Тақырып: Христиан дінінің пайда болу және жікке бөліну тарихы.

1.Христиан дінінің пайда болуы. Иисус Христостың өмірі.

2. Христиан дінінің таралуы және мемлекеттік дінге айналуы.

3. Христиан дінінің жікке бөлінуі және негізгі бағыттарының қалыптасуы.

 

Христиан дінінің пайда болуы. Христиан діні біздің дәуіріміздің 1-ғасырының екінші жартысында Кіші Азияда пайда болды. Оның шығу және жылдам таралу себебін анықтау үшін сол кездегі жағдайларға тоқталуымыз керек Шындығында христиан діні Шығыс халықтарының діни ғана емес, философиялық түсініктерін де қабылдады. Христианшылдықтың идеялық төркіні, біріншіден, әр түрлі шығыс діндерінің мифологиясы, екіншіден, ежелгі дүниедегі арнайы философиялық ұғымдар еді. Шығыс діни жүйесінде христиандарға үлкен ықпал еткен иудаизм – еврейлердің ежелгі монотеистік діні. Христиан дінінің қасиетті кітабы – Библияның құрамына иудаизмнің қасиетті кітабы - Көне өсиет те (Ветхий Завет) кірген. Ол құдайдың әлемді, өсімдік және жануарларды, адамды жаратуы туралы Көне өсиет қағидаларын өзгеріссіз сақтады. Қазіргі кезге дейін Көне өсиет христиан және иудаизм дініндегілер үшін де қасиетті кітап болып саналады.

Христиан шіркеулерінің кұрылуы.Телогтардың уағызына сәйкес шіркеу «Христостың денесі» ретінде дүние жаратылғаннан бастап бар. Олар шіркеуді тарихи түрде апостолдарда және Иерусалимдегі алғашқы діндарлардың бірігуінен шықты-мыс дегенді айтады. Шіркеудің мәңгі өмір сүруінен келіп христиан ілімінің өзгермейтіндігін тұжырымдайды.Шындығында, шіркеу христианшылдықтан тым кейін пайда болған. Шіркеудің пайда болуы алғашқы христианшылдықтың дамуының маңызды кезені болып табылады. Осылайша 11 ғасырдың екінші жартысында-ақ қауымдарда билік шын мәнінде епископтардың бай христиандар өкілдерінің қолына көшті.Шіркеудің нығаюы қасиетті жазбалар мен қасиетті аңыздардың жасақталуымен қатар жүрді. Христиан дінінің қасиетті жазбасы Библияда (грек biblia – кітаптар ) жинақталған. Оның қазақша атауы Інжіл. Осы кітаптардың бірінші бөлігі (Ветхий Завет – Ескі өсиет,автор) Иудаизм дініне де ортақ. Барлығы 77 кітап. Олар ежелгі еврей, арамей (өте аз бөлігі) және грек-койне (Новый Завет – Жаңа өсиет) тілдерінде жазылған. Қазіргі кезде Інжіл көптеген елдердің тілдеріне аударылған. Рим мемлекетінің христиандықты қудалауы немесе щған бейқам қарауы 1У ғ. Басында жаңа дінді қолдауға көшті. 313 жылы император Константин Әдикт үкім шығарып, христиан дінін басқа діндермен теңгерді, ал 324 жылы христиандықты ресми түрде Рим империясының мемлекеттік діні деп жариялады. 325 жылы оның басшылығымен Нике қаласында 1 Бүкіләлемдік христиан шіркеулерінің соборы шақырылды, ал христиан діни ілемінде зор рөл атқарды.Рим мемлекетінің ыдырауы нәтижесінде төрт дербес шіркеулер пайда болды. Олар – Константинополь, Александрия, Антиохия, Иерусалим шіркеулері, іле-шала Антиохия шіркеуінен Кипр, кейіннен Грузин православие шіркеуі бөлініп шықты. Христиан діні ірі екі негізгі бағытқа – православие, католиктік бағытқа бөлінді. Бұл бөліну жүздеген жылдар бойы қалыптасып, орнықты. V ғасырдан бастап олардың арасында христиан дінін билеп-төстеу үшін күрес басталды. 1054 жылы шығыс және батыс христиан шіркеулері айырылысып тынды. Батыс шіркеүі – Рим-католиктік, яғни әлемдік шіркеу деп аталатын болды. Ал шығыс шіркеуі – православие шіркеуі деп аталып, ол алғашқы, ортодоксалды христиан принциптерін берік ұстанып қалды.

