Жүн талшықтарының негізгі түрлері, алғашқы алыну жолдары мен негізгі қасиеттері.

 

Жүн дегеніміз кейбір жануарлардың тері жамылғысының мүйізтәрізді құрылымы дене түгі. Тоқыма өнеркәсібінде қойдың, түйенің , ешкінің, сиырдың жүні ж қоянның түбіті қолданылады.

Жүн талшығы (түк) түбірден және сабақшадан тұрады. Түбір терінің астына жатады. Сабақша тері жамылғының сыртында болады және кератин деген белоктан тұрады. Түктің сабақшасы үш қабаттан тұрады: қабыршақты, қабықты және өзекті.

 

 

1-сурет. Жүн талшығының құрылымы

 

а — түбіт; 6 — ауыспалы талшық; в — қылшық; г — өлі талшық;

1 — қабыр-шақты қабат; 2 — қабықты қабат; 3— өзекті қабат.

 

2-сурет. Жүн талшықтарының түрлері:

 

Қабыршақты қабат (кутикула) түкті қоршаған мүйіз тәрізді қабыршақтан тұрады. Талшықтың түріне байланысты қабыршақтардың формасы сақина, жартылай сақина немесе пластинка тәріздес болып келеді. Қабыршақты қабат түкті бұзылудан сақтайды, оның жылтылдауы мен киіз болып ұйысу қабілетіне әсер етеді.

Қабықты қабат түктің тұрқын құратын ұршық тәрізді клеткалардан тұрады, шаштың мықтылығын , серпімділігін және басқа да қасиетін анықтайтын негізгі қабат болып табылады.

Өзекті қабат талшықтың ортасында болады. Ол ауатолған клеткалардан тұрады. Жуандығы мен құрылымына байланысты жүн талшықтарының мынандай типтері болады: түбіт, ауыспалы және өлі шаш, қылшық.

Түбіт – қабыршақты және қабықты қабаттан тұратын жіңішке ирек талшық. Биязы жүнді қойдың барлық жүн жамылғысы және қылшық жүнді қойлардың теріге жақын жамылғысы түбіт болып келеді. Қабыршақты қабат сақина немесе жартылай сақина формалы.

Қылшық – түбітке қарағанда дөрекілеу, әлдеқайда жуан және ирек емес тік. Ол үш қабаттан тұрады: пластинка тәріздес қабыршақтардан тұратын қабат, қабықты қабат және тұтас өзек. Жартылай қылшық жүнді және қылшық жүнді қойлардың жүн жамылғысы қылшықтан тұрады.

Аралық жүн -- түбіт пен қылшықтың ортасы. Бұдан тұқымдас қойлардың барлық жүн жамылғысы ауыспалы түктен тұрады. Аралық түк те үш қабаттан: қабыршақты, қабықты қабаттан және үзілмелі өзектен тұрады.

Өлі түк –нашар боялатын, өңдегенде оңай сынатын дөрекі, тік және қатты талшық. Ол қылшық жүнді қойлардың кейбір тұқымдарында кездеседі. Өлі түк үш қабаттан тұрады: қабыршақты, жұқа қабықты және талшықтың барлық көлденеңін алатын жалпақ өзектен тұрады.

Қойдан қырқып алынған тұтас жүн жабағы деп аталады. Қойдың жүн жамылғысын құрайтын талшықтың түріне байланысты, жүн де төмендегідей түрлерге бөлінеді: түбіт талшықтан тұратын биязы жүн (25 мкм-ға дейін ); оны биязы жүнді қойлардың алады да, жоғарғы сапалы камволь және шұға маталарды тоқуға пайдаланады:

жартылай биязы жүн (25—34 мкм) -- түбіт талшығы мен аралық жүннен тұрады; қойдың будан тұқымынан алып костюмдік және пальтолық камволь маталар тоқу үшін пайдаланады;

жартылай дөрекі жүн (35—40 мкм), қылшық пен аралық түктен тұрады; қойдың будан тұқымынан алып костюм және пальто үшін жартылай қылшықты шұға маталарды дайындауға пайдаланады;

дөрекі жүн (40 мкм –ден жоғары)-- құрамында талшықтың барлық түрі бар; оны қылшық жүнді қойдан алып ірі шұға мата алуға пайдаланады. Жіп иіру үшін жүн талшығының ұзындығы мен бұралаңдығының маңызы зор.

Жүн талшығының ұзындығы 20 мм-ден 450 мм аралығында. Біртекті жүндер ұзындығына байланысты қысқаталшықты --55 мм-ге дейін, және ұзынталшықты—55-ден артық болып бөлінеді.

Жүннің ирелеңдігі талшықтың 1 см ұзындығына келетін ирелеңдігі сонымен сипатталады. Талшық неғұрлым жіңішке болса соғұрлым бұралаңы көп болады. Бұралаңның биіктігіне қарай қалыпты, биік және жатық бұралаңқы болып бөлінеді.

Биік ирелең қысқаталшықты жүн жуан әрі үлпілдеген аппараттық (шұғалық) жіп иіруге пайдаланылады. Жатық бұралаңқы ұзынталшықты жүн жіңішке тегіс тарам жіп иіруге пайдаланылады.

Жүн талшығының жуандығы талшықтың түріне байланысты және оның иірілген жіп пен матаның қасиетіне ықпалы зор. Түбіттің жүні 30 мкм, қылшықтікі 50-90 мкм, өлі шаштікі 50-100 мкм.

Жүн талшықтарының мықтылығы оның жуандығы мен құрылымына байланысты. Мысалы, өлі жүн-- жуан, бірақ осал талшық. Жіңішкелігі 20 мкм түбіт талшықтар 7 сН-қа дейінгі үзу салмағымен сипатталады, жіңішкелігі 50 мкм қылшық талшықтар – 30 сН-ге дейін. Талшықтардың салыстырмалы үзу салмағы 10,8 – 13,5 сН/текс. Жуан жүнге қарағанда жіңішке жүн төзімді. Себебі жуан талшықтардың өзегңнде ауа бар, ал ол талшықты жуан қылып көрсеткенімен мықтылығын арттырмайды.

Құрғақ талшықтардың үзілер кездегі ұзаруы 40% .

Толық ұзарудың әжептеуір үлесі (7%-ке дейін) серпімді және жоғары эластикалық деформацияға келеді, солардың әсерінен жүн матадан істелген бұйымдар онша қыртыстанбайды, формасын жақсы сақтайды.

Биязы жүнді қойдың жүні ақ түсті,ептеп ақсары. Қылшықты және ұяң жүннің түсі – сұр, қызғылт, қара.

Жүннің жылтыры қабыршақтардың мөлшері мен формасына байланысты. Ірі, тығыз қабыршақтар жүнді жылтыратып тұрады. Майда, талшыққа жабыспайтын қабыршақтар жүнді солғын етіп көрсетеді.








Дата добавления: 2017-11-04; просмотров: 5252;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.