Жобалау кезеңіндегі конструкторлық құжаттарда

 

Жобалау кезеңіндегі конструкторлық құжаттар мынадай болуы керек: дайындаманы толық көрсету керек сол себептен олар жобалау-конструкторлық құжаттармен бірге, оның жабалуы, жұмысқа пайдалануы, қызмет көрсетуі және жөндеуі жөніндегі нормативті құжаттарды болуы қажет. Осы тұрғыдан қарағанда конструкторлық құжаттарда мыналар болуы керек.

1. Құжаттарда бұйымдардың (машиналардың) басқа ұқсас түрлеріне қараған да сапасы жоғары болу керек және пайдалану жері, қолдану шарттарының дәлділігі нақты көрсетілуі керек. Осы мәліметтер басқа құжаттарда және бұйымдардың паспортында (құжатында) және пайдалану ережелерінде (инструкция) көрсетіледі.

2. Бұйымның құрастырылуы және құжаттардың жасалынуы оның нақты өндірісте дайындау әдісі есепке алына отырып жасалынуы тиіс. Мысалы, бұйымның нақты өндірісте шығару бағдарламасы машинаның мынадай параметрлеріне әсер етеді; технологиялылығы және тиімді жасау, жинақтау, құрастыру (монтаж) бағасы.

3. Конструкторлық (құрылымдық) құжаттарды орындау үшін дайындаушы – зауыттың жұмысшыларының технологиялық тәртібін және мамандықтарын еске ала отырып және де озық технологиялық өндіріске енгізу және оны тоқтаусыз жақсарту жөнінде келешек қорларын еске ала отырып жасалуы керек.

4. Құжаттарда өндірістік технологияны дайындаудың нақты шарттары ескерілуі керек, шикізаттар, материалдар, бұйымдардың дайындалуы және комплектілерін жабдықтаушы – кәсіпорындармен бірге қарастырып оны тианақтау керек, ол үшін құжаттарда бастапқы конструкторлық, технологиялық және нормалық бақылау жүргізіледі.

5. Жобаланған бұйымның (машинаның) құжаттары стандартқа, техникалық шартқа, ережелерге, инструкцияларға және нормативтерге еңбек қауіпсіздігінің стандартты жүйесі (ЕҚСЖ), жүк көтергіш құрылымдардың пайдалану қауіпсіздік ережесі, сонымен бұйым құжаттары бойынша жалпы өндірістерге есептелінген болса, онда оны жеке өндіріс қалайтын тәсілдермен шығаруға болады ма? Немесе жоқ па? жоғары қысымда істейтін ыдыстарды пайдалану қауіпсіздігі және құрылым ережелері, электржабдықтарының құрылым ережелері және т.б.) сәйкестігі қамтамасыз ету керек.

6. Жобалау құжаттарындағы барлық ақпараттарды төмендегідей сипаттау (дайындау) қажет.

- бұйымдардың бөлшектері, кешендері мен комплектерінің түрлерін бөлек сызбалармен немесе сол сызбаларда өзіндік белгілерімен сызбаны бейнелеуге алдын-ала жағдай жасау керек. Түпкілікті таңдау, машина жасау және оны пайдалану шарттарымен ұсынылады;

- құжаттарда қате болу мүмкіндігін төмендету мақсатымен, құжаттарға өзгерту енгізгенде айқындық және дәлдік үшін шарттарды қамтамасыз ету керек;

- шектелмеген белгілеу жүйесін қолдану керек, сонда құжаттардың барлық түрлеріне белгілену орындары мен белгілер бөлініп беріледі. Сөйтіп конструкторлық (құрылымдық) дайын құжат жеке және де басқа сонда көрсетілген құжаттармен бірге сол бұйымды және оның құрылымын бөлшектер, кешендеу үшін негізгі конструкторлық құжат спецификация (бөлшектер тізімі) саналады. Ал бөлшектер үшін оның сызбаларында бұйымның барлық өлшемдері және қолдануға қажетті басқа параметрлері мүмкіндігінше шектелген ауытқумен беріледі;

- бөлшектердің өлшемдерін белгілеген кезде өлшемнің шектік анықтағанда шығындарды үнемдеуді еске алу керек;

- бұйымды даярлау, оны тұрақты мүмкіндігінше жақсарту үшін тиімді технологияны таңдау негізгі (алдыңғы) шарт болып табылады. Сол себептен ешқандай технологияның нұсқаулар болмауы керек;

- құжаттар бұйымдардың (машиналарды даярлау, бақылауға және сынауға) қойылатын талаптарынан түзіледі.

 

 








Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 2627;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.01 сек.