Табиғи тоқыма шикізаттарының бірі мақта талшығының даму тарихы, түрлері алыну мен қолданылу ерекшеліктері

Азақстан Республикасындағы тоқыма және жеңіл өнеркәсібі бойынша тоқыма кластерінің дамуы және қазіргі кездегі жағдайы

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2004 жылғы 19 наурыздағы Жолдауында Республика Үкіметінің алдына келесі міндетті қойып былай деді: « Біздің іс жүзінде барынша тиімділік беретін үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуіміз қажет. Соның бір мысалы индустрияны дамытуға кластерлік тұрғыдан келу бола алады.

Биылғы жылдың соңына дейін біздің келешегі бар барлық Қазақстандық, ауқымды өңірлік және аймақтық кластерді ( бәсекеге қабілетті салалар жиынтығын) айқындап алуымыз керек. Даму институттары болса, алдағы міндеттерді жүзеге асырудың тиімді құралдарына айналуы керек.»

Бірінші жарты жылдықтағы ел экономикасының дамуын қорытындылай келе Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Премьер – Министр Д.Ахметов Үкімет ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудағы кластерді дамыту жөнінде жұмыс жасап жатқанын айтты. Премьер : біздің экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға аса маңызды бөлігі аграрлық өндірістің тиімділігін көтеру болып табылады деп мәлімдеді. Сала тиімділігін аттыру мәселесі - шикізатты қосылған құны жоғары өнім алу үшін тереңірек өндеуді ұйымдастыру және экономиканы өңдеуші салаларымен өзара байланыстырылған өндірістер тізбегінің агроөнеркәсіптік кластерлерін қалыптастыру жөніндегі жұмысты жүйеге келтіруді талап етті. [5, 15 б]

Үкімет басшысы Даму Банкінің жүйелі технологиялық тізбектермен байланысты жобаларды кезең-кезеңімен қаржыландыру арқылы тоқыма өнеркәсібінің дамуына кластерлік тұрғыдан қарауын қолдайтынын білдірді. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында мақта талшығынан есілген жіп өндіру жобасымен қатар, Семейде жүн дайындау және оны өңдеудің жобасы қаржыландырылмақ, сондай-ақ, Өскеменде химиялық талшықты қолдану арқылы мақта өндіру жобасы да қаралып жатыр

Кластерлер бәсекелік қабілеттілікті арттырудың құралы екенін ескере отырып, біздер өз еліміздегі бәсеке жағдайларын анықтаудың әдістемелік амалы ретінде пайдалану керек екенін ұмытпауға, осы тұрғыдан келіп, қайда және қандай кластерлер құруымыз, қалыптастыруымыз керек екенін анықтауға тиіспіз. [5, 16 б]

Бәсекеге қабілетті ұлттық салалар бүкіл экономика бойынша біркелкі таралмаған, бір-біріне бағынышты салалардан тұратын кластерлерге (шоғырларға) байланыстырылған. Мысалы, Итальяда экспорттың 40% пайызға жуығы азық-түлікпен, сәнді киім жасаумен немесе тұрғын үйді көркейтумен байланысты салалар кластерлерінің үлесіне келеді. Швецияда барлық экспорттың 50 % пайызынан астамын тасымалдаумен, металлургия және ағаш өңдеумен байланысты салалар кластерлері өнімдерінің экспорты құрайды.

Данияда үй үшін тауарлар өндіретін және денсаулық сақтаумен (фармацептика, витаминдер, медициналық жабдықтар және т.б) байланысты бәсекеге қабілетті салалардың кластерлері бар. Швеция целлюлоза мен қағаз өндіруде ғана бәсекеге қабілетті болып қоймайды, сондай-ақ, ағаш өндейтін жабдықтар, метал қорытатын қазандар, конвейтерлік жүйелер, бақылаушы өлшеуіш құралдар, целлюлоза мен қағаз өндіру үшін қажет жабдықтар, қағаз кептіретін жабдықтар шығаруға да бәсекеге қабілетті. Осы салалардың әрқайсысында да ақырғы негізгі өнімді, осы өнімді даярлау үшін қажет жабдықтарды өндіруде ел табысқа жеткен.

Қазақстанда осы уақытқа дейін дамыған кластерлер болған емес. Қазірше - Қазақстанның 2015 жылға дейін индустриялдық - инновациялық дамуының стратегиясын жүзеге асыруға байланысты таяу болашақта бірнеше кластер құру жөніндегі үкіметтің ниеті мен идеясы ғана.

