Тақырып: Ежелгі заманның діни жүйелері.

1. Ежелгі Египет діні.

2.Ежелгі Месопотамиядағы діндер.

3. Ежелгі Грекия діні.

4. Ежелгі Рим діні.

 

Ежелгі Египет діні.Египетте дін бүкіл мәденеттің біртұтас негізі болады және сәулет, бейнелеу өнерлерінің, әдебиеттің қайталанбас туындыларын жасады. Бізге бұл үлгілер тұас күйінде жеткен жоқ. Түпнұсқалары қолда бары б.д.дейінгі 2600-2300 жылдардағы Көне патшалық дәуірінің «Пирамидалар мәтіні» мен б.д. дейінгі XXI – XVIII ғасырлар шамасындағы Орта патшалық дәуірінің «Саркофагтар мәтіндері» сияқты жекелеген жазулар. Жаңа патшалық дәуірі «Өлілер кітабы», «О дүниеде не бары туралы кітап» деген, тағы басқа бірқатар діні шығармалардан көрініс Египетте Орта және Жаңа патшалық дәуірлерінде атақты Фива қаласынан шыққан фараондар (перғауындар) биледі. Ра – Күн құдайы Фивадағы Күн құдайы Амонмен теңдестірілді. Сөйтіп, бұл екеуі біріктіріліп, Амон – Ра Күн құдайы пайда болды. Көне Египет мифологиясында өліп, қайтадан дүниеге келіп отыратын құдай – Осирис туралы мифтер циклі бар. Миф бойынша ол адамзатты құдайларды құрметтеуге, қалалар салуға үйретуші, адам етін жеуге тыйым салушы. Египет мифологиясындағы барлық әйел-құдайлар Исиданың көрінісі болып саналады. Олар: Ренеутет - тағдыр мен қамбадағы астық құдайы, жылан түрінде бейнеленеді; Хатор – аспан және махаббат құдайы; Тефнут - дымқылдық құдайы; Сохмет - соғыс құдайы; Баст - сауық құдайы, мысық түрінде бейнеленген.Көне Египеттегі құдайға құлшылық рәсімдері. Көне египеттіктердің діни ғұрыптарың негііне адам жаны және Осиристің тірілуіне сену жөніндегі діни түсініктер жатты. Олар адам жаны мынадай төрт бөліктен құрылады деп санады: 1) Ба – жанның өзі; 2) Хайбет – оның көлеңкесі; 3) Рен – есімі; 4) Ка – адаммен бірге пайда болатын, бірақ онымен бірге өлмейтін, тіпті тәнді сақтаған жағдайда өмір сүре беретін көзге көрінбейтін екінші бейнесі.

Көне Египет діні бойынша фараон жердегі құдай саналды, мемлекеттік және дін басқару соның қолынан топтастырылды, Күн құдайы – Ра-ның мұрагері және оның жер бетіндегі бейнесінің өзі болып құрметтелді. Бертініректе фараон әкім ретінде Осириспен шендестіріліп, жерді қастерлеу рәсімдері тегіс басқарушы, жер қазынасының бас сақшысы дәрежесінде орнықты. Көне Египет дінінің мемлекеттік сипаты шет аймақтардағы барлық құдайлар культін бір пантионға біріктіру қажеттігін талап етті. Осындай орталықтандыру барысында Египетті басқару мен ондағы діннің тұтастығының кепілі ретінде фараонды «тірі құдай» дағуасына көтеру заңды құбылыс болатын.