Христиан дінінің әлемдік мәні.Христиан діні 20 ғ. дейін әлемде өз үстемдігін жүргізіп, идеологиялық монополияны сақтап келгенмен, христиан шірекулерінің саясаттағы ықпалының құлдырау ғасыры болды. Осыған байланысты олар өз саясатын өзгертуі қажет болып, саясатқа араласудың жаңа жолдарын қарастыра бастады. Қазіргі кездегі кез келген шіркеу иерархы – саясаткер. Дегенмен шіркеулер әлемдегі көптеген бейбітшілік жолындағы күрестерде үлкен роль атқарып келеді. Мәселен, үлкен апаттарға қарсы, ядролық қаруды жоюда т.б.с.с. Бүгінде конфессионалдық ерекшееліктеріне қарамастан христиан шіркеулерінің қайсысы болмасын әлеммн тығыз байланыста болуда белсенділігін көрсетуде. Христиан әдебиеті негізгі 4 жанрдан тұрады: 1. Інжілдер, 2. Апостолдардың арнау- лы хаттары, 3. Апостолдардың ісі туралы жазбалар, 4. Христос өсиеттері. Діншілдер олардың ішінен ең маңыздысы Інжілдер дп санайды. Ал алғашқы үшеуі ескі грек мемлекетіндегі Синопа қаласында жазылғандықтан синоптиктік деп аталады. Інжілдердің бір-біріне қайшы жерлері де аз емес, яғни әр кезеңдегі әр түрлі саяси-әлеуметтік көзқарастарды да меңзеп келген. Қазіргі заманғы христиандық және саясат. Христиандықтың тарихы — тұтастай халықтардың тағдырын өз уысында ұстауға бағытталған шіркеулердің өз ішіндегі және халықаралық деңгейдегі үздіксіз күрестер тарихы. Ол өзінің басынан құлдырау және дәуірлеу кезеңдерін талай өткерді. XX ғасырға дейін әлемде өз үстемдігін жүргізіп, идеологиялық монополия сақгап келді.

Бүгін кез келген шіркеу иерархы — саясатшы. Мәселе оның осы саясатқа қалай араласатынында. Біздің заманымыздың саяси палитрасы алуан түсті. Осыған қарай христиандық та көп векторлы саясат жүргізіп отыр. Бүл бірнеше себептерге байланысты: кейбір елдерде, мәселен, Англияда, христиандық күні бүгінге дейін мемлекеттік дін болып есептеледі. Ал кейбір мемлекеттерде діннің мүндай мәртебесі жоқ, ол әр адамның жеке басының ісі деп жарияланған. Мәселен, американ протестантизміне өзімшілдік, волюнтаризм, жеке инициатива мен еркіндік тән. Өзін азат шіркеу және өкіметті табиғи дүшпаны санайтын протестантизм мемлекетпен қатынасын осы түрғылардан құрады. Бұл протестанттық тенденцияға секуляристік идеология қарсы қойылып келді: протестанттар дінді мемлекеттен қорғауға ұмтылса, секуляристер мемлекетті діннен қорғауға ұмтылды. Сонымен қатар көптеген протестанттық топтар мен қозғалыстар, әсіресе фундаменталистер, өздерінің алдына "Американың моральдық жаңғыруы" мақсатын қойды. Католиктердің позициясы бұған қарама-қарсы: олар шіркеу мен мемлекеттің қатынасын мақсат бірлігіне негізделген ымыраластыққа құрады. Католиктер мемлекет атеизм мен діни индифферантазмге қарсы күреске мейлінше батыл араласуы керек деп санайды. Олар протестанттардың мемлекетке қатысты дін жекебастық іс деген көзқарасын мүлде қабыддамайды. Православие шіркеуі мемлекетпен қатынас мәселесінде католиктер позициясына жуық тұр. Осының бәрінен шығатын қорытыңцы: діннің қоғамдағы мәртебесі, ұстаған бағыты, мемлекет ісіне қатынасы қандай болмасын, ол әлемдегі тепе-теңдікті сақтауда, бейбітшілік жолындағы күресте әлі де үлкен роль атқарады. Мәселен, шіркеулер әлемді екіге бөліп, адамзатты апат алдына алып келген супердержавалар текетіресін жоюға елеулі үлес қосты, бүгінде ядролық қаруды мүлдем жою үшін белсенді күресіп отыр. Бүгінде өздерінің конфессионалдық ерекшеліктеріне кдрамастан христиан шіркеулерінің кдйсысы болмасын "осы дүниемен" белсенді пікір алмасуға үмтылыс көрсетіп отыр. Екінші Ватикан соборы "шіркеудің бетін" осы дүние мүқтаждары мен проблемаларына бүруға үндеді. Бүл үндеуді барлық христиан конфессиялары саяси бағдар ретінде қабылдады.

