Аймақтық экономиканың қалыптасуының ғылыми-теориялық негіздері

Лекция мәтіні:1.Нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы жағдайында экономикалық реформаларды ғылыми негіздеу үшін аймақтық экономиканың маңызы ерекше. Аймақтық экономика – экономикалық қайта құрулар экономикалық кеңістік құруда, аймақаралық байланыстарды рационалдауда, аймақтық рыноктарды қалыптастыруда негізгі роль алады. Аймақтық экономика мазмұны негізгі рационалды, ғылыми негізделген аймақтық саясат пен стратегияның қалыптасуына ықпал етеді. Ол экономикалық қайта құруларды ғылыми қамтамасыз етіп, біріңғай экономикалық кеңістікте аймақаралық байланыстарды жүзеге асырып, аймақтық рыноктарды қалыптастыруда ерекше роль атқарады.

Осыған орай аймақтық экономика ғылымының шұғылданатын мәселесі: нақтылы облыстар, райондар, қалалардағы шаруашылықтың құбылыстары мен процестерін зерттеу болып табылады.

2.Аймақтық экономиканың зерттеу пәні бұл өндіргіш күштерді орналастыру және аймақтардың заңдылықтары мен ерекшеліктерін, даму факторларын айтамыз.

Аймақтық экономика географиямен жақындығына қарамастан экономиканың құрамдас бөлігі болып табылады.

Аймақтық экономика экономикалық теориямен, маккроэкономикалық болжаумен, салалық экономикамен, статистикамен, жергілікті басқарумен басқа да әлеуметтік-экономикалық ғылымдармен байланысты. Ол тек қана аймақтардың экономикалық мәселеелрін ғана зерттемейді, ол сонымен қаатр, экологиялық, әлеуметтік мәселелер яғни демография, география, этнография, басқару, әлеуметтену, қала құрылысы сияқты басқа ад аралас ғылымдармен тығыз байланысты.

3. Аймақтық экономиканы зерттеудің келесі әдістері пайдаланылады.

1. Баланстық . Аймақтық баланстарды құру мен қортындылады. Бұл аймақ пен аймақтық кешенді толықтыратын салалардың мамандануының арасындағы дұрыс қатынасты таңдауға мүмкіндік береді. Баланстар тиімді ішкі аймақтық және аймақаралық байланыстарды жасау мен аймақтағы жеке кәсіпорындардың орналасуын негіздеу үшін қажет. Баланстар көмегімен ресурстар мен товарларға қажеттілік анықталады. Баланстық есептер түрлі квалификациялық жұмыс күшін анықтауда қажет.

2.Картографиялық, яғни карталарды, картосхемаларды, картограммаларды пайдалану.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Аймақтық экономика ғылым ретінде.

2.Аймақтық экономика пәнінің басқа ғылымдармен байланыстылығы.

3.Аймақтық экономиканың зерттеу әдістері

2- лекция. Тақырыбы: Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеудің

әдістемелік астары

Жоспары:

1. Аймақтық экономика концепциясы.

2. Мемлекеттің аймақтық экономикалық саясатының қалыптасуының концептуалдық негіздері.

3. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу әдістерінің жүйесі .

Лекция мәтіні: 1.Мемлекеттің даму барысында аймақтардың және олардың билік ететін органдарының ролі арта түсуі жергілікті тар мағынада қалып қоймай, дүниежүзілік тенденция ретінде ұсынылады. Оған мынандай көптеген жағдайлар әсер етеді:

· Өмірдің әлеуметтік жағы және адам факторының басым рол атқаруы;

· Аймақтардың өзара байланыстары едәуір ұлғаюы;

· Еңбек ресурстары жылжымалылығының күшейе түсуі;

· Аймақтардың өндіріс құрылымы мен инфрақұрылымының күрделене түсуі;

· Территориялық еңбек бөлінісі әрі оның тереңдей түсуі мен халықаралық маңызының артуы үдейеді.

2.Аймақтық саясат –елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақты стратегиялық дамуы үшін өмір сүру мен шаруашылық қызметтің факторларының аймақтарда тиімді пайдалануға бағытталған мемлекеттің жалпы саясатының құрамдас бөлігі. Қазақстан Республикасының аймақтық саясатының мақсаты тұрғындардың өмір сүруінің және әрбір аймақтық ресурстық-өндірістік потенциалын тиімді пайдалану үшін тиімді еңбек бөлінісі мен аймақтық даму принциптерінің қалыптасуына тең мүмкіндікте құрылуын қамтамасыз ету.

3. Аймақтарды мемлекеттік ретеу әдістерін шартты түрде екіге бөлуге тікелей (әкімшілік) және жанама (экономикалық) деп екіге бөлуге болады. Тікелей реттеу әдістері көбінесе экономикалық процестердің өзіне және оның шамасына әсер етумен байланысты. Олар, әдетте, белгілі бір адрестік сипатта болады, яғни белгілі бір объектіге бағытталған. Бұл, негізінен, экономиканы шамадан тыс монополизациялауды шектейтін, бәсекелестікті дамытатын, тұрғындардың төлем қабілеті бар бар жағдайларын қолдайтын, әлеуметтік қорғау саясатын жүзеге асыратын шараларды қамтиды. Аймақтың әлеуметік экономикалық дамуын реттеудің жанама әдістері негізінен адрессіз, бірақ барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Аймақтық экономика концепциясы.