Қазақстанның өнеркәсібі шикізаттық сипатта болып отыр, экспорттық тауарлар құрамында бәсекеге қабілетті дайын тауарлар жоқ. Экспорт арқылы негізінен минералды өнімдер, өңделген немесе өңделмеген қара және түсті металдар ғана сатылады. Қазақстанда өндірілетін мұнай мен газдың , қара және түсті металдардың меншік иелері шетелдік компаниялар болып табылады, мемлекеттің шетелдік және отандық акционерлік компанияларды акция пакеті жоқ, тек қана мұнай өндірудегі аз-мұз қатысынан басқа қомақты түрде қолға ұстары тағы жоқ.

Негізгі капиталға деген инвестициялар, көбінесе кен өндіру өнеркәсібіне келіп түседі, ақырғы дайын өнім шығару үшін өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция салушылар әзірше жоқ.

Осындай жағдайда, кластерлерді әзірлеуге қатысушылар - тік және көлденең бағыттарда, табиғи факторларды да, инвестициялық және инновациялық факторларды да естен шығармай кластерлерді құру және дамыту жөніндегі әлемдік тәжірибені жан-жақты, өте мұқият болу қажет.

Қазақстан таяу болашақта кластерлер үшін құрылыс алаңына айнала бастады. Қазақстанда кластерлер экономиканың барлық салаларында - агроөнеркәсіптік , ағаш өңдеу, отын-энергетикалық, металлургиялық, химиялық, жалпы машина жасау, құрылыс, көлік, телекоммуникациялық кешендерде құрылуы және дамуы мүмкін. [1, 11 б ]

Президенттің халыққа жолдауында ұзақ мерзімдік басымдылықтар: - өркендеу, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту қарастырылған. Ал оған жету үшін агроөнеркәсіп өндірісінің және индустриялық-инновациялық дамудың стратегиялық жоспарлары құрылып, оларды іске асыру белгіленген.

АӨК – ің стратегиялық болашағын болжауға мұқият қараудың қажеттілігі, Республиканың толық саяси тәуелсіздігін алумен байланысты болжау тұлғасының мәртебесінің өзіндік өзгеруімен айқындалады. Стратегиялық жоспарлауда, бірінші кезекте, аграрлық өнімнің өндіріс көлемін есепке алу, республикаға өнімнің қоғамға қажетті кейбір түрлерін, егерде экономикалық орынды болса шеттен алып келу көлемін негіздеу, елдін азық-түліктік және ауыл-шаруашылық шикізаттарына тәуелсіздігінің деңгейі мен шекарасын белгілеу мәселелері қойылады. [3, 3 б ]

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде келесідей кластерлер дамуда: астық өңдеу, сүт өңдеу, ет өңдеу жөнінде кластерлер. Агроэнеркәсіп кешенінің құрамдас бөлігі болып саналатын тоқыма өнеркәсібінде мақтаны өңдейтін және жүнді өңдейтін кластерлер өркенделуі мүмкін. Өнеркәсіп кешені шеңберінде тігін бұйымдарының және тері мен аяқ киім өндіру жөніндегі кластер құруды мүмкіндігін қарастырады.

Осы тұрғыда, АӨК-ін қалыптастыру, оның сфералары арасындағы байланыстарды жетілдіру, олардың біртұтас, жоғары түпкілікті өнім алуға бағытталған жүйеге айналуы нарықтың талабы. [5, 21б ]

Оңтүстік Қазақстан облысы мақта өндірумен айналысатын бірден-бір өңір болып саналады. Ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде мақтаның облыс экономикасында алатын орыны ерекше болғандықтан табыстың үштен бір бөлігі осы дақылдан түседі. Сондықтанда соңғы кезде мақта дақылын өндірушілерге мемлекет тарапынан үлкен жәрдем көрсетілуде. Осы жылдары мақта өсірушілерге 1 гектарға шаққандағы мемлекеттің қаржылай қолдауы облыс бойынша 2003 жылы 14643теңге болса, 2004 жылы 15443 теңге,ал 2005 жылы 19623 теңгені құрады.

Бүгінде экономиканы дамыту және бәсекеге қабілетті етіп құрудың тиімді механизмін қалыптастыру жүріп жатыр. Экономиканы бәсекеге қабілетті етіп құрудың жетекші саласы ретінде шаруашылықтың көптеген түрлерімен сабақтасып жатқан кластерлік жүйе таңдап алынды.

