Техникалық зерттеулерді жорамалдау

Жорамал жасау өткен заманда болған процестер, оқиғалар, тенденциялар қазір де, болашақта да қайталанып тұрады деген болжамға негізделген. Табиғатта, ғылымда және техникада кездесетін процестер үздіксіз дамып тұратын прцестер және олардың дамуы селқос өтеді деген пікір бойынша осындай болжам жасалған.

Жорамалдың бағыты өтіп кеткен оқиғаларды сан емес, сапа жағынан сипаттау және жорамал жасайтын нысанның казіргі қалпын көрсету. Жорамалдау әдістерін қолданғанда зерттеліп отырған объектінің болашақта даму бағытының тенденциясының неше түрлі варианты шығады. Осы нақты уақыт шегіне жасалған варианттар жорамал деп аталады.

Жорамал жасалатын нысан туралы жиналған мағлұматтармен танысқаннан кейін ғана жорамал бағыты анықталады.

Жорамал жасалатын нысаннан өткенде қалай дамығаны туралы алынған мағлұматтар бойынша даму бағытының графигін құратын нақты нүктелер алынады.

Осылай құрылған жорамал бағытының уақытқа байланысты даму графигі сараптауға және математикалық өңдеуге түседі. Трендтің математикалық функциясы алынып, жорамал бағытының болашақтағы мүмкін болатын мәндерін табу үшін математикалық өңдеулер жүргізіледі.

Конструкциялық даму бағытын әртүрлі конструкциялық шешімдердің жыл сайын қайталану пайызын көрсететін график өте көрнекті түрде сипаттайды. Осындай графиктерді талдау және өңдеу машинаның параметрлері мен оның түп нұсқасының болашақта, неше жыл өткеннен кейін, қандай болатынын анық көрсете алады.

Қазіргі жорамалдау әдістері эвристикалық, математикалық және құрастырылған (комбинированный) деген үш топқа бөлінеді.

Эвристика әдісітехниканың тиісті салаларында істейтін мамандардың пікірлерімен танысу арқылы пайда болады. Эвристика әдісі тәжірибелердің нәтижелеріне, жіктелінуіне, ұқсастыққа және сценарий жасауға негізделген. Эвристика әдісі техникалық нысан немесе бағыт туралы жеткілікті мағлұмат болмағанда қолданылады.

Математикалық әдіс процестің сырт көрінісін зерттеуге негізделген. Математикалық зерттеуге байланысты бұл әдістің түрі болады.

Біріншісі, экстрополяция әдісі болса, екіншісі модель жасау әдісі.

Экстраполяция әдісі математикалық ең шындық ұқсастық деп аталатын «Метод наименьших квадратов», корреляция, регрессивтік анализ деген аппараттарына негізделген. Модель жасау әдісі математикалық теңдеулерді шешуге негізделген.

Экстраполяция әдісімен екі түрлі есепті шешуге болады:

1. Статикалық есеп. Бұл есеп бойынша уақыт факторын есептемей машинаның ең негізгі қасиеті мен оның қалған параметрлерінің арасындағы байланыс зерттеледі;

2. Динамикалық әдісте математикалық теңдеулерде негізгі өзгермейтін фактор болып уақыт факторы алынады.

Модельдеу әдісін қолданғанда зерттеліп отырған нысанның ұқсастық теориясының талаптарына сәйкес жасалған моделінде алғашқы параметрлеріне талдау жүргізіледі. Бұл жағдайда ең дәл әдіс деп математикалық модель әдісін айтады.

Жалпы айтқанда жаңа машиналардың конструкциясының жорамалын жасау техникалық тапсырмаға қажет бастапқы материалдарды таңдау, дайындау үшін жүргізілген ғылыми – зерттеу жұмыстарының бір бөлігіне жатады.

 

 








Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 1584;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.