2. Мемлекеттің аймақтық экономикалық саясатының қалыптасуының концептуалдық негіздері.

3. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу әдістерінің жүйесі .

 

3- лекция. Тақырыбы: Аймақтар экономикасының дамуын реттеудің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері

Жоспары:

1. Аймақтардың әлеуметтік-шаруашылық дамуын басқарудың конституциялық негіздері.

2. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құрылымы мен жүйесі..

3. Жергілікті өзін-өзі басқару проблемасы

 

Лекция мәтіні: 1.Республика экономикасын басқару жүйесінің әдістемелік негіздерінің бірі болып - өзін-өзі басқаруға көшудің теориялық алғы шарттарының жүйесі саналады. Құрылымы бойынша ол он бес бөлімнен тұрады, оларға стратегиялық мақсаттар, меншікке қатынас, қаржылық база, баға белгілеу, әлеуметтік саясат, аймақтық саясат, микродеңгейде жоспарлау, ғылыми техникалық прогресті басқару, инвестициялар, табиғатты пайдалану және басқалары кіреді. Жергілікті ресурстарды пайдалануда аймақтардың құқығын кеңейту негізінде және осы арқылы халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз ете отырып, көздеген мақсаттарға жетуге рұқсат етілген. Тұжырымдаманың теориялық қана емес , сондай-ақ тәжрибелік мәні бар.

Республикалық өзiн өзi басқару тұжырымдамасына төмендегiдей жағдайларды қамтиды:

· Территориялық деңгейдегi мүдделер жүйесi және басымдықтар;

· өзiн өзi басқарудың субьектiлер жиынтығы, олардың функциялары, құқықтық негiздерi және iскерлiк қағидалары;

· өзiн өзi басқарудың мүдделерiне жету үшiн өндiрiс-материалдық және қаражаттық құралдардың болуы;

· экономикалық кешенiнiң тиiмдiлiгiн бағалайтын көрсеткiштер;

мемлекеттiк басқару мен территориялық өзiн өзi басқару мәселелерi үйлесiмдi болуы қажет.

2. Бүгінде жалпыұлттық деңгейде және жергілікті орындарда жаңа мемлекеттік құрылымдар жұмыс істеуде, олардың қызметі нарықтық экономикаға және демократиялық принциптерге негізделген қоғамдық қатынастардың осы заманғы сипатына қай келеді.

Атқару билігінің жүйесін нығайтумен бір қатарда жергілікті өкілетті органдардың реформасы жүргізілді 1994 жылдың басында. Кеңестердің өзін-өзі таратуынан кейін жергілікті орындарда жаңа органдар – мәслихаттар құрылды.

Жергілікті өкілді органда –маслихаттар тиісті әкімшілік аумақтық бөліністер халқының еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді есепке ала отырып, оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.

3.Аймақтық басқарудың тиімділігі оның ұйымдастырушылық құрылымы өте күрделі аймақтық басқару обьектісінің құрылымына сәйкес келуімен сипатталады. Оған себеп: басқару обьектісінің көптеген қайшылықтары, жеке нышандары бар. Оларға ұлттық мемлекеттік және әкімшілік аймақтық құрылыс, тұрғындардың орналасу тығыздығы, көлік байланыстары т.б жатады. Сондықтан аймақтық басқару жүйесіне кейбір обьективтік қайшылықтар тән. Ол қайшылықтарды бәсеңдету үшін үнемі жетілдіру қажет. Аймақтық басқару жүйесін жетілдіру мақсаты кем дегенде екі элементтердің бірімен байланысты. Оның бірі-аймақтық басқару обьектісі, яғни негізгі аймақтық жүйесі, екіншісі- оның субьектісі, яғни аймақтық басқару жүйесі. Оған өзін-өзі басқару ұйымдары кіреді.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Аймақтардың әлеуметтік-шаруашылық дамуын басқарудың конституциялық негіздері.

2. Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құрылымы мен жүйесі..

3. Жергілікті өзін-өзі басқару проблемасы

4- лекция. Тақырыбы: Аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу механизмдерінің жүйесі

Жоспары:

1. Болжау, жоспарлау, бағдарламалау аймақтық экономиканы реттеу механизмі.

2. ҚР қаржы-бюджет қатынастарының аймақтық астары.

Лекция мәтіні: 1.Қазіргі таңда экономикалық және әлеуметтік, макроэкономикалық және құрылымдық (салааралық және аймақаралық) болжаудың, шаруашылық кешендердің (отын-экономикалық, агроөндірістік, инвестициялық т.б.) салалардың және аймақтардың дамуының болжау жүйесін құру аса маңызды болып отыр. Аймақтық жоспарлар, болжамдар, бағдарламалар және басқа да перспективалы зерттемелер аймақтың саясатын анықтауда үлкен маңызы бар.

