Машиналардың дайындау және пайдалану кезеңінде сенімділігін қамтамасыз ету

 

Машинаның сенімділігі ең алдымен оның беріктігімен және мықтылығымен анықталады. Конструкцияның массасын үлкейтпей ақ, оның сенімділігін арттырудың орынды әдістері ол тиімді профильдерді қолдану, берік материалдарды мүмкіндігінше көп пайдалану біркелкі күш конструкцияның барлық элементтеріне бірдей тең түсетіндей ету. Конструкцияның мықтылығын күш түсіру схемасын дұрыс тандау және тіреуіштерді ұтымды орналастыру қамтамасыз етеді. Машинаның конструкциясы пайдалану жағдайларына бейімделіп жасалуы керек. Машинаны күтуде, басқаруда субъективтік факторларды мүмкіндігінше болдырмау керек. Оқтын - оқтын жүргізілетін майлау, бекіту, реттеу жұмыстарын азайту керек. Әр мезгіл сайын жүргізілетін майлау жұмыстарын жүргізбеу үшін нейтрал жағар майларын пайдаланып, өзінен - өзі майланып тұратын тіректер қойып, майлау жүйесін автоматизацияландыру керек.

Жауапты машиналардың сенімділігін арттыру үшін жұмысында жиі - жиі іркіліс болып тұратын тораптарды ауыстырып отыратын, аса ауыр жүктен сақтайтын конструкциялар жасау керек.

Прогрессивтік технологияны қолдану, жаңа материалдарды пайдалану, жоғары техникалық мәдениетті өндіріс, технологиялық режимді мүлтіксіз орындау бұйым сапасын дайындаудың барлық кезеңдерінде бақылап отыру машинаның сенімді болуының басты шарты болып саналады.

Сенімді машиналар жасау үшін олардың пайдаланудағы тәжірибелерін зерттеу керек. Конструктордың машина жобалау жұмысы оның тәжірибелік үлгісін мемлекеттік сынақтан өткізуімен бітпеу керек. Машина конструкциясын шыңына жеткізу оны жұмысқа пайдаланудан басталады. Пайдалану кезінде сынау оның кемшіліктерін тез анықтап, мүлтік кеткен жерлерін жөндеудін ең жақсы жолы болып есептеледі.

Машинаның кемшіліктері, әсіресе, жөндеу кезінде жақсы көрінеді. Машинаның жиі кездесетін мүкістері оның конструкциясының әлі жарамсыз екенін көрсеттеді.

Сенімділікті арттырудын жалпыбағыты. Машинаның сенімділігін арттырудың бірінші бағыты болып, оның дайындалуының қажетті техникалык деңгейде жүруін камтамасыз ету болып саналады.

Екінші бағыты өзінің жүрдек механизмдерді пайдалану, таза сұйық үйкелісінде (немесе механикалық жалғассыз) және төзімділіктің төмен шегінде істейтін негізгі қасиеттері бар, сенімді және ұзақ уақыт жұмыс істейтін агрегатгар мен бөлшектерді қолдану.

Жұмыс қабілетін өзінен-өзі сақтайтын, өзінен- өзі қайта қалпына келетін және өзін - өзі басқаратын механизмдердің конструкцияларын жасау керек.

Ең ақырында машинаның сенімділігін арттыру үшін машинаны дайындауды қатты тәртіптелген технологиямен жүргізу керек.Бұл технологияда бөлшек мөлшерлері және оларды орналастыруда бөлшектер арасындағы саңылау да дәлме-дәл болуы керек. Сондықтан машинанын ресурсы да, өнімділігі да өседі. Бұл машинаньщ сенімділігін қамтамасыз етеді.








Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 2047;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.