Зейнетакылар. Жалпы сипаттама. Түрлері. Тағайындау тәртібі

«Зейнетакы» сөзінің орысша баламасы «пенсия» сөзі төлем деген мағынаны білдіреді. С.И. Ожеговтың орыс тілінің түсіндірме сөздігінде «зейнетақы» сөзіне мынадай анықтама берілген: «еңбек сіңірген жылдары үшін, мүгедектігіне, еңбекке жарамсыздығына және т.б. байланысты ақшалай ақысыздандыру».

Кеңестік кезеңнің заң әдебиетінде «зейнетақы» сөзіне түрліше анықтама берілген. Алғаш рет зейнетақы сөзіне 1946 жылы Е.И. Астрахан анықтама берді. Оның пікірінше, зейнетақы- бұл «қызметкерді, жұмысшыны не оның отбасын оның еңбек қызметінің белгілі бір үлкен циклының аяқталуына немесе оның толыққанды қызметкерлер қатарынан өмір бойына немесе ұзак мерзімге шығуына орай материалдық қам-сыздандыру мақсаттарында әлеуметтік сақтандыру қаражаты есебінен жүзеге асырылатын мерзімдік төлемдер».

«Зейнетақы» сөзінің өзге де анықтамалары негізінен «зейнетақы алу құқығы туындау үшін алғышарт болып тұракты немесе ұзак мерзімдік еңбекке жарамсыздық табылады, сол себепті өмір сүрудің негізгі көзі ретіндегі жалакының орнына ақшалай төлемдер төленеді» деген пікірлерге негізделеді.

Қазіргі кезде зейнетақы қандай да бір себептермен еңбекке қабілетін жоғалтқан, белгіленген жасқа толуына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және т.б. себептерге орай еңбек міндеттерін орындауды тоқтатқан немесе оны тоқтату құқығына ие тұлғалар үшін тағайындалады. Басқаша айтар болсақ, зейнетақыны тағайындау объективтік, сонымен қатар субъективтік сипаттағы белгілі бір талаптармен байланысты.

Біздің пікірімізше, зейнетақыны мемлекеттің сыйы ретінде, қайырымдылық әрекеті ретінде қарастыруға болмайды. Зейнетакы - бұл әрбір азаматтың еңбегімен табылған жеке меншігі, оның зейнетақыға қатысты құқығы заңдармен қорғалады. Зейнетақы мынадай қағидаға жауап беруі тиіс: адам өз өмірінде қалай жұмыс істесе, ол солай алуы тиіс.

Одан әрі еңбек зейнетақыларын алудың жағдайларын өзгерту көзделудеп белгілі бір жасқа толумен қатар қандай да бір зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын міндетті түрде төлеу қажет болады.

Сонымен, зейнетақы – бұл тұлғаларға заңдарда белгіленген жасқа толған жағдайда, сонымен қатар еңбек сіңірген жылдары үшін, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айырылған жағдайда Орталықтан немесе жинақтаушы зейнетақы қорларынан өмір сурүдің негізгі көзі ретіндегі ақша қаражатын ұзақ мерзімге ай сайын төлеу.

Қазакстан Республикасында зейнетақылардың келесі түрлері төленеді:

1.еңбек зейнетақылары;

2.әлеуметтік зейнетақылар.

Еңбек зейнетақылары, өз кезегінде, келесі түрлерге бөлінеді:

-жасына байланысты зейнетақылар;

-мүгедектігі бойынша зейнетақылар;

-еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар;

-асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар. Жасына байланысты еңбек зейнетақысы және мүгедектігі бойынша

еңбек зейнетакысы екі бөліктен тұрады: негізг және жинақтаушы.

Еңбек зейнетақысы - бұл азаматгарға жалақасын немесе өзге де табысын өтеу мақсаттарында төленетін ай сайынғы ақшалай төлем. Еңбек зейнетақысына қатысты құқық зейнетақы заңдарының шарттарымен және нормаларымен анықталады.

Еңбек зейнетақысына қатысты құқықты Қазақстан Республикасының азаматтары ҚР «ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңның шарттарын сақтаған жағдайда иеленеді.

Жоғарыда аталған азаматтардың отбасыларының еңбекке жарамсыз мүшелері заңдарда көзделген жағдайларда асыраушысынан айырылуына байланысты еңбек зейнетақысына құқықты иеленеді.

Егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасын ың аумағында тұрақты тұратын шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ түлғалар да зейнетақы алуға құқылы.

Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес әртүрлі зейнетақылар алуға құқығы бар азаматтарға олардың таңдауы бойынша бір зейнетақы тағайындалады.

Зейнетақыларды тағайындау тәртібі. Жасына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар осы тұлға белгіленген жасқа толған кезде және еңбек стажы (жалпы немесе арнайы) болған жағдайда, сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жағдайда тағайындалады.

Еңбек және өзге де қоғамға пайдалы қызметпен байланысты зейнетақылар орташа белгіленген нормалар бойынша жалақыдан есептеледі. Зейнетақы қатаң сомада тағайындалады.

Әлеуметтік зейнетақылар қандай да бір себептермен зейнетақының өзге түрлерін алу құқығын иеленбеген азаматтар үшін тағайындалады. Әдетте, әлеуметтік зейнетақылар зейнетақылық жасқа жеткен, бірақ қажетті еңбек стажы жоқ тұлғаларға тағайындалады. Мұндай жағдайда, зейнетақы жалақыдан есептеле алмайтындықтан, ол тиісті зейнетақы ең төменгі мөлшерінде белгіленеді.

Зейнетақылық қамсыздандыруды халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы арыз зейнетақы төлемдерін есептеу үшін қажетті стажы мен табысын растайтын құжаттармен қоса азаматтың тұрғылықты жері бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға беріледі.

Орталықтан зейнетақы төлемдері зейнетақы тағайындауға өтініш берілген күннен бастап тағайындалады. Арыз бен қажетті құжаттарды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға бір мезгілде берген күн Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш берген күн болып есептеледі. Арыз бен қажетті құжаттарды поштамен жіберген жағдайда Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш берген күн болып бұларды поштадан жіберген күн есептеледі.

Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізеді.

Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға арналған құжаттарды қарауды халықты әлеуметтік қорғау органы құжаттар табыс етілген күннен бастап 10 күн мерзімнен кешіктірмей жүзеге асырады. Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органы тиісті шешім шығарылғаннан кейін 5 күннен кешіктірмей бұл туралы арыз берушіге хабарлайды.

Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартылған жағдайда зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органы бас тартудың себептерін жазбаша түрде негіздеп, табыс етілген құжаттарды арыз берушіге қайтаруға міндетті.

Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органның шешіміне сот тәртібімен шағымдануға болады.








Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 2957;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.