Теміржол торабы туралы түсініктер, олардың жіктелінуі

 

Теміржол торабы деп - бірнеше теміржол бағытының желілері түйіскен (қиысқан) немесе қосылған жерде стансалар мен басқа да айырым бекеттерін байланыстырушы жолдар арқылы біріктіретін пунктті айтамыз. Ол станциялар бір-бірімен басты жолдармен, қосымша жолдармен біріктірілген, тараптағы барлық станциялар бірыңғай технологиямен жұмыс істейді.

Теміржол торабтары - теміржол тораптарының схемасына қарай, құрылыстардың орналасуына қарай, олардың геометриялық формаларына қарай келесі түрлерге бөлінеді:

1. Теміржол торабы пайдалану түріне қарай және жолдың маңызына қарай тораптар екіге бөлінеді:

Ø кішкентай не орташа қаланың жанында, көбінесе транзит жүк және жолаушы пойыздарды өңдейтін транзит тораптары. Мұндай тораптарда жергілікті өңдеу жұмыстары көп болмайды,

Ø әр бағыттаманың транзит пойыздары мен сұрыптау жұмыстары көп - транзиттік торап. Мұндай тораптарда бірнеше сұрыптау стансалары болуы мүмкін.

2. Қаланың адам санына қарай тораптар төртке бөлінеді:

Ø жергілікті өңдеу жұмысы көп тораптар (250 ¸ 500 мың адамнан тұратын қаланың жанында);

Ø жергілікті өңдеу жұмысы аз тораптар (50 ¸ 100 мың не 250 мыңға дейін адамнан тұратын қаланың жанында);

Ø теңіз бен өзен порттарының жанында, көбінесе жүктерді қайыра тиеу жұмыстарын орындайтын порттың торабы болып бөлінеді;

Ø үлкен қалалық торап (500 мыңнан көп адамдар тұратын қаланың жанында орналасқан) болып бөлінеді.

3. Торап орналасқан ауданның өндірістік күшіне қарай тораптар екіге бөлінеді:

Ø теміржол торабы,

Ø өнеркәсіп торабы.

4. Тораптың негізгі құрылыстарының географиялық орналасуына қарай:

Ø бір стансадан тұрады,

Ø айқын-ұйқынды (крестообразный),

Ø үшбұрышты және т.б.

Теміржол тораптары теміржолды келесі жұмыстармен қамтамасыз ету керек:

Ø жүк және жолаушы транзит пойыздарын бір бас жолдан екінші бас жолға өткізу үшін;

Ø өңдеуге келе жатқан пойыздарды, вагондарды арнайы өңдетіп жүк, жолаушы және тағы басқа стансаларына беру үшін;

Ø вагондарды қосылған үш және оданда көп бағыттарға арнап тарату (сұрыптау) үшін;

Ø жолаушыларды бір бағыттан екінші не үшінші бағыттың жолаушы пойыздарына отырғызу (ауыстыру) үшін;

Ø тағы да басқа жұмыстар. Бұл жұмыстарды атқару үшін теміржол торабы келесі құрылғылармен жабдықталуы тиіс:

v арнайы жүк станциялары, жолаушы станциялары, телімдік станциялары, сұрыптау станциялары, өндіріс станциялары және т.б. станциялармен,

v керекті жағдайларда өндіріске қажетті жөндеу заводтарымен, жүкзаттар қоймаларымен, электрлік тартым подстанцияларымен және т.б.,

v пойыздарды негізгі жолдар арқылы бір бағыттан екінші бағытқа ауыстыратын қосымша жолдармен,

v әр жазықтықта қиылысқан, не бір жазықтықта қиылысқан екі негізгі теміржол тарамдарымен жолайырықтарымен,

v кірме жолдармен және т.б.

 








Дата добавления: 2016-03-10; просмотров: 6135;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.