Аймақтық дамуды болжауда аймақтық халық- шаруашылық кешенін және оған кіретін салалардың дамуының динамкасын сипаттайтын көрсеткіштері деңгейіндегі болжамдарды ерекшелеп алған жөн.

Терминологияға сайкес болжам – ол объекттің келер шақтағы мүмкін болатын қалпы және олардың жүзеге асыратын балама жолдарымен мерзімдері туралы ғылыми негізделген баға беру.

Жасалынатын болжаулар қалыптасқан тенденцияларды сондай ақ ғылыми техникалық прогреспен экономкалық әлеуметтік жағдайлардың өзгеруінен болатын жаңа әлеуметтік-экономикалық мәселелерді де ескеруі қажет. (19)

Оларға жататындар:

- демографиялық болжаулар, сондай-ақ еңбек ресурстармен экономикадағы жұмышылардың мүмкін болатын саны;

- табиғи ресурстар қорлары және оларды пайдалану мүмкіндіктерін болжау;

- ғылыми техникалық прогрестің мүмкін бағыттарын болжау;

- мемлекеттің дамуының инвестициялау динамикасының болжамдары, оның ішінде капитал салымдарының, сондай ақ негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің динамикасын болжау;

- экономикалық және жалпы экономикалық қатынастардың қорын болжау;

-әлеуметтік дамуының, халық қажетіліктерін және оларды қанағаттандырудың негізгі бағыттарын, тауарлар мен қызметтердің құрылымындағы өзгерістерді болжау;

2.Үкімет тарапынан барлық деңгейдегі бюджетерді қалыптастырудың жергілікті өкімет органдарының өкілеттігін күшейтуді көздейтін пәрменді жүйесін енгізу маңызды. Аймақтарға орталықтандырылған көмектердің атаулығын қамтамасыз ету, жергілікті бюджеттерге орталықтандырылған қолдау ұсынудың нысандарын әртараптандыру, аймақтардың ерекшеліктерін ескере отрып, білім беруге, денсаулық сақтауға, халықты әлеуметтік қорғауға арналған мақсатты субвенцияларды тәжірибеге енгізу, реттелетін кірістерден жоғары тұрған бюджеерге аударымдардың тұрақты жылдық мөлшерін бегілеу қажет. Аралық және жергілікті билік органдары қаражаттандырудың негізгі үш кіріс көзі бар: мемлекетке міндетті түрде қайтарылмайтын төлемдер, басқа да барлық табыстар, субсидиялар. Барлық деңгейде бюджетті қалыптастыру мен пайдалану жүйесін енгізуде жергілікті органдарының әрекеттілігін арттыру қажет. Республикалық және жергілікті бюджеттердің әрекеттестік тиімділігін қамтамасыз ету келесідей негізгі бағыттарда жүргізілуі керек:

· Аймақтарға орталықтандырылған тікелей көмекті қамтамасыз ету, соның мүдделі пайдаланылуының бақылау тетіктерін әзірлеу;

· Жергілікті бюджеттерге орталықтандырылған қолдаудың нысандарын жаңарту, аймақтардың ерекшіліктерін ескере отырып білімге, денсаулық сақтауға, тұрғындарды әлеуметтік қорғауға мүдделі субвенцияларды бөлуді тәжірибеге енгізу;

· Экономикалық даму жағынан артта қалған аймақтар мен дағдарысқа ұшыраған шағын жәнек орта қалалар, алыстағы селолық аудандардың дамуын жеделдету үшін салық, кеден, және т.б режимдерден жеңілдіктер енгізу қажет.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Болжау, жоспарлау, бағдарламалау аймақтық экономиканы реттеу механизмі.

2. ҚР қаржы-бюджет қатынастарының аймақтық астары.

 

Лекция.

Тақырыбы: Аймақтық жоспарлаудың ең маңызды қағидасы- бастапқы деңгейді талдау

Жоспары:

1.Экономикалық дамудың аймақтық ерекшеліктерін зерттеу қажеттілігі.

2.Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін талдау әдістері.

3.Артта қалған аймақтарды дамытуға арналған мемлекеттік шаралар жүйесі.

 