Інжіл - әлемдік мәдениет ескерткіші. Христиандардың басты кітабы — Інжіл адамзат ойының тамаша ескерткіші. Ол өзінің атауын гректің "кітаптар" деген сөзінен алады. Інжіл, діншілдердің айтуынша, пайғамбарлар мен апостолдар деп аталған қүдайдың ерекше қалауы түскен адамдар арқылы келген Қасиетті Рухтың аяндары негізінде жазылған кітаптардың жинағы. "Інжіл" атауы тек VI ғасырда ғана пайда болды. Інжіл екі бөлімнен түрады. Олар — Көне өсиет және Жаңа өсиет. Біріншісіне христиандыққа дейінгі кездерде көне еврей тілдерінде жазылған және иудейлер мен христиандар қатар құрметтейтін кітаптар жатады. Екіншісіне грек тілінде жазылған кітаптар енеді. Олардың авторлары — апостолдар мен евангелиешілер.

Көне өсиеттің канонға енбеген кітаптарын қоса есептегенде Інжіл 77 кітаптан тұрады. Оның ішінде Көне өсиет католиктер де, православие шіркеуі де синодтық (ең беделді) басылымдарға енгізетін 39 канонды және 11 канондалмаған кітаптарды қамтиды. Көне өсиеттің барлық кітаптарын бірнеше топқа бөлуге болады. Біріншісі - Мұсаның бес кітабы немесе Заң (еврейше - Таурат). Екіншісі - тарихи кітаптар, үшіншісі - Пайғамбарлар, төртіншісі - Жазулар. Соңғысы өзінің мазмұны жағынан сан алуан. Оның ішінде новеллалар да, философиялық, адамшылық-әтикалық трактаттар да, ғашықтық-әротикалық поәма да, құлшылық өлеңдер жинағы да бар.

Жаңа өсиетке 27 кітап жатады. Олар — апостолдар Матфей, Марк, Лука және Иоанн жазған Евангелиелер (грек тілінен — игі хабар), Қасиетті апостолдардың қызметтері, Иоанн уағызшының "Жолдауы" мен "Аяндары" (Апокалипсис). Жаңа өсиетке енген төрт Евангелие осы жанрдағы көп кітаптардың ішінен неғұрлым шын, қүдай рухымен шабыттанып жазылған кітаптар ретінде таңдап алынған. Бірақ оларды шындығында аталған төрт адамның жазғандығына, яғни олардың авторлығына тікелей дәлелдер жоқ. Сондықтан, "Матфей бойынша", "Марк бойынша" деген тәрізді сілтемелермен қолданған әділірек болар еді. Евангелиелер осы адамдар салған дәстүрлерге негізделеді. Аңыз бойынша Матфей мен Иоанн Ғайсаның шәкірттері, ал Лука мен Марк оның шәкірттерінің пікірлестері. Евангелиелер грек тілінде I ғасырдың екінші жартысында жазылды. Олардың ішіндегі көнесі - Марктің Евангелиесі. Олар өздерінің сөздерінде үнемі ауыздан ауызға тараған Ғайсаның шәкірттері мен ізбасарларының әңгімелеріне сүйеніп отырады. Сондықтан евангелиешілердің сөздері үнемі бір жерден шыға бермейді. Бірақ, қапысыз айқын нәрсе - Кәсиетті жазбалардың барлық кітаптары христиандар үшін айырықша беделді, ал Евангелиелер олардың өзегі. Інжіл - өте қызғылықты кітап: біреулер оны мифтер мен аңыздар жинағы деп қарайды, біреулер одан адамзат тарихының ескерткішін көреді, ал енді біреулер көркем ығармалар жинағы деп есептесе, төртіншілері оны қүдай сөзі деп кабылдайды. Бір айқыны мынау: егер ол қатардағы тарихи ескерткіш болса, оның төңірегінде екі мың жыл бойы осьшшама талас-тартыс болар ма еді? Әрине, болмас ед

