Пісіріп біріктіру кезіндегі технологиялық шарттар

 

Қазіргі замандағы машиналардың технологиялылығын пісірілген конструкциялар қолдану арқылы арттырады. Бірнеше түрлі әдіспен алынған дайындамаларды (штампталған, ұстада жасалған, құйылған, прокатталған) пісіру арқылы құрастыруға болады. Болаттан құйылған дайындамалар пісіріп біріктіруде, шегендеп біріктіруге қарағанда штамптау 20 30 %-ке жеңілденіп, ал кейінгі механикалық өңдеу жұмыстарының көлемі 30 50 %-ке кемиді.

Штамптап пісірілген және дәнекерленген қосылыстар сериялы, жаппай өндірісте көп кездеседі.

Ауыр машина жасау өндірісінде элементтерде темір соғумен, құюмен, прокатты кесумен алынған қосылыстар пайдаланылады. Одан кейін механикалық өңдеулерді қолданып (кейде қолданбай-ақ), дайындамаларды электр доғалық немесе электршлактық пісірулермен біріне-бірін қосады. Бір конструкциялы материалдарда әр түрлі элементтер кездесуі ықтимал. Пісіріліп құрастырылған конструкциялардың сызбадағы өлшемдер шектері көрсетілмесе, оларды әрі қарай механикалық өңдеуге жібермесе де болады. Пісіргеннен кейін конструкцияларды тек тазалап өңдеуге қояды. Ауыр машина жасауда дайындамаларды осындай технологиялық процестермен алу арқылы цехтағы станоктардың жүктелуін азайтады.

Жалпы машина, автомобильдер және т.б. машина жасау салаларында конструкцияларды пісіріп құрастырғаннан кейін механикалық өңдеуге жібереді.

Пісіріп біріктіру кезінде мына төмендегідей талаптарғакөңіл бөлу керек.:

Пісіру кезінде орын алатын маиысуды азайту үшін бөлшектердің пісірілетін жерінің санын және балқытылған металдың көлемін азайту керек; пісіру жіктерін симметриялы орналастыру керек; пісірілген жерлер біркелкі топталып, айқасып жатпауы керек; жауапсыз қосылыстарда үзіліп қалған симметриялы пісіру жіктерін және электршегендерді пайдалану керек.

Конструкцияның пісірілетін жерлерді оларды алдын ала пісіруге дайындауда құрастырып, бекітуге кедергі жасамауға тиіс; цилиндрлі құбырларды пісіруде олардың пісіру жіктері бір сызықтың бойында болмауы керек; жұқа қаңылтырлы конструкцияны пісірерде оның қиылысатын жерінің маңын қысып қойған жөн; пісірудің доғалық түрін басқасымен /қызуды аз беретін/ ауыстыру.

Кейде қолданылатын пісіру тәсіліне байланысты жеке бір шарттар туы мүмкін, олар арнайы пісіру процесіне арналған әдебиеттерде келтіріледі.

 

 








Дата добавления: 2016-02-24; просмотров: 1941;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.