Нер адам әрекетінің туындысы, қоғам түсінігінің формасы ретінде.

Бейнелеу өнері шынайылылықтың эстетикалық түсінігінің көрсеткіш формасы ретінде

нер адам әрекетінің туындысы, қоғам түсінігінің формасы ретінде.

Сурет салу адам үшін маңызды орын алған және ала да береді. Ол адамдар арасындағы қарым-қатынас мүмкіндігі ретінде қолданылады.

Адамның сурет салу дағдысы ерте кезден бастап пайда болған. Археологтардың тапқан суреттері, алғашқы адамдардың бұл жөнінде үлкен жетістіктерге жеткендігін куәландырады.

Өнер – эстетикалық тәрбие берудің басты құралы. Себебі, өнер адамының рухани дамуы мен дүниетанымының қалыптасуына әсер етеді. Бейнелеу өнерінің танымдық, идеялық, тәрбиелік, эстетикалық қызметтері оқу-тәрбие процесінде көрінеді. Бейнелеу өнері сабақтары оқушылардың көру жады және шығармашылық қабілеті мен іскерлік дағдыларын қалыптастыруға, жеке бас ерекшеліктерін дамытуға көмектеседі.

Бейнелеу өнері (ағылш. Visual arts) — дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан шартты түрде оларды да бейнелеу өнері қатарына жатқызады. Сондай-ақ, театр, кино, теледидардағы безендіруді, көркем дизайнды да Бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелеу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болған Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда Бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары типтік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция, ырғақ жатады.Бейнелеу өнерін мектепте оқыту оқушылардың көркем мәдениетке деген оң көзқарасын қалыптастыруға және қоғамның белсенді болашақ мүшесін тәрбиелеуге лайықты үлес қосады. Оқушылар бейнелеу өнері арқылы табиғат пен қоғамның дамуының, қоршаған ортадағы әсемдікпен, адам қолымен жасаған әсемдіктің мәнін түсініп, олардың даму заңдылығына көз жеткізеді.

Бейнелеу өнер сабағы сезім мүшелеріне дамуына ықпал жасай,ойлауға сүиене отырып, көру қабілеттін талдап, көре есте сактап, өзін өзі тәрбиелеу, суреткке деген талғамы, сурет салу сапалығы,елестету, сурет салу тілін меңгерту,эстетикалық сезім қалыптастыру, (әдемілік пішінін,қимылдың пропоциясы, түс және түс сәйкестігін) барлығы бейнелеу өнерінің түсінігін, қоршаған ортаны түсіну, өзінт өзі тануға қалыптастырады.

Бейнелеу өнер түлерінің мақсатты- ақыл есі кем балаға кемшіліктерін түзету. Сурет сабағында қол мен көзге арналған жаттығумен қатар, мақсатты іс әрекетпен, қимыл кординациясының дамуына дағдыландыру.

Бейнелеу өнерінің тапсырмасы- эстетикалық ж\е шығармашылық тәрбие. Эстетикалық тәрбие сурет сабағында баланы өмірдің әдемілігіне , табиғат, өнер, қоғамды қабылдауды көмектеседі.

Ең басты- балаға орта шынайлығын, дұрыс қабылдауды үйрету.

Бейнелеу өнері сабағында балаалр айнаалсындағы заттармен жаксы таныс болу қажет. Көптеген бейнелер түстермен көлемдермен және т.б.Айналадағы заттарды тани арқылы қабылдауы және коре есте сақтауы жақсы дамиды.Бейнелеу өнер сабағы балаларға терең ойды дамыту үшін жұмыс жасауды уйретеді.Балалар сурет салу барысында салынатын суретке мұқият қарап қолданылатын құрал – жабдықтарымен жақынырақ тани отырып,сурет салады..

Сурет салу кезінде екі ұқсас затты тапсырманы шешуге болады.Көру арқылы есте сақтау яғни,көрген заттарды атап,ажырата білу.Қабылдауын жоғарлату берілген заттарды қолдана білу.көлемін пішінің олармен жұмыс жасай білу.Бейнелеу өнер сабағында балаларға сурет арқылы әңгіме құрастыра отырып, сұрақ жауап ұоюды дағдылау.Кіші сынып оқушыларында берілген заттардың атауын білу қажет.Көріп есте сақтау процессін бейнелеу өнер сабағында ғана емес басқа сабақтармен ұштастыру керек.Бейнелеу өнер сабағында нң бастысы қаорапайым заттардың атауын,сурет салу барысында барлық элементтерін меңгеру керек. Мұғалім балаларға суретті қалай салуды қарандашты қандай ұстаау бір сызықпен қалай жүрпгізіді уйрету. Балалр көптеген әдістерді сүйене отыра көотеген түрлі –түрлі сурет салуды уйренеді.Сабақта бала аквариуммен сурет салуды уйрену қажет. Бейнелеу өнер сабағы балалрға мынадай жағдайларды туғызады. Ойды қалыптастыру, жұмыс орнын у уйлестиіру жоспары арқылы жұмыс жасау. Бейнелеу өнер сабағында мұғалім балалрға көптеген дәріс беру арқылы үйретеді. Живопись графика скульптура архитектура декоротивтик исскуство.