Оңтүстік Қазақстан облысында азық–түлік, мақта, тоқыма кластерін дамытуға қажетті жағдайлар жасалынған. Бұл бағытта 2005 жылдың 6 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының президентінің жарлығымен «Оңтүстік арнайы экономикалық аймағы» құрылған. Ол үшін Сайрам ауданының территориясынан 200 гектар жер бөлініп болашақта мақтадан жіп иіретін, мақта тоқитын, жіп бояитын және трикотаж шұлық өнімін шығаратын 15 – 20 кәсіпорынның негізі қаланды.

Облыста мақта егістігінің аумағы жылдан жылға артуда 1998 жылы 118 мың гектар болса, 2003 жылы 196 мың гектар, ал 2004 жылы 222,9 мың гектарды құрады. Алайда мақта шаруашылығының өзіндік проблемасы да жоқ емес, қазіргі таңда мақта өндірумен айналысатын кәсіпорын, шаруа (фермер) қожалықтарының егін шаруашылығының ғылыми негізделген жүйелерін меңгерумен ұсынылған ауыспалы егіс жүйесін сақтай, мақтаның егіс көлемін ұлғайтуда. Ауыспалы егіс жүйесі толық бұзылды, мақта дақылы монокультураға айналды. Басты себеп мақта өндірумен айналысатын аудандарда 85 % -дан аса шаруа( фермер) қожалықтарының меншігіндегі жер көлемі 5 - 10 гектардан аспайды. Осы себепті ұсақталып кеткен тауар өндірушілерді пай үлестеріне қарай, қайта өңдеу кәсіпорындарының біріне топтастыру арқылы ауыл шаруашылығы шикізатын өндірумен өңдеу салаларында кластерлік бастамшылықты іске асыру арқылы өндірісті индустрияландыруға айрықша назар аудару қажет деп санаймын.

Кластер бір – бірімен тығыз байланысты және бірқатар тиімді экономикалық қызметтердің жиынтығы, сондай ақ технологиялық тізбекпен байланысқан негізгі тұтынушы және өндіруші, жабдықтаушылардың аумақтық шоғырланған жүйесі негізінде құрылған индустриялды кешен.Осындай кластердің бірі құрылуы біздің облыста ғана мүмкін тоқыма мақта кластері. 2005 жылғы маусымда шитті мақта өндірісі 460,0 мың тоннаны құрады, бұл 1998 жылмен салыстырғанда 240,4 мың тонна немесе 2,9 есе өскен көрсеткіш,және өткен жылдармен салыстырғанда шитті мақта өндіруді анағұрлым ұлғайту жоспарланып отыр. Шитті мақта облвствң 8 ауданында өсіріледі және мақта өсіруге шитті мақтаны мақта талшығына қайта өңдеуге байланысты жұмыс орыны көбейіп облыстағы 2,2 млн халықтың 1 миллионға жуығының табыс көзіне айналады.

Мақта егісі алқаптарын ұлғайтуға Отырыр, Арыс, Шардара жаңа жерлерді игеру және кеибір дақылдардың егіс алқаптарын шектеу арқылы қол жеткізілетін болады. Сонымен қатар Қызылқұм массивінде 60 мың гектар жерді игеру жоспарланып отыр.

Қазір облыста өндірілген мақтаның 92 % - ы экспортталып 8 % ы ғана жіп иіретін мақта тоқитын кәсіпорындарға жіберіледі.

Жоспарға сәйкес мақта тоқитын «Ютекс» және «Қазақ–Орыс» тоқыма альянсі іске қосылды.

Облыстағы 18 мақта тазалау кәсіпорындарының 800 - 950 мың тоннаға дейін шитті мақта өңдеуге мүмкіндіктері бар. Қазіргі кезде олар жылына орта есеппен 130 мың тонна мақта талшығын дайындап оны түгелдей дерлік экспортқа жіберіп келеді. Бүгінгі жұмыс істеп тұрған зауыттар араларында неғұрлым озық технологиямен жабдықталған кәсіпорындармен толықтырыла түсірілмек. Осындай мақсатқа қазірдің өзінде « Қазақстан даму » банкісі арқылы 39,1 млн доллар және 26 млн евро оның ішінде « Ютекс » Жауапкерлігі шектеулі серіктестігіне 13,1млн « Меланж» Акционерлік қоғамына 26 МЛН « Қазақ – Орыс » алянсы кәсіпорнына 26 млн доллар көлемінде қаржы бөлінді. Қазіргі таңда « Ютекс » 1 жыл ішінде 6000 тонна өнімді қайта өңдеп 4065 бірлік тонна мақта тоқыма жіптерін шығарды. « Меланж » 4800 тонна өнімді өңдеп 2050 тонна мақта мата жіптері мен дайын мақта мата кездемелерін шығарды. « Қазақ – Орыс » алянсы болса жылына 1130 тонна қайта өңдеу өңдеу өнімдерін шығарады. Алдағы кезде олардың қуатын арттыру жоспарлануда. [4, 96 б]