Лекция мәтіні: 1. Қазақстанда оңтайлы құбылыстардың бірі – аймақтық басқаруға бетбұрыс жасалуы. Мысалы, үкіметтің 1996-1998 жылдары қабылдаған бағдарламасында аймақтық басқарудағы негізгі бағыттары белгіленген. Мемлекеттік реттеу әр түрлі аудандарда арнайы тәсілдерді жасау арқылы олардың толықтай потенциалды мүмкіндіктерін ашу мақсатында құрылады. Осы тұрғыдан Қазақстанның барлық аймақтары төрт топқа бөлінеді. Бірінші топ – стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың керемет қорларымен және де ғылыми өндірістік потенциалдың қарқынды дамуының жоғары импульсі бар облыстар. Бұл аймақтарға Қазақстан экономикасын дағдарыстан шығару және тұрақтандырудың рөлі беріледі. Екінші топ – жоғары ғылыми өндірістік потенциалды, ауыр индустриалды салалардағы ашық көрсетілген мамандандыру, жоғары технологиялық ғылыми көлемді өндіріс құру үшін жағымды экономикалық шарттар жағдайлары бар облыстар. Үшінші топ – АӨК салаларында маманданған облыстар. Олар республикада азық түлік қорларының алдыңғылары болып табылады. Төртінші топ – экстремалды табиғи климаттық, әлеуметтік экономикалық және техника технологиялық жағдайларымен, экономикалық ептілік мүмкіндіктерінің қатаң шектелуімен, халық шаруашылығыгың салалық құрылымының өте тиімсіздігі және де экономикалық дағдарыстағы аудандармен көрсетілетін депрессиялық облыстар.

2.Аймақтық саясаттың тұжырымдамасы шеңберінде аймақты дамытудың әр түрлі тетіктері пайдаланылып, солардың бірі болып бағалау жүйесі қолданылады. Осы жүйе арқылы аймақтардағы жағдайлар туралы үнемі нақтылы ақпараттар алып отыруға болады. Бүндай жүйе үкіметке мәселелерді тез шешуге ықпал етеді.

Аймақтың ұзақ мерзімді кешенді даму концепциясын жасау барысында құрастырылған және айқындалған экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа да сипаттағы мақсаттарды талдау аймақтың даму стратегиясы мен өндірістік күштердің дамуы мен орнатылуының аймақтық схемаларын құрудың негізі болып келеді.

3.Депрессиялық аймақтарда инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін шектеулі, экономикалық қиын аймақтарда (Қызылорда, Семей, Атырау) болашақ перспективаны мемлекеттік бюджет жағынан қолдау сақталу қажет.

Аймақта инвестициялық қызметке мемлекеттік ықпал әдісіне дотация мен субсидия жатады. Нарық жағдайында аймақтарға кез- келген жеңілдік пен дотациялар ғылыми негіздеуді және аймақтың бастапқы деңгей мен типін қарай қатаң дифференциялау керек.

Мемлекеттік бюджетпен қайтарылмайтын субсидиялар тек депрессиялы, артта қалған және экологиялық жағымды емес аймақтарға бөлінуі тиіс. Ол үшін аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымы мен экономикалық жағдайын ескеру қажет. (Қызылорда, бұрынғы Торғай және Семей облысының территориясы, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облысы).

Бақылау сұрақтары:

1.Экономикалық дамудың аймақтық ерекшеліктерін зерттеу қажеттілігі.

2.Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін талдау әдістері.

3.Артта қалған аймақтарды дамытуға арналған мемлекеттік шаралар жүйесі.

 

Лекция.

Тақырыбы: Мемлекеттің маңызды міндеті аймақтардың кешенді дамуын

қамтамасыз ету

Жоспары:

1. Республика аймақтарының инвестициялық потенциалы.

2. Мемлекеттің аграрлық саясаты.

3.Өндірістік инфрақұрылым салалары және Қазақстан облыстарында дамуы.

 

Лекция мәтіні: 1.Аймақтық инвестициялық саясатты жүзеге асыруда, ірі инвестициялық жобаларды қабылдауда аймақтардың ролі мен функциясы заң түрінде анықталмаған және шектеулі. Облыстық және жергілікті билік органдары инвестициялық қызметке әсер етуге нақты нарықтық тұтқаларға ие емес. Бұл негізінен шикізат өндіруге маманданған салаларда бұл кемшілік айқын көрінеді.

Сондықтан да республикамызда аймақтық экономиканың қазіргі даму этапында негізгі мәселе ол – аймақтық инвестициялық саясатты қайта қарастыру, оның ішінде шетел инвестицияларына қарасты және аймақтық деңгейде инвестициялық процесс механизмінің жүйесін негіздеуде.

Экономикалық аймақтандыру процесі – экономикалық қатынастар, сонымен қатар инвестиция аумағында орталық (республикалық) және жергілікті билік органдары арасындағы өкілеттіктерді бөлуде қайшылықтар туып отыр. Осылайша, қазіргі жағдайдағы өтпелі кезеңде барлық аймақтардың экономикасын қайта құру құрылымы мен инвестициялық процесінде мемлекеттің қатысуы өзекті болып қалуда. Бірақ бұл қатысудың дәрежесі мен формасы аймақтар тобымен дифференциалдануы қажет.