Православиенің таралуы.Православие – христианшылдықтың шығыс немесе византиялық бөлігі. Оның діндарларының саны ұлғайтылған шіркеу дерегі бойынша 120 млн. екен. Православие Рим империясы Батыс және Шығыс болып екіге бөлінген соң Византия территориясында қалыптасып, өз алдына жеке шіркеу болып 1054 жылдан бері өмір сүреді. Православие ілімінің көзі - Қасиетті жазбалар (Көне және Жаңа өсиет кітаптары), сондай-ақ Қасиетті аңыздарда (әлемдік және жергілікті соборлардың шешімдері, «шіркеудің әкелері мен ұстаздары» - Василий Великий, Иоанн Златоуст, Григорий Благослов тағы басқалардың еңбектері) баяндалған. Православие ілімінің негізінде үш бейнеден – құдай-әке (көрінетін, сондай-ақ көрінбейтін де дүниені жаратқан – Савваоф), құдай-бала (Иисус Христос) және құдай- қасиетті рухтан (ол тек құдай-әкеден шығады) тұратын, бірақ шын мәнінде жалғыз құдайды танып білуге болмайды деген түсінік жатады. Православие ілімінің кіндік мәселесі – барлық адамдардың күнәһар екендігі, сол себепті белгілі бір әдет-ғұрыптар мен нормаларды ұстап, орындап отыру арқылы күнәдан арылу туралы уағыз. Егер ыждағаттылықпен құдайға көз жасын төгіп жалбарынса, дұға етсе аспан патшалығынан діндарлар үміт етуге болады дегенді уағыздайды. Православие уағызшыларының идеалы – құдайға дұға етуші мистик, монах-аскет. «Православиенің маңызды белгісі» деп жер бетіндегі пендешіліктен аулақ болуды, христианшылдық аскетизмді тұрақты уағыздайды. Дін басылары құдай мен діндарлардың ортасында құдай мейірімін жеткізуші, олар адамдарды құтқару үшін қызмет етеді. Православие тек қана алғашқы жеті әлемдік соборлардың бекіткен қағидаларын ғана ақиқат деп мойындайды. Кейінірек енгізілген – Рим папасының күнәһар болуының мүмкін еместігі, о дүниедегі тазалағыш орны туралы, филиокве туралы, Мария қыздың да ұлы Иисус Христос сияқты құдайлық сипатқа ие екендігі және оның тәнінің өлген соң көкке көтерілуі - бұлар барлық православие шіркеулері тарапынан Қасиетті жазбаға және Қасиетті аңыздарға қайшы деп жарияланады. Протестантизм христиан шіркеуінің көптеген құпияларын, сондай-ақ діндарларды дін қызметкерлеріне және қарапайым діндарларға бөлуді қате деп есептейді. V ғасырда Византия империясы шіркеуге қатысты төрт аймаққа: Константинопольдық, Александриялық, Антиохиялык, Иерусалимдік патриархаттықтарға бөлінді. Кейіннен патриархаттардан дербес православие шіркеулері құралды. Қазіргі кезде әлемде 15 дербес православие шіркеулері бар. Олар Константинополь (Түркия), Александрия (Египет), Антиохия (Сирия, Ливан), Иерусалим, Орыс, Грузин, Серб (Югославия), Румын, Болгар, Кипр, Әллада (Грекия), Албан, Поляк, Чехославакия және Американ шіркеулері. Бұлардың арасында неғұрлым ықпалы зор орыс правослакие шіркеуі. Содай-ақ екі автономды православие шіркеулері: Фин - 1957 жылдан және Жапон – 1970 жылдан бері қызмет етеді.

