Теміржол тораптарының негізгі схемалары

 

Бір станциядан тұратын тораптар – бірнеше темір жол желілері қосылған телімдік станциялар мен кішігірім қалалар ауданындағы бір темір жол магистралдарына басқа магистраль жолдары қосылған жерлерде орналасады. Бұндай тораптардағы темір жол бағыттар бір станцияға келіп тоғысады.

 

1.3.1-сурет. Бір станциялы теміржол торабының схемасы: а – қозғалыс бағытына қарай;б – желілерге қарай

Тр1, Тр2 - тақ және жұп транзиттік пойыздарға арналған парктер,

ЖП – сәйкес бағыттардың қабылдап-жөнелту парктері

 

Темір жол торабының схемалары қабылдау – жөнелту және т.б. парктерінің әр бір негізгі жолдарға және жөнелту бағыттарына сәйкес мамандырылған бір станциядан, парктері жөнелту бағыттарына сәйкес мамандырылған бір станциядан тұрады. Мұндай тораптар бір бағыттың 1, 2 магистралдық жолы, екінші бағыттың 1, 2 магистралдық жолымен түйіскен (қиылысқан) жерінде орналасады. Көбінесе мұндай тораптар «торапты телімдік станция» не болмаса, «телімдік сұрыптау станциясы» болып саналады. Олар негізінде жергілікті телімдік, құрама пойыздарды бір бағыттан екінші бағытқа ауыстыратын транзит пойыздарды өңдейді. Бұндай тораптарда бір станцияда телімдік, құрама пойыздарды тарататын сұрыптау құрылғысы, жолаушы ғимараты, жүк алаңы, транзит пойыздарды бір басты жолдан екіншіге ауыстыратын, оларды өңдейтін парктері және т.б. құрылғылары болуы керек.

Бұндай станалардың жолаушы және жүк парктері параллельді схема бойынша орналасады. Әр бағыттан бір мезетте келетін жүк және жолаушы пойыздары жол айырықтары, қосымша негізгі жолдар, жалғастырушы және тұзақ тәрізді жолдар, параллельді съездер және бағыттама көшелерін салу (1.3.2-сурет а,б) арқылы орындалады.

 

1.3.2-сурет. Жөнелту бағытына қарай жіктейтін біріктіргіш жолдары бар бір станциялы теміржол торабының схемасы:

а – айналмалы біріктіргіш жолдарсыз

б - айналмалы біріктіргіш жолдары бар

 

Жолаушы мен жүк пойыздары және өңделетін вагонағындарының шамасы көп болған жағдайда, бір стансалы тораптарда жолаушы және жүк парктерін тізбектеп орналастырған ыңғайлы (1.3.3 сурет).

Бір станциядан тұратын тораптың артықшылықтары: барлық жұмыстардың бір жерден шоғырландырылуы; олардың ықшамдылығы; торапта жұмыстарды басқарудың ыңғайлылығы және т.б.

 

1.3.3-сурет. Жүк және жолаушы қозғалыстарына арналған құрылғылары тізбектеп орналасқан бір станциялы теміржол торабының схемасы

 

Тұйықталған тораптар – темір желілері аяқталатын пункттерде орналастырылады. Бұндай тораптар көбіне жолаушылар мен жүк тасымалдарын ұйымдастыруды қажет ететін кейбір топографиялық жағдайларда (өзен, теңіз, көл, тау бар жерде, мемлекеттік шекара, су бөгеттерінде) салынады. Көбіне бұл тораптарда теміржол көлігінің жұмыстары басталады және аяқталады.

 

 

1.3.4–сурет. Станциялары және басқа негізгі құрылыстары тұйықталған теміржол торабы

Үшбыұрыш тәрізді тораптар - үлкен қалаларда үш магистралдық негізгі жолдар түйіскен жерлерде салынады. Әр бағыттың бір негізгі жолдан келесі негізгі жолдарға ауысатын вагонағындары көлемі қомақты болуы тиіс.

Үшбұрыш тәрізді тораптарда бірнеше арнайы станциялар болуы мүмкін. Онда әр темір жол бағытында пойыздарды өңдеу үшін станциялар болуы тиіс. Әр станцияның ролі мен қызметі олардың қала мен өндірістік кәсіпорындарға қатысты орналасуына қарай тағайындалады. Егер қала 1Ст-ның. ауданында орналасса, онда оны жолаушы станциясы деп атаймыз. Ондай жағдайда 2Ст. сұрыптау станциясының қызметін атқарады, ал 3Ст. - өндірістік кәсіпорындар мен жүк ауласына қызмет көрсететін жолаушы және жүк станциялары бола алады.

Жолаушы станциялары қаланың ішінде орналасады (ЖолС1), ал жүк станциясы қаланың сыртында орналасқаны жөн. Жүк алаңы, өндірістің кірме жолдары қаланың ішінде орналасуы мүмкін. Сұрыптау станциялары бөлек орналасады немесе жүк станциясымен бірге орналасады.

