Машиналарды жобалау және конструкциялау

Жаңа машина жобалау және конструкциясын жасау арқылы істеледі. Жлбалау мен конструкциясын жасау бірімен бірі байланысты бірін бірі толықтыратын процестер. Жобалау есептері шынында конструкцияның алдын ала шамаланған варианттары белгілі болғанда ғана жүргізіледі. Көбінесе бұл екі процес инженер – конструктор мамандармен жүргізілетіндіктен бір процес болып та есептеледі. Дегенмен жобалау мен конструкция жасау екеуі екі бөлек процес болып есептеледі. Жобалау конструкция жасаудан, таңдаудан бұрын орындалатын процес.

Жобалау ғылыми тұрғыдан дәлелденген, техникалық тұрғыдан іске асыруға болатын, экономикалық тұрғыдан тиімді шешімді табу болады. Жобаға талдау жасалады. Жоба талқыланады және түзетіледі, толықтырылады, сонан кейін әрі қарай жүргізілетін зерттеу жұмыстарының негізі болып қалады.

Конструкциялауда машинаның нақты бір түрі жасалады. Конструкция дегеніміз белгілі бір мақсатты қанағаттандыратын не машина болсын, не аспап болсын, солардың бөлшектері мен элементтерін өз ара орналастырып тұратын қондырғы. Бөлшектері бірі мен бірін қалай жалғастыру керек екендігі, олардың өзара біріккен әрекетінің қалай болу керектігі және бөлшектердің қандай материалдан істелуі керек екендігі конструкцияда көрсетіледі.

Конструкциялау процесі кезінде бұйымдардың бейнелері мен түрлері көрсетіледі, олардың мөлшерінің ауытқу мүмкіндігі белгіленеді, тиісті материалдар таңдалып алынады, бұйым беттерінің одыр – бұдырлылығына талаптар қойылады, бұйымдар мен олардың бөлшектеріне техникалық талаптар айтылады және техникалық құжаттары дайындалады.

Конструкциялау жобалаудың нәтижелеріне сүйенеді, жобалау кезінде қабылданған техникалық шешімдерді дәлелдейді. Конструкциялау кезінде дайындалған техникалық құжаттар барлық конструкторлық мәліметтерде толық пайдаланып, бұйымдардың дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету керек.

Конструкциялау мен жобалаудың мақсаты мөлшерлері басқа, формалары да өзгеше жаңа бұйым шығару.

Шығармашылық жобалау процесінің мынадай ережелері болады:

1. Жаңа шешімдердің табылуы мақсатқа бірте – бірте жақындаудың нәтижесі.

2. Күрделі мәселе жалпы ережеден жеке ережеге келгенде шешіледі;

3. Қазіргі бар ережелерге сүйеніп, дұрыс шешім табу үшін ол ережелерді жаңа аспектте (жағдайда) зерттеу керек;

4. Дәстүрлі шешімдер жағдай өзгерген уақытта жаңа шешімдер шығаруға қиыншылық тұғызады;

5. Бұрын орынды болып келген шешімдер жаңа жағдайға сәйкес келмесе, жаңа шешім шығаруға бөгет болады.

Шығармашылық ойлағыш жобалау процесінде жаңа идея мен жаңа техникалық шешімдер табу үшін Эвристика әдістері қолданылады.

Жобалау процесінде неше түрлі варианттарды талдау жасаудың арқасында, солардың ішінен өте маңызды сыртқы өлшемі, энергиясы, кинематика механизмдері, күш машиналары сияқты факторларда кемістігі ең аз вариантты таңдай алу керек. Тек осыдан кейін ғана конструкторлардың шығармашылық ой пікірінен шыққан жаңа идеяны сызба түрінде қағазға түсіре бастау керек.

 

 








Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 2162;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.