2. Ауыл шаруашылығы халық шаруашылығының, аграрлық өнеркәсiп кешенiнiң ең басты саласы, өзектi буыны болып табылады. Облыс бойынша аграрлық-өнеркәсiп кешенiнде өндiрiлген жалпы iшкi өнiмнiң көлемiнiң 16,8 пайызы ауыл шаруашылығының үлесiне тиедi. 1999 жылдан бастап орта есеппен ауыл шаруашылық өнiм көлемдерi жыл сайын 12 пайызға өсуде. Бұл салада ауыл шаруашылығы өндiрiсiн тұрақты арттыру, халықты азық-түлiк өнiмiмен, ал өнеркәсiптi ауыл шаруашылығы шикiзатымен қамтамасыз ету, Аграрлық азық-түлiк бағдарламасына сәйкес жоғары түпкi нәтижелерге жетуге көмектесу мiндетi жүктелген. Аграрлық өнеркәсiптiк өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру және оны одан әрi дамыту негiзiнде халықты азық-түлiкпен қамтамасыз етудi жақсартуға орай ауыл шаруашылығының халық шаруашылығындағы мәнi арта түседi. Тамақты тұтынудың ұтымды мөлшерiне сәкес халықтың сұранысын қанағаттандыру қажет. Бұл мiндеттi орындау үшiн аграрлық саясатты iске асыру стратегиясын түбегейлi жүзеге асыру, материалдық-техникалық базаны едәуiр нығайту, өндiрiстiк қатынастарды жетiлдiру және ауыл шаруашылығының халық шаруашылығының басқа салаларымен байланысын күшейту қажет болып отыр.

Алға қойылған мақсатты орындау үшiн ауыл шаруашылығының және онымен байланысты салалардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған iрi ұйымдастыру-шаруашылық шаралары әзiрленiп, iске асырылады. Аграрлық-өнеркәсiптiк өндiрiстi басқарудың принциптерi, жаңа органдары құрылады, шаруашылықты жүргiзудiң экономикалық механизмi жетiлдiрiледi, мұның өзi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру саласын осы өнiмдi ұқсатумен және тұтынушыға жеткiзумен интеграциялауға, барлық әрiптестердiң мүдделерiнiң бiрлiгiн қамтамасыз етуге, адам факторын жандандыру, еңбек өнiмдiлiгiн едәуiр арттыру, азық-түлiк ресурстарын тұрақты түрде еселей түсу үшiн қолайлы жағдай жасауға жәрдемдеседi.

3. Қоғамдық өндіріс екі үлкен сферадан тұрады. Оның біріншісіне — қоғамның материалдық-заттық қажеттіліктерін қанағаттандыратын салалар жататын болса, екіншісіне — оның материалдық емес (информация, әр түрлі қызметтер т.б.) сүраныстарын қамтамасыз ететін салалар жатады. Дегенмен, бүл сфералардың дұрыс дамуы үшін белгілі бір сыртқы жағдайлар (материалдық өнімнің айналуы, шаруашылық байланыстарды қалыптастыру, информацияны өндеу жөне жеткізу т.б.) қажет Кәсіпорындар жүмысының сыртқы жағдайларын қамтамасыз етумен, экономикалық әдебиеттерде "инфрақұрылым" аталатын, экономиканың өзінше бөлек сферсы айналысады.

Экономиканың дербес сферасы болып, инфрақұрылым, материалдық-заттық өндірістен қоғамдық еңбек бөлінуінің терендеуіне жене оның сыртқы жағдайларын қамтамасыз етуге деген сұраныстың өсуіне байланысты бөлініп шықты.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Республика аймақтарының инвестициялық потенциалы.

2. Мемлекеттің аграрлық саясаты.

3.Өндірістік инфрақұрылым салалары және Қазақстан облыстарында дамуы.

 

Лекция.

Тақырыбы: Аймақтың еңбек ресурстары және оларды ұтымды пайдаланудың жолдары

Жоспары:

1.Аудандардың еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілу жағдайы.

2.Жұмысбастылық деңгейін көтеру үшін жүргізілетін аймақтық шаралар.

 

Лекция мәтіні: 1.Қазақстан егемендiк алғаннан кейiн экономикадағы нарықтық қатынастарының қалыптасуы еңбек нарығы құрылымының өзгеруiмен бiрге жүрдi. Жұмыс күшiнiң әрекет етуiнiң жаңа шарттары анықталды, жұмыс күшiне сұраныстың сандық және сапалық сипаты өзгердi. Еңбек нарығын реформалау мемлекетпен басқарылатын жұмысбастылық және жалақы төлеу жүйесiн, осы факторлардағы сұраныс пен ұсыныстардың нарықтық күштерiн анықтайтын алмастыруды көздейдi.

Жұмыстылық туралы статистика жалпы тұрғындардың жағдайын бiлдiрмейдi, жалпы жұмыссыздар саны 1998 – 2001 жылдары Республикамызда 2,1 % -ға кемiдi, арнайы жұмыссыздар керiсiнше 4,5 % -ға өстi.

Жұмыссыздықтың пайда болу себептерiне тоқталып кететiн болсақ, бiрiншiден жұмыссыздық деңгейiнiң төмен болуы мемлекет дамуының көрсеткiштерi, жаңа жұмыс орындарының көбеюi, және тағы басқа. Бұл жерде жұмыссыздардың ақша табу көздерi жоғалады. Мемлекеттiк емес жұмыс орындары тұрақты емес, олар кездейсоқ жағдайда болады, олар әлеуметтiк қамтамасыз етуге, әлеуметтiк көмекке жауап бермейдi. Екiншiден, екi жақты табыс көзiне әсер ететiн факторларға байланысты.

