Тақырып: Ұлттық діндер және олардың түрлері.

1. Үндістандағы ұлттық діндер – индуизм және сикхизм.

2. Қытайдағы ұлттық діндер: конфуцийшылдық және даосизм.

3. Жапондардың ұлттық діні - синтоизм

4. Еврейлердің ұлттық діні – иудаизм.

 

Индуизм-қазіргі Үнді елінде кең таралып, брахманизм ілімі негізінде елдегі әр түрлі діни нанымдарды бір жүйеге біріктірген дін . Ол 4--5 ғ.ғ. құл иеленуші қоғамның ыдырап, феодалдық қоғамның дамуы тұсында қалыптасты. Әдетте «Индуизм» деген атауды пайдаланбайды. Олар өз діндерін арьядхарма («арии заңдары») деп, сондай-ақ «санатана- дхарма» немесе жәй «санатана» деп те атайды. Индуизмде үш құдай бар : Брахма ( жаратушы) , Вишну (сақтаушы), Шива (бұзушы, қайта жаратушы). Брахма көптеген әр түрлі бейнелерге ие, соның ішінде әйел бейнесі Шакти де бар. Индуизмнің негізгі бағыттары : вишнуизм , шиваизм, шактизм. Бүкіл Үнді елінде осы құдайларға арналған мыңдаған үлкенді – кішілі храмдар салынған.Осы бағыттар үлкен құдайлар пантеонын құрайды. Храмдардан басқа қасиетті көптеген орындар , өзендер бар. Ең қасиетті өзен «Ганг» болып есептеледі. Үндістанда тек құдайларға ғана емес, сиырдың, өгіздің, маймылдың, жыланның мүсіндеріне де табынушылық кездеседі. Индуизмде бірегей шіркеу басшысы, шіркеу иерархиясы жоқ, сондай-ақ кононизация, ұйымдасқан шіркеу, клир де болған емес. XV ғасырда діни ғұрыптар қара халықтың тілі болып саналатын хинди тілінде атқарыла бастады. Осының нәтижесінде Вишнудің көпшілік арасындағы мәртебесі жоғарылай түсті. Шиваға құлшылық жасау да осы құдайды мойындаушы қауымдардың бірлігінің нығаюына қызмет етті. Бірақ, көпқұдайлық үнді халықтарының одан әрі қауымдаса түсуіне кедергі болған жоқ. Керісінше, осы көп құдайлар біртұтас діни түсінік аясында құрметтеліп, индуизм баршаның дініне айналды.

Индуизм үшін " Махабхарата" және "Рамаяна" әпостары - Үндістанды арий тайпалары жаулап алуы кезеңіндегі үнділердің қаһармандық күресі туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Поәмада индуизм құдайлары пантеоны туралы кең әңгімеленеді. "Рамаянада" Раманың және оның жұбайы Ситаның өмірі баяндалады. Индуизмнің діни ескерткіштерінің ішінде құрылымдық жағынан "Махабхарата" әпосына енетін дүниетанымдық проблемаларға түсініктемелер беретін ' Бхагават-Гита " ("Жаратушы өлеңі" немесе "құдіретгі өлең") философиялық концепция тұтастығымен ерекшеленеді. Концепцияның негізін күллі болмыстың (соның ішінде психика мен сананың) бастауы ретіндегі пракрит (материя, табиғат) туралы және одан дербес таза рух - пуруша (кейде Брахман немесе Атман деп аталады) туралы ережелер құрайды. Осылардан шығарма авторларының екі негізді мойындаған дуалистік көзқарасы айқын көрінеді.

"Бхагавад-Гитаның" негізгі мазмұнын Кришнаның өсиеттері деген орынды. Үнді мифологиясы бойынша Вишнудің сегізінші аватарасы (осы кейіпте көрінуі) болып саналатын Кришна әр адамды өзінің әлеуметтік (варналық) қызметі мен міндеттерін орындауға, тұрмыс тіршілігі жемістеріне бейтарап болуға, өзінің бар ойын құдайларға бағыштауға үйретеді. Йога "Ведаларға" сүйенеді және Веда философиялық мектептерінің бірі болып табылады. Ол әрі философия, әрі тәжірибе (харакет), жекелей алғанда, әр адамның рух еркіндігіне жету жолы, ол ең бірінші кезекте медитация арқылы адамның өз сезімі мен ойын өз ырқына бағындыруға арналады. Йога жүйесінде құдайға сену азаптан құтқарылуға бағытталған іс-қимылдың шарты және теориялық дүниетанымдық көзқарастың әлементі ретінде қарастырылады. Дара (Жаратушымен) қосылу адамның өзінің даралығын сезінуі үшін қажет нәрсе. Медитацияны жақсы меңгерген жағдайда адам самадха күйіне (толық интраверсия) енеді.

Индуизмнің тағы бір арнасы – «Пурана» діни-мистикалық поәмалары. Оларда космогониялық аңыздар мен құдайлар генеалогиясы топтастырылған. Индуизм тарихының ерте кезеңінде Брахманың әлемді жаратушылық орны, оның құдайлардың ішіндегі біріншілігі қалтқысыз мойындалса, бертін келе Вишну мен Шива онымен қатар қойылып, " Тримурти " немесе үштік ұғымы орнығады. Мифологиядағы Шива бейнесі - қарама-қайшылықты бейне. Ол кейде жағымды жағынан да көрінеді. Мәселен, Шива мәйектілік пен шексіз шығармашылық қуаттың құдайы. Әлем әрқашан Шива және оның жұбайы - Деви құдайдың әмірімен пайда болады және әрдайымғы солардың бақылауындағы қуат арқылы жасайды. Индуизмдегі абыздардың басты міндеті – шәкірттердің діни білім алуын ұйымдастыру. Мұндай білім таратушыларды "гуру"яеп атайды.