Ежелгі Шумер-Аккад мемлекетіндегі дін.Көне шумерлер б.д. дейінгі VI мыңжылдықтың соңын ала Тигр мен Евфрат өзендерінің аңғарларына қоныстанып (қазіргі Ирактың тереториясы), тұңғыш қала – мемлекет орнатты. Б.д. дейінгі II мыңжылдыққа қарай шумер өркениеті құлдырады. Бірақ, шумерлердің діни нанымдары аккадтықтарға – вавилондықтар мен ассириялықтарға мұра болып қалды. Көне шумерлердің құдайлары барлық қала мемлекеттер үшін ортақ болғанымен, олардың әрқайсысының ерекше табынатын құдайлары болды. Мәселен, Ниппурда Әнлиль құдайы «ауа әміршісі» және «құдайлар патшасы» деп дәріптелсе, Әреду қаласында даналық және әлемдік Мұхит құдайы Әнка, Урук қаласында аспан құдайы Ан, Наннада соғыс құдайы Инан-на әспеттелді. Шумер мифологиясында бала көтерген әйел түрінде кескінделетін Ұлы Ана кейіпіндегі Жер ерекше құрметтелді. Шумер мифологияясында құдайлар өліп,қайтадан тіріліп отырады. Соңынан көптеген аңыздарға негіз болған топан суы мифі кең көрініс береді. Бірде қдайлар адамзат баласына қатты қаһарланып, оларды құртып жібермек болады. Даналық құдайы Әнки мұны Шуруппак қаласының әкіміне мәлім етеді. Содан ол жеті тәулік бойы болатын топан суынан аман құтылуы үшін кеме жасауға әмір етеді. Бірақ құдайлар өздерінің бұл ісінің әділ еместігін ұғып қаһарынан қайтады да, Шуруппак қаласының басшысына мәңгілік ғұмыр сыйлайды. Аккадтықтар осы шумер құдайларына сыйынған. Бірақ, оларға басқа есімдер берген. Мәселен, Уту енді Шамаш деп аталса, Инанна құдай Иштар деп атаған. Вавилондықтардың бас құдайы, Вавилон қаласының жебеушісі Мардук болса, асириялықтар Ашур қаласының жебеушісі – Ашур құдайы дәріптеген. Осылардың ішінде алғашқы адамадрды жасаушы, аспанда және жер астында билік құрушы құдайлардың әміріне жүретін шекараны белгілеуші Мардук өзгесінен жоғары қойылып,әлемнің әміршісі саналған. Вавилондықтар әлем «жоғарғы» және «төменгі» аталатын қатар дүниелерден тұрады, ал жер бетіндегінің бәрі аспан әлемінің сәулесі, Аккадтықтардың басты мифтік мұрасы – Гильгамеш туралы миф. Кейінен епос түрінде өңделген бұл мұрадан аккадтықтардың ел билеушілері, достық, өмір мен өлім туралы әлеуметтік – дүнитанымдық түсініктерін оқимыз. Дін ілімі жер аспан құрылымын толық қайталайды деп үйретті. Осыдан шумер, аккад, вавилон сенімдерінде астрология, жұлдыз жорамалы сияқтыларға ерекше маңыз берілді. Бұлармен дін басылар шұғылданады. Аспан денелерін бақылау үшін арнайы мұнаралар – зиккураттар салынды. Дін басшылары (абыздар) аспанды бақылап, сәтті, сәтсіз күндерді айқындап, мерекелер күнтізбесін жасап отырды. Жыл басы да осы тәсілмен анықталған. Түрлі құбандық, құлшылық жолдары мен, қасиет дарыды деген мүліктерді құрбандық етіп, отқа тастау немесе қасиетті Тигр және Евфрат өзендері суымен жуып тазарту арқылы тылсым күштерді аластау дәстүрі кең тарады.Вавилон мемлекетін парсылар жаулап алған соң біртіндеп Заратуштра діні таралып, Мардук және Иштар құдайларының арасына Ахура – Маздаға бас ию тәртібі орнықты.

