнге созылады. Өнімділігі де төмен (20-30 ц/га). Бірақ ұзын (35-45 мм) жіңішке (133-170 мтекс) және берік талшық береді. Сондықтан жоғары сапалы жіп және бұйымдар дайындауға қолданылады. Кең тараған селекциялық сорттарға Ашхабад-25, С-6037, 6249-В, Термез-7, 5904-И және т.б. жатады.

Мақта өсімдігі жылу мен ылғалды көп талап етеді, сондықтан климаты жылы жерлерде өседі: Индия, Қытай, Египет, АҚШ, Ауғанстан, Пәкістан, Суданда және ТМД мемлекеттерінде Өзбекстан, Қазақстанның оңтүстік аудандарында және Қырғызстанның оңтүстік батысында өсіріледі.

Мақта өсімдігі тоқыма өнеркәсібінде ғана емес, басқа да салаларға бағалы шикізат береді. Қысқа талшықтар кино түсіретін қабықшаға шикізат ретінде қолданылады. Мақта қалдықтарынан қатты қағаз өндірілсе, тұқымдарынан өсімдік майы алынады.

Қазақстанның Оңтүстік Қазақстан облысындағы оңтүстік аудандарында орташа талшықты мақта егіледі. Қазіргі уақытта отандық мақта-мата өндіріс үшін жергілікті мақтадан көрші мемлекеттерден мақта шикізаты сатып алынады.

Мақтаның сапасын жақсарту, яғни ұзындығын, беріктігін, ауруға қарсы тұру қабілетін көтеру және өнімділігін көбейтуге селекциялық және агротехникалық жұмыстар жүргізу арқылы қол жеткізуге болады. Мысалы, орташа талшықты мақта өсімдіктер типтері (Таш) және жіңішке талшықты мақта (9732-И, Ашхабад-2) өте жо,ары өнім беретіндігімен қатар қысқа мерзімде жетіледі.








Дата добавления: 2017-11-04; просмотров: 1546;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.