Дәрілік, тағамдық, өндірістік және басқа улармен улану кезіндегі психикалық бұзылыстар

 

Соңғы 10 жылдықта фармакологияның, химияның, өнеркәсіптің жылдам дамуына және халық шаруашылығында сәйкес препараттарды кеңінен қолдануға байланысты интоксикация нәтижесіндегі психикалық бұзылыстарды дұрыс клиникалық және диагностикалық бағалау аса маңызды.

Интоксикациялар кезіндегі психикалық бұзылыстар жеке түрде көрініс бермейді, неврологиялық және соматикалық бұзылыстармен қосарлана жүреді. Бұл кезде қаннан, зәрден және ликвордан токсикалық заттарды табуға болады. Токсикалық агент көп реттік әсер еткенде ағзаның улы затқа жоғары сезімталдығы пайда болады, осылайша улы заттың аз дозасымен шақырылған патологиялық реакция токсикалық зат әсері тоқтағаннан кейін де жалғасады.

Әртүрлі интоксикациялар кезінде аса айқын көрінетін синдром сана бұзылысы болып табылады, сананың делириозды күгірттенуі түрінде жүреді. Делирий бір реттік массивті интоксикация кезінде немесе айқын емес, бірақ қайталамалы ұзақ интоксикация жағдайында пайда болады. Сананың делириозды күңгірттенуі атропинмен, тетраэтилқорғасынмен, бензинмен, күкірткөміртегімен, мышьякты сутегімен және т.б. уланғанда болады.

Жиі гипоксия шақыратын заттармен (күкіртсутегімен, көміртек тотығымен) уланғанда есеңгіреу бақыланады, ал массивті уланғанда сопор мен кома жағдайы болады.

Иісті газбен, анилинмен, антифризбен, қорғасынмен, сынап, радиоактивті заттармен уланғанда мнестико-интеллектуальды бұзылыстар бақыланады.

Жиі шизоформды симптоматика бақыланады: маниакальды (АКТГ, акрихинмен уланғанда, кататониялық, гебефренді (сынаппен, радиоактивті заттармен).

Психоз дәрежесіне жетпейтін психикалық бұзылыстардан астениялық, невротикалық, депрессивті және ипохондриялық синдромдар тән болып табылады.

Клиникалық көрінісі басым жағдайда сана бұзылысымен жүретін психоз жедел түрде өтеді. Созылмалы ағымдағы психоз шизоформды симптоматикамен жүреді.

Интоксикациялық психоздардың емі ең алдымен психоз жағдайына алып келген интоксикацияны тоқтатудан, және массивті дезинтоксикация және патогенетикалық терапия жүргізуден тұрады. Интоксикация кезінде организм кейбір улы заттармен және бірқатар дәрілік заттармен де белгілі бір дәрежеде сенсибилизацияланады, сондықтан оларды сақтықпен қолдану қажет.

Бұл кез- келген интоксикациялық психоздар терапиясының ортақ принциптері, дегенмен жиі қолданылатын және жоғары тиімділік көрсететін антидотты препараттарды тағайындауды естен шығармаған жөн. Десенсибилизациялық әсері бар препараттар да жақсы эффект береді (димедрол, супрастин, новакаин және т.б.). Инсулинді аз мөлшерде тағайындауға болады.

Сынап, мышьяк (қорғасынды есептемегенде) және т.б. металдар қосылыстарымен уланғанда дезинтоксикациялық ем жүргізу үшін унитиолдың 1 г ішке немесе 5% - 10 мл ерітіндісін бұлшықетке егеді, тері астына физиологиялық ерітінді, көктамырға қан, плазма, қан алмастырушы заттар жіберу керек. Жүрек, тыныс мүшелерінің қызметін сүйемелдеу қажет массивті витаминдік терапия, әсіресе В тобының витаминдерін тағайындау керек.

Ауыр улану кезінде улануға қарсы күрес орталықтарында немесе реанимациялық бөлімшелерде гемосорбция және басқа да заманауи әдістер қолдану арқылы жүргізілуі тиіс.

Интоксикациялық психоздардың профилактикасы сәкес іс жүзіндегі санитарлық бақылаудан, интоксикацияның алғашқы симптомдарымен науқастарды ерте анықтау және зиянды факторлардың ағзаға әсерін тоқтату шараларынан тұрады. Дәрілік препараттардың көп мөлшерін алғаш және ұзақ тағайындағанда сақтылық қажет, әсіресе жас балалар мен қарттарда.

 

Тарау








Дата добавления: 2016-03-22; просмотров: 2577;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.