Католик діні уағыздарының ерешеліктері. Православие мен католиктердің алғашқы уағыздық айырмашылықтары филиокве мәселесінде. Католик шіркеуінің уағыздауынша «қасиетті рух» («святой дух») тек құдай әкеден ғана емес, сондай-ақ құдай баладан - Иисус Христостан да шығады (латынша tiliogue – баладан да) Бұл наным символына қосымша католик дін ілімінде Рим папасын Иисус Христостың жердегі басқарушысы ретінде беделін бекітуге бағытталған догмат та бар. Католик дін басылары Иисус Христостың, құдай анасының және әулиелердің ерекше еңбектерін көрсетіп «жоғары міндетті істер» (сверхдолжные дела»), әулиелер қазынасы (сокровище святых) деген ілімді дайындады. Папа Иисус Христостың жердегі басқарушысы ретінде, оның осынау еңбектеріне иелік етеді. Католицизмде «құдайды туған» Мария қыздың беделі ерекше. Папа Пий Х11 1950 жылы Мария қыздың көкке көтерілгені туралы қағиданы енгізді. 1954 жылы «Көк патшасы» Мария қызға арналған шіркеу мейрамы тағайындалды. Сонымен котолицизмде құдай-анаға табыну православиемен салыстырғанда күштірек. Котолицизм Папаны Иисус Христостың жердегі басқарушысы деп жариялайды. 1870 жылы 1 Ватикан соборында Папа ең басты, бірінші священник ретінде күнәсіз деп табылып, оның шешімі епископаттың мақылдауынсыз-ақ күнәсіз деп жарияланды. Папаның күнәсіздігі туралы қағида католицизмде авторитарлық принципті одан әрі нығайтты.

Рим - католик шіркеуінің ұйымдастырушысы.Католик діні христиандық бағыттардың ішіндегі ең көп таралғаны. Батыс баспасөздерінің мәліметтері бойынша (әдетте ұлғайтылған) 80-жылдардың ортасында католиктердің саны 800 млн. адам болған, ол шамамен планета халқының 18 % құрайды. Католик шіркеуі бір орталыққа бағындырылған. Оның орталығы және Рим папасының резиденциясы Ватикан. Ол Рим қаласының ортасына орналасқан қала-мемлекет (ауданы – 44 гектар, шекарасының ұзындығы 2600 метр, халқы 1 мың адам ) , өз гербі, гимні, жалауы, почтасы, радиосы, телеграфы, баспасөзі т.б. сондай-ақ азғантай гвардиясы мен жандармериясы бар.

Протестантизмнің шығуы, діни ілімі және ғибадаты.Протестантизм 16 ғасырда реформация кезеңінде пайда болды. Оның ерекшеліктері негізінен адамдардың капиталистік қоғамдағы өмір сүру жағдайының мистификациялық бейнеленуінің көрінісі. Протестантизм пайда болғаннан бастап, үш бағыт бөлініп шыққан : лютераншылдық, кальвиншілдік және англиканшылдық. Ең ірі протестанттық ағым лютераншылдық . Европада оның ықпалы Скандинавия елдерінде – Исландияда , Данияда, Швецияда, Норвегияда, Финляндия және Германияда, Солтүстік Америкада лютеран шіркеулері күшті, ал Оңтүстік Америкада бәсең. Бразилияда лютеран шіркеуі мықты болып саналады.

 








Дата добавления: 2016-02-11; просмотров: 38839;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.