Композиция әрбір өнер туындысы ретінде

Нақ нұсқаны қою, қай тұстан отырғаныңды анықтау, параққа суретті дұрыс орналастыру, бәрі де композицияның негізгі бастаулары. Бұл сөз әдетте музыкалық шығармаларға арналғандай, бірақ мұнда кең ұғым бар.

Композиция ( латын тіл «құрастыру», «тәртәпке келтіру» деген мағынаны білдіреді) – шығарманың құрылысы, оның негізгі бөлшектерінің орналасуы, оқиғалардың баяндалу реті. Суретшінің қолында композиция – көркем құрал. Ол композиция арқылы кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекетін ашып бейнелеп отырған өмір құбылыстарын өз түсінігінше жеткізіп көрсетеді.

Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғұрлым айқын, нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды.

Қарапайым тілмен айтқанда көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, композиция сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді. Жұмысты бастар кезде композицияның орны ерекше, ал қалған салалары соған байланыстылығын ұмытпаған жөн. Сондықтан да суретші, нақ нұсқаны қойып, өз орнын белгілігін соң, салынар суретті қағаз бетіне қалайша әсерлі орналастыруды ойластырады.

Композицияның негізгі талабы – шығарманың көркемдік бірлігін табу. Шығарма авторы сурет, кескіндеме, роман, пьеса, симфония т.б. болсын, солардың жекелеген бөліктерін біріктіріп, тұтас бір әсер беретіндей ету немесе әр қилы дүниелерден ортақ бір композициялық ойға бағындырылған шығарма жасау. Бұл үшін суретші алдымен композицияның орталық нүктесін табу керек. Композицияның қалған бөліктерін соған байланысты құрады.

Композициялық орталықты қандай тәсілмен анықтау әр суретшінің өз қалауы. Кейде кейбір картинаның шебер де, нәзік орындалғаны сондай, композициялық орталықты табу оңайға түспейді. Ешқашан да картинаның композициялық орталығын оның геометриялық орталығымен топтастыруғаболмайды. Көп жағдайда сәйкес келеді де. Сондай-ақ композициялық ортақ тақырыптық орталықпен қабыса бермейді. Ал геометриялық, композициялық, тақырыптық орталықтардың бір жерден шығуы сирек құбылыс. Композиция суретші үшін негізгі мақсат емес екенін ескеру қажет, өйткені композицияның негізгі мұраты – суретшінің идеялық ойын көрсету. Осыдан композициялық орталық көрекм шығарманың композициялық құрылымының түйіскен жері ғана емес, сонымен қатар, шығарма мазмұнын анық көрсетуге қызмет етуі керек.

Суреттегі денелердің көлемі, пішіні, орналасуы, композициялық орталық деп саналатын заттың немесе тұлғаның көлеміне, пішініне және орналдасуына көп тәуелді. Бұл тәуелділікті композициялық ырғақ деп атауымызға болдаы. Бейнелеу өнеріндегі композициялық ырғақ, музыкалық шығармадағы ырғаққа ұқсас, әрі пайда болған дыбыс, өзіненбұрынғы дыбыстың табиғи жалғасы. Осынау дыбыстардың сан түрлі гаммасы бірігіп, жалпы үндескен гармонияға ұласады. Жалғыз жалған нота осы бірлікті бұзған уаытта гармония ыдырап, берекесі кеткен дыбыстарға айналады.

«Суретші ең қызықты да, маңызды дүниелерді өзі бақылап үйренбейінше, композиция құруды да үйрене алмайды» (М.В. Крамской). Әсіресе алғашында өз бетімен көңілде түйген дүниелерден ойша композиция құрып үйрену көп көмектеседі.

Композициялық бірлік суретшінің зат көлемдерімен сызықтарды қалай таратуына, олардың кескіндерін және суреттегі орындарын қалай белгілегеніне ғана тәуелді емес, сонымен бірге жарық пен қараңғы тұстардағы бейнелерді қалай орналастыруына да байланысты.

 








Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 5169;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.