 

Кластердің дамуының бірінші кезеңінде төмендегідей тізбек қалыптасады деп күтілуде:

- 390 тонна шитті мақтадан 100 тонна мақта талшығы алынады;

- 100 тонна мақта талшығынан 90 тонна кардты жіп алынады;

- 90 тонна кардты жіптен 600 мың шаршы метр мата алынады;

600 мың шаршы метр матадан 170 мың метртігін өнімдері алынады.

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысының соңғы жылдардағы алынған шитті мақтаның өнімі (мың тонна)

Аудан, қала аттары Жылдар
 
Арыс 2,4 1,9 0,1 1,2 0,5 0,5 0,7 1,1 2,8 7,3 5,4
Бәйдібек               0,2 0,4 1,0 0,8
Мақтаарал 174,3 131,8 149,7 169,5 159,4 168,9 124,7 192,8 244,5 216,2
Ордабасы 20,4 18,7 18,2 12,0 6,4 7,6 8,2 14,8 16,5 21,6 19,4
Отырар       0,5 0,16 0,2 0,4 1,3 2,5 14,3 11,2
Сайрам             0,09 0,16 0,2 0,3 0,2
Сарыағаш 14,2 10,1 8,8 10,8 4,5 4,7 4,7 3,5 8,0 18,4 17,0
Шардара 7,2 7,7 5,2 5,1 1,2 3,0 9,8 22,6 41,8 66,6 52,1
Түркістан 27,8 25,8 25,0 23,3 10,4 12,9 13,0 21,6 22,0 40,4
Шымкент                 0,2 1,0 0,6
Кентау                   0,3 0,2
Қазығұрт                   0,8  
Облыс бойынша 246,5 196,3 207,9 223,0 182,8 197,8 161,6 249,4 287,2 416,5 360,1

* Қазақстан тәуелсіздік жолында.Ақпараттық талдау жинағы // ҚР статистика агенттігі

 

Осының бәрі 4 -5 жыл аралығында мақта талшығын тереңдете қайта өңдейтін бірқатар орын ашылады деп болжам жасауға мүмкіндік береді. Егер де әрекеттегі мекемелер шаммамен 20 мың тонна мақта талшығын тереңдете қайта өңдейтін болса, онда қалған бөлігін, яғни 80 мың тонна мақта талшығын қайта өңдеу үшін шамамен оннан кем емес мақта тоқыма өндірісі орнын салу қажет. Бұл кәсіпорындар шитті мақтаның үштен бір бөлігі өндірілетін Мақтаарал ауданында салынуы қажет.

Мақтаарал деген сөзді естігенде көпшіліктің ойына 250 мың тонна төңірегінде шитті мақта өндіретін,ауқымды мөлшердегі жеміс – жидек ,көкөніс жалпы алғанда витаминдерге бай Қазақстанның ең жылы өңірі еске түседі. Ал қазіргі таңда Мақтааралдықтардың жағдайы ауыр болып тұр.Оның себебі 1998 жылдан бері жылдан жылға өршіп келе жатқан көсек құртында. Бұл құрт мақта көсектерін тесіп жеп,мақтаның өнімділігін күрт төмендетіп жіберді. Өткен жылы әрбір гектардан алынған өнім көлемі,әрбір шаруашылықта 6 – 10 центнердің төңірегінде болды. Оның үстіне шитті мақтаны өңдеуші кәсіпорындардың сатып алу бағасы шитті мақтаның тоннасына 35 – 45 мың тоннадан көтерілмеді. Ал 1 гектарға кеткен шығын көлемінің құны 40 – 45 мың теңге көлемінде. [4, 97б]

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысының соңғы жылдардағы алынған шитті мақтаның өнімі және жалпы өнімнің көлемі

 

 

٭Қазақстан тәуелсіздік жолында.Ақпараттық талдау жинағы // ҚР статистика агенттігі

 

Не істеу керек? Көсек құртынан қайтсе құтылуға болады? Мақта өнімділігін қайтсек көтереміз?

Міне осы сауалдар шаруалармен,кәсіпкерлердің жатса да тұрса да ойында.

