Конструкторлық құжаттардың түрлері.

 

Конструкторлық құжаттардың түрлеріне жататындар:

· эскиздік жоба,

· техникалық жоба

· конструкциялық жүмыс құжаттары

 

Эскиздік жоба техникалық тапсырма бойынша қажет болғанда ғана жасалады.

Эскиздік жобада бұйымның құрылысы және жұмыс істеу принципі жөнінде жалпы мәлімет беретін конструкторлық шешімге келетін тиімді варианттар жасалады.

Техникалық тапсырма және техникалық ұсыныс бойынша бұйымдарға қойылатын талаптар эскиздік жобада дәлелденеді және бекітіледі.

Эскиздік жобада типтік стандартталған және біріңғайланған бөлшектерді қолданудың негізі салынады. Практикада сынақтан өткен тораптар мен механизмдерді қолдануға ерекше көңіл бөлінеді.

эскиздік жобада бекітілетін мәселелер:

· материалдар мен бұйымдардың құрама,

· бөлшектеріне қойылатын техникалық талаптар.

Кейбір жеке тораптар мен механизмдердің жұмыс істеу принциптері күмән туғызатын болса, онда олардың макеттерін дайындап, оны сынау жөніндегі шешімде эскиздік жобада қабылданады.

Эскиздік жобаның түсіндірме жазбасында болатын мәліметтер:

· конструкторлық зерттеулердің нәтижелері, соның ішінде:

· бұйымның жұмыс істеу принциптері,

· техникалық-экономикалық көрсеткіштері,

· әрі қарай жүргізілетін конструкторлық және тәжірибелік жұмыстар жөнінде мәліметтер болу керек.

· техникалық жобада жүргізілетін жұмыстарға қойылатын талаптар .

Техникалық жобадаболатын мәліметтер:

· техникалық шешім туралы мәліметтер;

· бұйымның құрылысытуралы мәліметтер;

· бұйымның жұмыс істеу принципін толық түсіндіретін мәліметтер болады.

 

Техникалық жобада шешілетін мәселелер:

· жаңа бұйымның жоғары техникалық деңгейі,

· бұйымды дайындау мәселелері,

· бұйымды жинау және пайдалану процестерін қамтамасыз ететін барлық мәселелер шешілуі керек.

Техникалық жобада бұйымды керек болған жағдайда майлау, салқындату, салқындататын сұйықтарда құю мәселелері сондайақ керек болған жағдайда жанар-жағар май де шешілуі керек.

Кешенді шешімдерде көбнесе күту алаңы, қоршау, бір деңгейден екінші деңгейге көтерілу сатылары, жәлдеткіш мәселелері болмашы, арзымайтын нәрселер деп, көңіл бөлінбейді. Бұл кемістіктер шешім көрсеткіштеріне кері әсер етеді. Бұл мәселелерді уақытында шешпеу, оларды конструкцияға кейіннен, қалай болса солай, қоса салу конструкциялық біркелкілікті бұзады сондықтан оларды алдын ала ескерген жөн.

Техникалық жобада тізбесіне кіретіндер: бұйымның барлық элементтері, соның ішінде жетектің, кабельдің, темер арқанның ұзындықтары, механизмдердің, тораптардың орналасу орындары, мөлшері толық анықталып тізбеге енгізу керек.

Техникалық жобаның есептері жұмыс құжаттарын жасағанда да өзгермейтіндей етіліп, ең соңғы вариант болып орындалуы керек.

Техникалық жоба жұмыс құжаттарын жасайтын параметрлер келтірілген конструкторлық құжаттарының жинағы болып саналады.

Техникалық жобаға міндетті түрде кіретін құжаттар:

· бұйымның жалпы көрініс сызбалары,

· техникалық жобаның тізбесі,

· түсіндірме жазбалары жатады.

 

Техникалық жобаның түсіндірме жазбасында болатын мәліметтер:

· бұйым конструкциясының толдық сипаттамасы мен оның жұмыс істеу принциптері,

· құжаттамаларға кіретін бүкіл жүйені сипаттамасы,

· пайдаланылатын материалдар туралы толық мәліметтер,

· бұйымның конструкциясының беріктілігіне қойылатын талаптар

· техникалық-экономикалық есептер келтіріледі.

 

 








Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 4700;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.