Мұғалімнің мақсаты – балаларға жеңіл түрде өтілген сабақтарды уйрету. Бейнелер өнер сабағы төрт турлі сабақ турімен жүргізіледі. Натура,декоротивтік,тақырып, әңгіме айту арқылы сурет салу.

Бейнелеу өнерінің жанрлары - живопись, графика, скульптура, декоративно-қолданбалы өнері, архитектура.

Жанр (француздың Qenre - түр немесе тек сөзінен шыққан) – бұл көркем шығарманы бейнелі композициялық ұйымдастыру формасы болып табылады. Жанрларға бөлу барлықбейнелеу өнері түрлерінде дерлік кездеседі. Бірақ әрқайсысында әртүрлі. Әсіресе жанды бейнеде барлық жанрлар айқын көрінеді деп айтуымызға болады. Жанр негізінен бейнеленген бейнеге байлансыты ажыратылады. Бейнелеу өнері бірнеше жанрларға бөлінеді: пейзаж, натюрморт, портрет, тақырыптық картина, тарихи, батальдық, тұрмыстық, анималистік, интерьер. Енді бейнелеу өнерінің жанрларына жеке – жеке тоқталып өтейік. Пейзаж – адам әуелбастан ақ табиғат көрінісін салған. Бірақ көпке дейін белгілі бір оқиға мен адамның тұлға – тұрпатын бейнелегенде керек фон ретінде пайдаланып келген. Тек 17 ғасырда ғана біріңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар туа бастады. Мұндай жанрды Голланд суретшісі ойлап тапты. Пейзаж өнері өте әр алуан. Кейбір пейзаждар өмірде бар нақты көріністі бейнелесе, енді кейбіреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың қай – қайсысында да суретшілер табиғаттың мінез – құлқын айнытпай салуға тырысады. Пейзаж – табиғаттың көріністерінің әсемдігін, құбылыстарын бейнелеу болып табылады. Натюрморт – француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Оған тұрмыста күнде қолданылатын заттарды, жемістерді гүлдерді немесе балшықтан күз құстарымен дайындалған алуан түрлі бағамдарды бейнелейтін картиналар жатады. Натюрморт алғаш рет 18 ғасырдың басында Голландияда пайда болды. Бұл Голландиялық өнердің әсіресе, натюрморттың ерекше көрінісісмен негізделеді. Натюрморт – белгілі бір тақырыпта құралған жансыз заттар жиынтығын суреттеп бейнелеу болып табылады. Портрет – жеке адамның, адамдар тобының портреттері табиғат немесе белгілі ортада отырған адам портреті, психологиялық портрет, салтанатты портрет болып келеді. Тақырыптық картина - өмір белестері көрсетілген шығарма. Тарихи, батальдық, тұрмыстық, анималистік, интерьер жанрлары тақырыптық картинаның салалары болып табылады. Тарихи жанр – адамзат, қоғам өміріндегі тарихи оқиғаларды, құбылыстарды бейнелеу. Батальдық жанр – әскери өмір тіршіліктері, соғыс жағдайындағы іс – әрекеттерді бейнелеу. Француздың «батай» сөзі шайқас деген мағынаны білдіреді. Тұрмыстық жанр – адамдардың күнделікті өмірде, тұрмыс тіршілігінде өтіп жататын түрлі оқиғалар мен құбылыстарды бейнелеу. Анамалистік жанр – жануарлар мен хайуанаттардың бейнесін бейнелу. Бұл латынның «анима» - жануарлар деген сөзінен шыққан. Ал пейзажға қатысы маринистік жанрда – теңіз беті құбылыстары мен оқиғаларын және адамадардың олармен күресін бейелеу. Морфологиялық жанр – қиял – ғажайып аңыздар менертегілер мазмұнына байланысты тақырыпта бейнелеу. Жоғарыда айтып өткендей, жанды бейнеден басқасында жанрлар толық көрініс таппайды. Мысалы мүсін өнерінде көбінесе портрет, ал сәулет өнерінде интерьер айқын басымдық танытды.