Нарықтық қатынастар қалыптасуы және дамуы кезеңiндей ел экономикасындағы құрылымдық жұмыс күшiне сұраныс пен ұсыныстың тепе –бұзылуымен өсуiмен Республикасының Үкiметi жұмыссыздарды азайту мақсатында iс – шаралар қолдануда. Соңғы жылдары экономиканың нақты секторындағы өндiрiстiң өсуiне байланысты жаңа жұмыс орындары құрылып жатыр, бұл жұмыс бастылықтың өсуiне және жұмыссыздықтың кемуiне әкелдi.

2. Жұмысбастылық деңгейін көтеруге арналған аймақтық шаралар келесідей:

· қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту;

· кадрларды қайта дайындау, мамандандыру және бiлiм беру жүйесiн дамыту жоспарланып отыр;

· шағын және орта бизнестi дамыту;

· жеке кәсiпкерлiктi дамыту, жергiлiктi кәсiпкерлерге қолдау көрсету, шет ел жұмыс күшiн шектеу жоспарлануда.

Болжам бойынша еңбек нарығы мыналардың әсерiмен дамиды:

· жаңа кадрларды ескi кадрлармен орын алмастыру;

· инвестициялық мүмкiншiлiк әсерiмен;

· iрi мекемелер мен ұйымдардан жұмыскерлердi жұмыстан босату процесiнiң жалғасуына байланысты.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Аудандардың еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілу жағдайы.

2.Жұмысбастылық деңгейін көтеру үшін жүргізілетін аймақтық шаралар.

Лекция.

Тақырыбы: Өндірістік емес сфераның дамуының және халықты

әлеуметтік қорғаудың аймақтық астары

 

Жоспары:

1.Әлеуметтік инфрақұрылым салаларын басқарудың аймақтық органдары..

2.Әлеуметтік қорғаудың аймақтық механизмі.

3.Әлеуметтік саясаттың қалыптасу негіздері.

 

Лекция мәтіні: 1.Бүгiнгi күнде тұрғындардың әлеуметтiк экономикалық жағдайы маңызды мәселелердiң бiрi. ҚР-ның маңызды мақсаттарының бiрi – әлеуметтiк мемлекет құру. Елiмiздiң әлеуметтiк экономикалық дамуы,өркендеуi әлеуметтiк қызметтердi iске асыру сапасына толығымен байланысты.

Әлеуметтiк экономикалық әл ауқатты сипаттайтын көрсеткiштер; кедейшiлiк, жұмыссыздық,табысы,жалақысы,зейнетақысы ,ең аз күнкөрiс шамасы және т.б.

Елiмiзде жұмыссыздық және кедейшiлiк проблемалары қиынға түсiп тұр. Нақты қазiргi уақытта кедейшiлiк деңгейiнде өмiр сүрiп жатқандар барлық халықтың 28,1 пайызын құрайды, ал жұмыссыздар саны 780,3 мың адамды құрап отыр. Жұмыссыздар саны жылдан-жылға азайғанымен,бұл проблема маңызды болып қала бередi.

Тұрғындардың әлеуметтiк экономикалық әл ауқатын көтеру үшiн , оларды әлеуметтiк қорғау үшiн әртүрлi бағдарламаларды iске асыруда. Яғни, тұрғындардың әл ауқатын жақсарту үшiн табысты, жалақыны, зейнетақыны, жұмыссыздарға және жағдайы нашар отбасыларға ,балаларға берiлетiн жәрдемақыны көтеруiмiз қажет.

Оңтүстiк Қазақстан облысы үшiн ең күрделi әлеуметтiк проблема кедейшiлiк мәселесi болып тұр. Облыс халқының кедейшiлiк деңгейi 44 пайызға дейiн барды.Ең кедей аудандар ретiнде экономикасы ауыл шаруашылығына бағытталған,табиғи-климаттық жағдайы қиын аудандар болып табылады. Сондықтан ауыл шаруашылығында жұмыс iстейтiндерге қолдау көрсетiп, олардың жалақы,зейнетақыларын,жәрдемақыларын көтеруiмiз қажет.

Тұрғындардың әлеуметтiк экономикалық әл ауқатын жақсарту үшiн,олардың өмiр сүру деңгейiн жоғарылату үшiн мынадай iс-шараларды iске асыру қажет;

- жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету қажет;

- кедейлерге материалдық және әлеуметтiк көмек көрсету;

- күнкөрiс көздерi болып табылатын жалақыны,зейнетақыны,табысты көтеру қажет;

- жұмыссыздарға және кедейлерге берiлетiн жәрдемақы мөлшерiн арттыру;

- жалпы жағдайы нашар тұрғындарды әлеуметтiк қорғау және қолдау көрсету т.б.