Ежелгі Грекия діні.Көне грек мифологиясы. Дінтану – көне грек мифологиясының дамуын үш кезеңге бөледі. Олар – хтон (грек тіл.- жер) немесе олимпке дейінгі кезең, классикалық немесе Олимп кезеңі және бертіңгі кезең. Олимп кезеңінің алғашқы мифтері жаңа құдайлардың ескі құдайлармен күресін баяндайды. Бұл күресте құдайлардың үлкені Зевс титандарды, циклоптарды, Хаостың өзге құбыжықтарын жеңіп, оларды жердің түпсіз тереңіне – Тартарға қуып салып, әлемді қайта жасайды. Ұлы Ана – Жер бейнесі енді Гера, Афродита, Артемида, Афина сияқты жасампаз әйел құдайларының бейнесіне ауысады. Мифология бойынша Гера Зевстің әйелі, ал қалған үшеуі қыздары. Теңіз құдайы Посейдон мен жер асты дүниесінің құдайы Аид Зевстің ағалары болып келеді.Көне гректердің құдайлар пантеоны. Көне грек мифологиясы мен дінінен Гомердің «Илиада» және «Одиссея» және Гесиодтың «Теогония» поәмаларында (б.д.д. VIII ) мол мағлұмат беріледі.Көне грек құдайлары пантеонда әйел құдайлардың орны ерекше.Көне грек мифологиясында қаһарман – жартылай құдайлар бейнесі көп ұшырасады. Олар кәдуілгі адам түрінде, бірақ олардан құдіреті артығырақ бейнеленеді. Құдайлармен адамадр қосылып, ұрпақ береді Грек діндері адамның тән сұлулығын уағыздады бұл белгілі мерзімде өткізіліп отыратын бейбіт сайыстарынан көрініс тапты. Тәні сау, күшті адамдарды көріп, құдайлар разы болып отырады деп саналды.Біртіндеп бұл сайыстар Олимп ойындарына ауысты. Барлық құдайларға арналған осы ойын кезінде соғыс қимылдары тоқтатылатын болды. Олимп ойындарының өткізілуімен байланысты жыл есебі дүргізілетін болды «жыл есебі б.д.д. 776 жылдан басталды).

Ежелгі Рим діні. Көне Рим мәдениетіне көне Грекия мен әтрускілер дінінің орасан зор ықпалы болды. Римдіктер өз құдайлары мен ғұрыптарын әтрускілерден қабылдады. Әтрускілерде бірінші орында аспан құдайы Тин тұрды, одан кейінгі орындарда патшалық әмір құдайы Уни (римдіктерде – Юнона), қолөнер кәсіпшілігі құдайы Менерва (римдіктерде – Минерва) болды. Бұлар құдайлардың ерекше қадірлі үштігін құрады. Туран әйел құдайы - табиғатты, Аллу - табындағы малдарды қорғаушы саналды .Римдіктердің басты және ең мәртебелі құдайы – Юпитер. Ол – шарап жасау, антқа беріктік пен шекара беріктігі, жеңімпаз соғыс құдай, республиканың және Рим императорның жебеушісі.Римнің діни күнтізбесінде көптеген мейрамдар – фериялар боды. Олардың ішіндегі ең елеулілері: Паренталии – ақпанда ата-бабалар аруақтарына арналып өткізілетін мейрам; Флоралий – көкек айымен мамыр аралығында гүл құдайы Флораның құрметіне ұйымдастырылатын мереке; Сатурналий – желтоқсанда Сатурн құрметіне өткізіледі; Наурыз айында Марс күні мерекеленеді; әр айдың ортасында Юпитер құрметіне құрбандық шалу; қарашада Плебей ойындарын өткізу; қыркүйекте Юнона мен Минерва мерекелері, Рим ойындары – спорт жарыстары мен театрландырылған көіністер. Жаңа дәуірдің II-III ғасырларында-ақ Рим императорлары синкреттік культті енгізе бастады. Рим діні жалған сипат алуға көшті. Көне римдіктер IV ғасырдың аяғында христиан-император Феодосийдің әдиктімен ескі құдайларға табынудан бас тартты.

 

 








Дата добавления: 2016-02-11; просмотров: 19116;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.