Лекция. Бейнелеу өнері білім негіздері

Сурет салудың теориялық негіздері (сурет, живописьтер , композициялар) және сабақтың ұйымдастырылуы. Заттардың пропорциясы және формасы (конструкция). Перспективаның заңдылықтары, цветоведения, пластикалық анатомиясы және светотени.

Перспектива заңдылықтарын бейнелеу өнерінің барлық сабақ түрінде кездестіруге болады. Перспектива қоршаған ортада қалай көрінсе, қағаз бетінде соған сәйкес бейнеленеді. Әсіресе суретшілердің көркем шығармаларын көруде, қабылдау барысында кеңістіктің тереңдігін анық сезінеміз. Кейбір заттар бізге жақын немесе алыс болып көрінеді. Перспектива дегеніміз – көрінетінн нүктелердің бізден алыстаған сайын көмескі көрінуі. Перспектива заңдылықтарын меңгеру арқылы картинадағы көріністердің тереңдігін айқын көруге болады.

Перспектива – сызықтық, ауа және жарық пенкөлеңке перспективасы болып бірнеше топқа бөлінеді. Ертеде итальян және неміс суретшілері өз туындыларында перспективалық заңдылықтарды қарастырған (мысалы, Паоло,Уиелло, Леонардо да Винчи, Альберхт Дюрер, т.б) Тегіс жердегі параллельсызықтар көкжиекте бір нүктеде қиылысады. Мыс, темір жол релстері. Сызықтық перспективада бақылаушадан қашықтағансайын заттардың бөлшектері және сызықтары кішірейе береді. Сызықтық перспектива фронтальдық және бұрыштық болып екіге бөлінеді. Фронтальдық перспективада заттың бір жақ беті толық көрінеді де, қалған беті көрінбейді. Мыс, заттың тура алдынан қарағандағы көрінісі. Бұрыштық перспективада бақылаушыға заттың бір бұрышы мен екі немесе үш бұрышы толық көрінеді. Ауа перспективасында кеңістіктегі заттардың реңдік және түстік қатынасы бұлыңғыр немесе солғын болып өзгереді. Жарық пен көлеңке перспективасында заттар жарық көзінен қашықтаған кезде оның жарық беті көмескі, ал көлеңке беті солғын болып көрінеді. Мұны нақты бақылау жасау арқылы оқушылардың көзін жеткізуге болады. Яғни бақылаушы бір орнынан қозғалмай және мойнын бұрмай бір қарағанда байқай алатындардың бәрі көру нүктесі деп аталады. Затты неғұрлым айқын, дәл қабылдау шамамен 30градус шеңберінде болады. Егер бақылаушы заттың маңайында оңға, солға, жоғары, төмен орын ауыстырып отыратын болса, онда зат оған жаңа көру нүктесімен көрінеді.

Оқушыларға көше көрінісін бейнелеу арқылы перспектива заңдылықтарын жақсы түсіндіруге болады. Қаз – қатар тұрған үйлер мен телеграф бағаналары, көше бойындағы ағаштар алдыңғы қатарға қарағанда, барған сайын кішірейіп, көкжиекке түйіседі. Ауа перспективасында жарық пен көлеңкенің қарама – қайшылығы, заттың көлемділігі, түстік бояуы сурет салушыдан қашықтаған кезде күрт өзгеріп отырады. Мұның басты ерекшелігі ауа райына байланысты ауа мөлдір емес, шаң тозаң, ылғал, тұманданып бұлдыр көрінеді. Ауа перспективасындағы бейнеленген көркем шығарманы үш кезеңге бөлуге болады. Мыс, алдыңғы қатар, орта қашықтықтағы көрініс. Бірінші қатардағы барлық заттар айқын, жарық көлеңкесі болуы мейлінше қанық болып көрінеді. Екінші қатарда біршама көмескілеу болып көрінсе, үшінші қатарда мұнарып, жымдасып кетеді. Ауа перспективасын беруді пейзажист суретшілердің шығармалырынан айқынырақ көруге болады. Өйткені олардың басты міндеті – көркем шығармада ауа кеңістігін айқындау.








Дата добавления: 2016-12-16; просмотров: 3372;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.