Лекция. Оқушылардың сурет салу барысындағы әрекеттеріне жалпы сипаттама.

Сурет салудың этаптары. Ақыл-есі кем оқушылардың бейнелеу әрекетін жоспарлай білуі. Л.С. Выготскийдің психикалық ерекшеліктердің біріншілік пен екіншілік теориясы.

Көмекші мектептегі оқушылар, әсіресе төменгі сынып оқушылары сурет салуды ұнатады. Балалар сурет салуды қуанышпен қабылдап, іске ерекше көңілмен кіріседі. Кіші сынып оқушылары үшін сурет салу ойынның бір түрі сияқты. Сабақтың бұл түрі балаларды қызықтырып, қуантады.

Балаға суреттің мазмұны емес, олардың салып отырған суреттің көлемі, пішіні, сурет салу процесі қызықтырады. Бірақ көптеген оқушылар соған байланысты өз ойларын қағаз бетіне түсіре алмайды.

Сурет салу көбіне бейненің сапасы мен тақырыбына байланысты қабылдаумен анықталады. Дұрыс мақсатпен қабылдау суретте әлемдегі заттар мен құбылыстың толық бейнелеуіне ықпал етеді. Ертедегі кеңестік ғылыми дефектолог Выготский бала психикасы дамуының дұрыс ғылыми негізделген теорияны дамытты. Оның есептеуінше, психикалық даму процесінің негізгі ерекшелігі – бұл даму барысында жаңа қасиеттері мен сапалары пайда болуы. Выготский оқушылармен жүргізілген эксперименттер қатары орнатылғандай, күрделі психикалық процесстер баланың даму барысында құрылады. Бірақ жүзеге асыру негізінде, тек табиғи алғышарттар ғана емес, қатынасының және заттық іс-әрекеттің әдіс-тәсілдері де жатады. Арнайы зерттеулер мен ой және сөйлеу байланыс баланың танымдық қабілетке негізделген. Сурет салу уақытында баланың алдында арнайы міндеттер болады. Зат пішінің анықтау: тану, таңдау, салыстыру.

Сурет салуда оның түрінен басқа көлемі, түсі, құрылымы анықталады. Осындай танымдық процесстер нәтижесінде заттың толық мағынасын игеріп зат туралы толық түсінік пайда болады. Қабылдау сапасы жоғары болса, зат туралы түсінік пайда болады. Н.П.Сакулина жасаған қорытындысы бойынша көмекші мектептерде сурет сабағында түзете-тәрбиелеу жұмысы аса маңызды құрылым болады. Олигофрен балалар дені сау құрбыларына қарағанда заттық сурет салуды кеш меңгерген. Ақыл-есі кем оқушылардың танымдық енжарлығы, әсіресе заттың өзінің суретін салуда анық көрінеді. Сакулина «заттың өзінің суретін ұғынбай салу оның көрсетілген затпен салынған суретін ұқсастырмайды» деген. Одан басқа бала сурет сала бастағанда оның ойы пайда болып, суретке бағытталады. Соның нәтижесінде ол бір затты бірнеше рет қайталайды. Сонымен қатар көмекші мектептің оқушылары негізгі геометриялық фигураларды сала алмайды немесе салу кезінде қателер жібереді. Көрсетілген қателіктер негізінен қол моторикасының дамуының төмен деңгейімен және жұмыс қимылдарын нақты көріп бақылай алмауымен түсіндіріледі. Мұның барлығы сурет салу сабағында түзете-тәрбиелеу жұмысын жүргізу кезінде ескеру қажет.

Выготскийдің психикалық ерекшеліктерінің 1- шілік пен 2 – шілік бұзылыс теориясы. 30 жылдары баланың дамуында аномальді бұзылысының күрделі құрылымының теориясын өңдеген. Аномальді дамудың күрделі құрлымы болып біріншілік бұзылыс, биологиялық фактормен шартталады, және екінші бұзылысы бірінші бәзылыс әсерінен пайда болады, кейінгі аномальді даму барысында. Ақыл ойында бірінші бұзылысы әсерінің нәтижесінде бас миының органикалық зақымдануынан, екінші бұзылыс, жоғарғы танымдық әрекеттер бұзылысынан туындайды (белсенді қабылдау, сөздік – логикалық ойлау, сөйлеу тілі, есте сақтау), баланың әлеуми дамуында да байқалады.Екінші бұзылыстың псикалық ерекшеліктері ақыл ойынның бұзылысы баланың жеке тұлғасында өзін тым жоғары бағалау, жағымсыз қылықтар, күш – жігерінің әлсіздігі, невротикалық мінез – құлықтар байқалады. Сөйлеу тілінде бұзылысы бар балалар мысалы, тілдің оралымсыздығы артикуляциялық апппаратың анамальдік ерекшелігінен туындаған және біріншілік бұзылыс болып табылыды, екінші бұзылыстың пайда болуы әбден мүмкін.Бұған сөздегі дыбысты меңгермеу, жазудың бұзылысы т.б түрлерін жатқыза аламыз. Бірінші және екінші бұзылыстардың бірі – біріне деген әсеріне назар аударған жөн. Жоғарыда айтылып өткендей 1- ші бұзылыс 2- ші бұзылыстың туындауына ықпал етеді. Бірақ 2- ші бұзылыста кей жағдайда 1- ші бұзылысқа ықпал ете алады. Сондықтан нашар естудің әсерінен сөйлеу тіліде зардап шегеді, бұл дегеніміз кері байланыс негізінде екінші симптоматикасы бірінші бұзылысқа әсер етеді. Жартылай есту қабілетңнен айырылған бала сөйлеу тілінің қалдық функцияларын пайдалана алмады, егер ауызша сөйлеу тілін дамытлмаған жағдайда. Тек қарқынды түзету жұмыстары мен сабақтар арқылы сөйлеу тілін меңгеру, яғни 2- ші бұзылысы сөйлеу тілі бұзылысын жойып, қалдық есту қабілетін тиімді пайдаланумен ғана қол жеткізе аламыз. Аномальді дамып келе жатқан баланың 2- ші бұзылысына педагогиаклық ықпал жасауды кеңінен қолдану қажет, себебі 2- ші бұзылысты түзету едәуір тиімді әрі ыңғайлы. Бірінші бұзылысты жою медицинаның араласуын қажет етеді, бірақ ол әсерлер нәтижесіз болып табылады. Дамудың алғашқы кезеңдерінде қоршаған ортаның факторларға назар аудармау, арнайы тәрбиенің маңызын дұрыс бағаламаудан аномальды даму процесіндедегі баланың 2- ші бұзылысты күрделендіріп жібереді. Аномальді дамудығы негізгі заңдылық болып 1- ші бұзылыс пен 2- ші бұзылыстың арақатынасы мен байланысы.








Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 3362;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.