Соңғы 3-4 жылда облыста әлеуметтiк барлық саланың көрсеткiштерi оңды өзгерiстер алуда. Айта кететiн болсақ,қабылданған жұмысбастылық бағдарламаларының арқасында жылдан-жылға жұмысбастылардың саны өсе түсiп жұмыссыздық деңгейi қысқаруда. 2001 жылы жұмыссыздық деңгейi 1,62 болды.Сондай-ақ облыста кедейлердiң саны азая бастады(2001ж 11,4%). Жылдан-жылға жалақы, зейнетақы, әр түрлi жәрдемақы көлемi өсуде.

Қазіргі уақытта нарықтық қатынастарға көшу экономикада және қоғамның әлеуметтік сфераларындағы күрделі қараша-қайшы процесстерімен қосарлана жүреді.

Аймақтардың түрлі потенциалы, күрделі әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, демографиялық шарттары бар территориалдық бар болуы, аймақтық экономиканы мемлекеттік реттеуге дифференцияланған тұрғыдан қарау принципін күшейте түседі.

Аймақтық экономикалық саясаттың негізгі мақсаттары мыналар болу керек: еңбекті аймақтық бөлу, шаруашылықпен айналысатын субьектілер мен халықтың тіршілік әрекеті үшін жергілікті ресурстар мен аймақтарда теңдей мүмкіндіктер жасау факторларын эффекті қолдану.

Көрсетілген мақсат кейбір мәселелерді шешу арқылы жүзеге асуы керек, олардың ішінде мақыздылары болып аймақтардағы халықтың өмір суру сапасы мен деңгейінің ақталмаған айырмашылықтарын теңдестіру, шаруашылықты территориалды ұйымдастыруды жетілдіру, аймақтардағы әлеуметтік және экономикалық сфераларды депрессиялық жағдайдан шығару, кіші және орта қошалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына қолдау қөрсету, ауылдарда жандандыру үшін материалдық негіз құру, технико-технологиялық дамуды қарқындату және экономикамыздың әлемдік шаруашылыққа кіруін тездету мақсатында аймақтарды дамытудың барлық мүмкіншіліктерін пайдалану.

2.Әлеуметтiк қорғау - бұл әлдебiр жағдайларға (кәрiлiк, мүгедектiк, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылуы) және өзге де заңды негiздерге байланысты экономикалық белсендi бола алмайтын әрi лайықты ақы төленетiн еңбекке қатысу жолымен өзiн табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшiн өмiрлiк қажеттi игiлiктердiң және әл – ауқаттың белгiлi бiр деңгейiн қамтамасыз етуге арналған жүйе.

Әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң сандық көрсеткiштерi экономикалық даму деңгейiмен анықталса, ал адамдар арасындағы ынтымақтастық, мемлекеттiк институттардың қатысу дәрежесi мен еңбекке ынталандыру модельмен өзара байланысты болады.

Халықаралық тәжiрибеге сүйене отырып, әлеуметтiк қорғаудың неғұрлым тиiмдi және кешендi жүйелерi, әдетте:

- мемлекеттiк жәрдемақылар

- мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру;

- жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру;

- әлеуметтiк көмек сияқты негiзгi элементтердi қамтиды деген қорытынды жасауға болады.

Мемлекеттiк жәрдемақылар әлеуметтiк қорғауға жататын жағдайлар туындаған кезде барлық азаматтарды кепiлдiктi төлемдермен белгiлi бiр деңгейде қамтамасыз етуге арналған. Жұмыс берушiлер мен еңбеккерлер аударымдарының есебiнен қаржыландыратын мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесi төленген жарна деңгейiне сай ресми жұмыс iстейтiн еңбеккерлердi қосымша қорғауға арналған.

Әлеуметтiк көмек азаматтардың жекелеген санаттарын бюджеттiң қаражаты есебiнен қосымша қорғауға арналған.

Қазiргi әлеуметтiк қорғау жүйесiнде толық ынтымақтастық және мемлекеттiк институттардың қатысу деңгейi басым да, ынталандыру деңгейi төмен. Мүгедектiгiне, асыраушысынан айырылуына байланысты, жұмыссыздығы мен жасы бойынша әлеуметтiк қорғау жүйесi толық ынтымақтастық қағидатына негiзделген. Барлық жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар (бұдан әрi - азаматтар) өмiрлегi қатерлi жағдайлар туындаған кезде еңбек қызметiне қатысуына және жарнасына қарамастан, егер заңдар мен халықаралық шарттарда өзгедей көзделмесе, бiрдей деңгейде мемлекеттiк жердемақылар алады. Әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң негiзгi қаржыландыру көзi мен жалпы реттеушiсi мемлекет болып табылады. Заңнамаға сәйкес азаматтардың жекеленген санаттарына мемлекет қаражаты есебiнен әлеуметтiк көмек көрсетiледi. Жинақтаушы зейнетақы жүйесiн қоспағанда, әлеуметтiк қорғау жүйесiнде ынталандыру деңгейi төмен.

Әлеуметтiк қорғау жүйесiн дамытуды негiзгi бағыттары халықаралық тәжiрибе мен қазiргi жағдайды талдаудан туындайды.