Мақта терімі кезінде Мақтаааралға арнайы барған вице премьер А. Есімовтың әңгімелері қазіргі кезде ұсақталып кеткен шаруа (фермер) қожалықтарының құрылымдары тиісті агротехникалық және агрохимиялық шараларды жүйелі түрде қолдануға мүмкіндік бермейтіндігі туралы несие алуы, суды тиімді пайдалануды, жер құнарлығын сақтау мақсатында ауыспалы егісті ендіруді және тағы басқа проблемалармен олардың шешімдері туралы болды.

Шынында да шаруалар ұсақтанбай ірі–ірі кооперацияларға немесе басқа құрылымдарға бірігіп соңынан ассоцияция турінде жұмыс істесе жоғарыда айтылған « көсек құрт » проблемасыда өз - өзімен жоқ болып кетері сөзсіз. Жалпы алғанда мақта өндіруде әрбір агротехникалық, агрохимиялық шара ғылыми негізде білікті мамандар арқылы орындылады. Мақта зиянкестерімен күресу диқандардан біліктілікті талап етеді. Қазіргі кезде 3 – 4 гектарға мақта егетін диқан өзін өзі бастық, өзі агроном, өзі есепші бірақ ең бастысы ол ауыл шаруашылығы мен нарық элементтерімен жұмыс істейтін маман емес.Сондықтанда диқандардың бірігіп жұмыс істеуі Қазақстан экономикасын мақта кластерлік жүйелер арқылы қалыптастыруға қолайлы болып келеді.

Мақта– кластері деп біз шитті мақтаны өндіріп оны тереңдетіп өңдеу арқылы бәсекелестік қабілетті ,күшті тауарлар шығаруды оларды тиімді сату жұмыстарын қамтитын салалардың біріккен жиынтығын түсінеміз.

 

 

Лекция 3.

Табиғи тоқыма шикізаттарының бірі мақта талшығының даму тарихы, түрлері алыну мен қолданылу ерекшеліктері

Мақта дегеніміз – мақта өсімдігінің ұрығын ораған талшықты атаймыз.

Мақта өте ертедегі мәдени өсімдік. Ол туралы алғаш мағлұматтар Индия, Египет, Қытай, Америка сияқты ерте елдерден кездеседі. Жақында орта Азиядағы ерте қаланың бірін қазу барысында ғалымдар таңқаларлық затқа тап болды, ол – мақтаның қалдығы, оның жіптерінің талшықтары қысқа талшықты мақтаның сортынан. Мамандардың қорытындысы бойынша мақта осыдан 4- мың жыл бұрын өндірілген. Дүние жүзі бойынша мақтаны 80 ел өндіреді. АҚШ, қытай, Үндістан, Египет ,бразилия, Пакистан, Мексика.

Барлық мақтаның түрлері госсипиум деп аталған ботаникалық түрге кіретін мальваниялық әулетіне жатады. Өзінің табиғаты бойынша мақта – көпжылдық өсімдік, ол көбінесе қысқа формалы болып, бірінші жылдың өзінде-ақ өнім береді. Сыртқы көрінісі бойынша мақта өсімдігі ( қоза) биіктігі шамамен 0,7-1,5 метрлік бұтақ шырмақталынған тәріздес. Бұтақ – ең басты пішіннен орналасқан негізгі сабақтан , негізгі сабақ өсу және жеміс сабақтарынан тұрады. Бұтақтарда жапырақтар мен гүлдер, гүлдерде мақта көсегі дамиды.

Бұлар:

1. Госипиум хирзутум ( талшықты немесе сабалақ түрі)

2. Гоосипиум барбадензе ( достық түрі)

3. Госипиум арбореум ( ағаш түрі)

4. Гоосипиум хербоцеум ( шөп түрлі талшық мақта)

Госипиум хирзутум орта талшықты мақта. Талшығының орташа ұзындығы 28-36 мм, ал қалыңдығы 0,22-0,27 Т (текс).

Гоосипиум барбодензе жіңішке талшықты мақта. Талшығының орташа ұзындығы 36-50 мм, ал қалыңдығы 0,12-0,17 Т(текс)

Мақта өсімдігінің көптеген жіңішке талшықты сорттары ұрық қабыршағымен қамтылмайды. Көсектер тігінен орналасқан сабақтан шығатын жапырақ беретін бұтақтарда ораласқан. Талшықты қауашақтан тазартылған тұқыммен біріккен мақтаның шикізаты және тұқымнан тазартылған талшық-талшықты мақта, дәлірек техникалық терминология бойынша мақта деп аталады.








Дата добавления: 2017-11-04; просмотров: 1486;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.027 сек.