Индуизмнің басты мерекелері - Кришна мен Раманың туған күндері мерекелері жөне Ганеша мен Шиваның құрметіне өткізілетін салтанаттар. Индуизм - өмір салты және мыңдаған жылдар бойы орныққан дәстүр. Индуизм үнділіктер мекен ететін Непалда, Бангладеште, Шри-Ланкада және басқа елдерде тараған. Қазіргі кездері индуизмге Батыстың елеулі көңіл аударып отырғаны байқалады. Бүгінгі Үндістанда индуизм, буддизм, ислам, христиандық, сикхизм, зороастризм және өзге діндер қатар уағыздалады.

Конфуцийшылдық ежелгі Қытайда б.д.д. 6 ғ. орта шенінде қалыптасқан философиялық жүйе. Оның негізгі салған ежелгі Қытай ойшылы Конфуций ( Кун-цзы, б.д.д. 551-479 жж). Конфуцийшілдіктің басты мәселелерінің бірі – Чжән Мин (атауды өзгерту) туралы ілімі . Ол әр адамнан өзінің қоғамдағы орнын есінде ұстауды талап етеді. Жалпы алдыңғы орынға дүниеге көзқарастық мәселелер емес, әлеуметтік-әтикалық мәселелер қойылады. Басты құдірет күші деп конфуцийшілдер аспанды есептейді, ал Қытайды билеушілерді – «аспанның ұлы» деседі.

Даосизм.Бұл діни-философиялық бағыттың негізін салушы– Лао-Цзы. Оның еңбегі даналық сөздеерден тұратын «Дао-дә-цзин», яғни Дао туралы кітап.

Мағыналық тұрғыдан Дао ілімі әрі құдай, әрі табиғат, әрі даналық ілімі дегенді де білдіреді. Сол себепті табиғаттың қозғалыс заңына бағындау дао заңына немесе құдайға бағынбауды білдіреді. Дао ілімі зұлымдықтың қай түріне болмасын қарсы.

Сондай-ақ өте ертеде пайда болғандықтан ол да өз тарихында бірнеше кезеңдерден өтіп, қазіргі кезде түп нұсқасынан түрленген формасын ұшырату тарихта жаңалық емес.

Синтоизм(«жапон. Синто – құдайлар жолы ) – Жапонияда ежелгі феодалдық дәуірде жергілікті анимистік нанымдар мен шаман діни нанымдары белгілерінің негізінде қалыптасқан дін. Билеп- төстеп отырған император династиясының бастауы, ең басты құдайы, күн құдайы Аматәрасуболып табылады, шығу кезінен бастап синтоизм будда дінімен тығыз байланыста. Елде будда діннің таралуына байланысты синтоизмнің рөлі бірте – бірте кеми берді. Будда храмдары кезінде синтоизм абыздарының рұқсатымен салынған және синтоизм құдайлары олардың қамқоршысы деп есептелінді. Өз ретінде кейбір синтоизм храмдарына будда құдайлары қамқоршы делінеді. Орта ғасыр дәуірінде аралас синто – будда храмдары да пайда болды.

Иудаизм - өте ерте шығып, осы кезге дейін сақталып келген еврейлердің діні . Семит тайпасының ішінде б.д.д. екі мыңыншы жылдар ішінде шыққан. Израиль мемлекетінде иудаизм мемлекеттік дін болып саналады. Иудаизмнің өзіндік ерекшелігі бар ; бір құдай Яхвені ғана мойындау, еврей халқы «құдайдың қалаулысы» деген уағыз, қасиетті кітаптарды күнәсіз деу, мессияға ( құтқарушы құдайдың келуі ) , о дүниеге сену Иудаизм пайда болғаннан бастап ұлттық сипат алды, «Құдай қалаған халықтың» Яхве құдаймен одақ құрған діні болып жарияланды. Құдай қалағандық идеясы, тіптен еврейлер басқа елдерге таралып кеткен күннің өзінде де, иудаизмге еврей тайпаларынан тысқары шығуына мүмкіндік бермеді. Мұның себебі – иудаизмнің ұлттық сипатында. Иудей дінінің өзегі – яхве құдайдың құдіреттілігіне сену. Иудаизм қызметшілері діндарлардан құдайға соқыр сенімді талап етеді. Қазіргі иудаизмнің жаңа ерекшілігі оның христиан дінімен жақындасуында. Бұл мәселе төңірігінде алғашқы сөз еткен Англиядағы еврей буржуазиясының өткен ғасырдың аяғындағы өкілі Клод Монтефьоре. Діни мәселелеріндегі бірігу тенденциясына қоғам қайраткерлері де жақ болуда. Ватикан да бұл бірігу ұмытылысына оң қарайды, арнаулы комиссия осы мәселемен шұғылдануда. Осындай бірігу тенденциясымен қатар иудейлер дінінде неохасидизм де орын алып отыр.

 

 








Дата добавления: 2016-02-11; просмотров: 30633;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.