Жанрларға бейнелеу еуропалық бейнелеу өнерінде 15-16 ғасырларда қалыптасты. Бірақ уақыт өте келе, қоғамның дамуына байланысты жанрлар өзгеріп отырды. Мәселен сәулеттік пейзаж, пейзаж – марина заман талабының көрінісі. Көптеген суретшілер тек бір бағыт бойынша, белгілі бір жанрда жұмыс істеп, өз шығармашылығын соған арнаған. Қазақ суретшілерінің ішінен пейзаж, тақырыптық картина бойнша жұмыс істеген Ә.Қастеевті, О.Таңсықбаевті, А.Ысмаиловты, натюрморт жанры бойынша көптеген шығармалар жазған А.Ғалымбаеваны, портрет жанрында еңбек еткен Н.Нұрмұхаммедовты, Л.Леоньтевті айтуымызға болады.

Сонымен қатар бейнелеу өнерінің туындыларымен жұмыс жасаудың бірнеше әдістері бар. Олар:

Графикашығармалары адам баласы өмірінің барлық кезеңдерінде кездеседі. Белгілі бір мағнаны білдіретін суреттер мен гравюра, кітаптағы және плакаттағы шрифт, кітап безендірулері және газат карикатурасы, түрлі заттарға арналған белгілі қағаздар, театр және кино жарқағазы, жолдың және заттардың белгілері-мңне мұның барлығы станокты және қолданбалы графика шығармалары.

Графика сөзі гректің «графо»-жазамын, сызамын, сурет саламын деген сөзінен шыққан. Ал жалпы графика дегеніміз-ақ және қара түстердің негізінде, қатаң сызықтармен салынған сурет. Ақ түс ретінде қағаз,қара түс ретінде қарандаш, көмір және т.б материалдар қолданылады. Сонымен қатар жұмыстың түріне қарай түстердің шектеулі түрлерін де пайдаланады. «Гравюра» сөзі француз тілін аударғанда«ойып алу»деген мағнаны білдіреді. Гравюраға литография,ксилография,линогравюра офорт түрлері жатады.

Бейнелеу өнері түрлерінің ішінен жанды бейне көрермендер арасында барынша танымал. Егер мүсін өнері-көлемді денелерді, графика-қағазда салынған ақ-қара түстер арқылы көрсетіле,жанды өз көрермендеріне ешқандай түсініктемесіз-ақ түсінікті. Жанды бейне- бүкіл майлы боялармен жасалған және кергішке салынған,біз мұражайда қызықтайтын картиналар ғана емес. Жанды бейне ұғымы кең, әрі сан алуан техниканы қамтиды. Мысалы: темперамен,гуашьпен,акварельмен,пастельмен, сенгинамен салынады.

Сәулет өнері. Мүсін өнері әрқашан да паластикалық өнердің ішінде ең бастысы болып келді. Ол дәуір идеясын мейлінше айқын білдіреді және өз заманының басқа бейнелеу өнерлерінің-мүсін мен жанды бейненің стилін анықтап отырды. Бұл әрі ұзақ жасайтын өнер:мысырлық пирамидалар немесе американ үндістерінің ежелгі храмдары сан мыңдаған жылдар тұрып,бізге дейін жетті.

Сонымен бірге, сәулетті өнер ретінде қабылдау көбіне мүмкін емес сияқты көрінеді. Біріншіден, оның мүсін мен суреттерден айырмашылығы өте көп:ол ештеңені бейнелемейді және ештеңені суреттемейді. Екіншіден, біз сәулет ғимараттарында өмір сүреміз, оқимыз және жұмыс жасаймыз,барлық уақытта сәлет өнерінің арасында жүреміз. Сәулет-бұл адам қызметінің ерекше түрі,мұнда техникамен өнер,пайда мен әсемдік бірге өрлеген.

Мүсін, яғни «скульптура» сөзі алғашқыда қатта материалдардан фигураларды қашап жасауды,мүсін жасауды білдірген. Кеңінен пішіндеу арқылы жасалған шығармаларда осы ұғыммен білдірілген.

Мүсіннің басқа бейнелеу өнері түрлерінен айырмашылығы сол,оның басты әсерлік құралы аймақтық форма. Мұның өзі оны жасаған кезде ағаш,металл, тас сияқты ұзақ сақталатын материалдарды пайдалануға мүмкіндік береді.

 

 








Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 2881;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.009 сек.