Әлеуметтiк қорғаудың жаңа жүйесiнiң негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi экономикалық өсудi қолдау элементтерiн қамтуы, қатерлi жағдайлар туындаған кезде барлық азаматтарға қорғау көрсетуде әдiл болуы; тиiмдi жұмыс iстеуi және халықты неғұрлым толық қамтуы тиiс.

Әлеуметтiк қатерлер негiзiнде қорғаудың мынадай элементтерiн қамтитын әлеуметтiк қорғау жүйесiн ұйымдастыру көзделiп отыр:

- барлық азаматтарға әлеуметтiк қатерлерге қарай бюджет қаражатының есебiнен бiрдей деңгейдегi мемлекеттiк төлемдер беру;

- алғашқы кезеңде мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды жұмыс берушiлер есебiнен және келешекте еңбеккерлердiң де аударымдары есебiнен жүргiзу;

- жинақтаушы зейнетақы жүйе;

- әлеуметтiк көмек және белгiлi бiр санаттағы азаматтардың бюджеттiң қаражаты есебiнен қолдаудың арнаулы мемлекеттiк бағдарламалары.

Мүгедектiк проблемаларын шешу бойынша iс- сапарлар әзiрлеу, мүгедектердiң мұқтаждарына арналған өндiрiстердi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру, мүгедектердiң негiзгi құқықтар мен көрсетiлетiн қызметтерге қол жеткiзуiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк стандарттарды енгiзу қарастырылады.

Атаулы әлеуметтiк көмек мұқтаждықтың нақты өлшемдерi негiзiнде халықтың ең аз қорғалған топтарына ғана берiлетiн болады.

Еңбек ету қабiлетiнен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтiк қорғау.

Еңбек етуге қабiлеттi жастағы азаматтардың мүгедектiк дәрежесiн бағалау кезiнде тiршiлiк әрекетiнiң шектелуiн ғана емес, еңбек ету қабiлетiнiң де шектелу дәрежесiн ескеру қарастырылады.

Еңбек ету қабiлетiнен және асыраушысынан айырылу жағдайында әлеуметтiк қорғау жүйесiн реформалау мынадай құрылымдарды енгiзудi көздейдi:

Бiрiншi деңгей: барлық азаматтарға бюджет қаражаты есебiнен бiрдей деңгейдегi жәрдемақы беру.

Екiншi деңгей: ресми жұмыс iстейтiн қызметкерлерге, зейнеткерлiк жасына жеткендерге қосымша төлемдер беру.

Үшiншi деңгей: еңбек мiндеттерiн атқару кезiнде жазатайым оқиғаның және асыраушысынан айырылған жағдайда қосымша әлеуметтiк қорғау көзделедi.

3. ҚР-сы тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығы жылында Үкiметтiң әлеуметтiк экономикалық саясаттың негiзгi мақсаты инфляцияның төменгi деңгейi кезiнде тұрақты экономикалық өсуге өту, инвестициялық ахуалды жақсарту, халықты жұмыспен қамтудың деңгейiн және нақты кiрiстерiн арттыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Қойылған мақсатты ескере отырып , ҚР-ның Үкiметi:

· халықтың әлеуметтiк осал жiктерiне мемлекеттiк қолдау көрсетудi күшейтуге, кедейшiлiк және жұмыссыздық пен күрес жөнiндегi бағдарламаны iске асыруды жалғастыруға 2002 жылы мiндеттi дайындық шараларын жүзеге асыруға ;

· мемлекеттiк бюджеттiң кiрiстерiн тұрақтандыруға;

· ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн арттырумен ,ауыл шаруашылығын қолдау саясатын жүргiзуге ниеттенiп отыр.

Үкiмет халықтың тұрмыс деңгейiн одан әрi жақсарту келеңсiз демографиялық үрдiстердi бiртiндеп өзгеру мақсатымен әлеуметтiк саланы дамытуға ықпал жасауды күшейтедi.

Үкiмет жұмыспен қамту, жұмыссыздық деңгейiн төмендету және кедейшiлiкпен күрес проблемаларын шешу жөнiндегi жұмысты жалғастырады, жастарды жұмыспен қамтуға мемлекеттiк қолдау көрсетудi күшейтедi. 120 мыңнан аса жұмыс орнын құру жұмыссыздық деңгейiн 11,5%-ға дейiн төмендету,80 мың адамды қоғамдық жұмыстармен қамтуды ұйымдастыру, 15 мыңға жуық жұмыссыз азаматты қайта оқыту жоспарланып отыр.

Көзделiп отырған әлеуметтiк және экономикалық саясатты iске асыру сыртқы тауар және қаржы рыноктарында макроэкономикалық көрсеткiштердi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Әлеуметтік инфрақұрылым салаларын басқарудың аймақтық органдары..

2.Әлеуметтік қорғаудың аймақтық механизмі.

3.Әлеуметтік саясаттың қалыптасу негіздері.

 








Дата добавления: 2016-05-25; просмотров: 10858;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.098 сек.