Сонымен қатар өндірістік кәсіпорындардың қоршаған ортаға зиян келтіретін болғандықтан, олар қала сыртына орналастырылуы мүмкін. Онда оларға 2Ст. сұрыптау станциясы қызмет көрсетеді.

Бір темір жол бағытының пойыздарын келесі темір жол бағытына кедергісіз өткізу үшін және негізгі станциялардан басқа жүк станцияларына кедергісіз жөнелту үшін жол айырықтары мен байланыстырғыш жолдар (1.3.5 суретте үзік сызықпен көрсетілген) салынады.

 

 

1.3.5-сурет. Үшбұрышты тәрізді тораптың схемасы

 

Үшбұрыш тәрізді тораптардың басты ерекшеліктері транзиттік пойыздарды ең қысқа жолдармен тоқтаусыз өткізуге болады, ал өңделетін вагонағындар сұрыптау станциясына жеткенше артық жол жүреді.

Үшбұрыш тәрізді тораптардың схемаларының ерекшеліктері келесі факторларға байланысты:

v қаланың географиялық орналасуына;

v өндірістің және кәсіпорындарының орналасуына;

v негізгі магистралдық жолдардың қосылауына және т.б.

 

Крест тәрізді тораптары – магистралды темір жол желілері қиылысқан жерлерде салынады. Егер өңделетін вагонағындар көлемі аз болған жағдайда бұндай тораптарда әр темір жол бағыттарында өзінің жеке-жеке телімдік станциялары (1.3.6-сурет) орналасуы тиіс.

 

 

1.3.6-сурет. Крест тәрізді тораптың схемасы

 

Бұрыштық вагонағындарды өңдеп жөнелту үшін барлық сұрыптау жұмыстарын вагонағындар шамасы басым бағыттағы бір стансада шоғырландырған (мысалда 1Ст.) тиімді. Бұл негізгі станцияда жолаушы және жүк шаруашылықтары, локомотив шаруашылықтары орналасады. Ал басқа 2Ст-да транзиттік пойыздарды өңдеу және тоқтаусыз өткізу операциялары орындалады және жолаушы тасымалдары орындалады.

Радиалды тораптар – бір станциялы тораптарға жаңа темір жол желілері келіп қосылған жағдайларда туындайды. Бұндай тораптарда барлық темір жол желілері бір негізгі станцияға келіп тоғысады. Негізгі станциядан басқа әр темір жол бағыттарында вагонағындар сипаттамасына қарай басқа да станциялар орналастырылады.

Сұрыптау станциялары өңделетін вагонағындар көлемі көп темір жол бағытанда орналастырылады. Ал негізгі станция көбіне қала маңына салынады, ол негізгі жолаушы станциясы болып саналады.

Жергілікті жүк жұмыстары көбіне радиалды желілерде орналасқан станцияларда шоғырландырылады. Бұл станцияларға жүк ауласы, кірме жолдар жалғастырылады.

 

 

1.3.7-сурет. Радиалды тораптың схемасы

Сақиналы тораптар – тоғысатын желілері мен оларда өзара жөнелтілетін вагонағындары көп, бір-бірімен сақиналы темір жолдар арқылы бір торапқа біріктірілген торапты айтамыз. Сақиналы тораптарда бірнеше жолаушы, сұрыптау және жүк станциялары болады (1.3.8 сурет).

 

1.3.8-сурет. Сақиналы тораптың схемасы

 

Қоршаған темір жолдар басқа басқа да бағыттар мен қаланың жүк ауласы мен кірме жолдарына өзара тиімді қызмет көрсету үшін радиалды кіру жолдары мен диаметрлі жолдар (радиалды-сақиналы тораптар) салынады.

Жартылай - сақиналы тораптарды – сонымен қатар радиалды-жартылай сақиналы тораптар деп атайды. Себебі радиалды қосымша жолдарсыз жартылай сақиналы тораптар жұмыс атқара алмайды. Бұндай тораптар көбіне белгілі-бір кедергілермен темір жолды айналып қоршап салу мүмкіндігі болмаған жағдайда салынады (1.3.9 сурет). Ондай кедергілерге теңіз, үлкен көл, мемлекеттік шекаралар жатады.

 

 

1.3.9-сурет. Жартылай-сақиналы тораптың схемасы

 

Топталған тораптар – тораптың қарапайым түрлерін белгілі-бір этаптарда күрделілендірудің нәтижесінде туындайды, бұндай тораптар басқа торап түрлерінің жиынтығын (топтарын) құрайды.

Мысалы: үшбұрыш тәрізді торапқа (1.3.10 сурет, а) төртінші темір жол бағытын қосатын болсақ, онда ол крест тәрізді торапқа (1.3.10 сурет, б) айналады. Ал егер оған бесінші темір жол бағытын қосатын болсақ, онда айналмалы темір жол салынады, сөйтіп топталған торап (1.3.10 сурет, в) құрастырылады.

 

1.3.10-сурет. Топталған тораптың схемасы

 








Дата добавления: 2016-03-10; просмотров: 5542;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.014 сек.