Дауларды халықаралық ұйымдарда шешу БҰҰның Қауіпсіздік Кеңесі, олардың дауларды қараудағы ролі.

Халықаралық ұйымдардың жарғылары дауларды бейбіт шешудің механизмдерін қарастырады.

Халықаралық дауларды халықаралық ұйымдардыің органдармен қарау саяси тәсілдер арқылы жүргізіледі. Шешімдер кепілдемелік сипатқа ие.

Дауларды БҰҰның шеңберінде бейбіт реттеу.

БҰҰның Жарғысымен Бас Ассамблея және Қауіпсіздік Кеңесі дауларды шешу шеңберінде құзірет бөлінген органдар болып табылады. БҰҰның Жарғысының VІ тарауына сәйкес “Дауларды бейбіт шешу”, бұл жерде дау дегенде бірінші кезекте оның жалғасуы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін даулар жөнінде сөз болып отыр.

Қауіпсіздік Кеңесі осындай дауларды шешуде ерекше орынға ие. Қауіпсіздік Кеңесі Жарғысының 34 бабына сәйкес кез келген дау бойынша зерттеу жүргізуге өкілдігі бар. Осы негізде Қауіпсіздік Кеңесң халықаралық тергеу функциясын жүргізеді. Іздестіру Кеңесінің өзімен немесе осы мақсатта құрылған комиссиялармен жүргізілуі мүмкін. Кеңес іздестіру жүргізу барысында даудың фактілік жағын анықтап қана қоймай, сондай-ақ халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіптілік дәрежесін анықтайды. Сол үшін де іздестіру дәстүрлі тергеу тәртібімен ерекшеленеді.

Қауіпсіздік Кеңесі даудың сипатын бекітіп бірқатар әрекеттер жасауы мүмкін. Қажет деп тапқан жағдайда ол тараптардан дауды шешуді талап етуі мүмкін. Сондай-ақ Кеңес заңдылық сипаттағы даулар жалпы ережелер бойынша халықаралық сотқа тараптармен берілуі тиістігін назарға алады.

Егер Қауіпсіздік Кеңестің қарауына берілген дау шындығында халықаралық бейбітшілік пне қауіпсіздікті қолдауға қауіп төндірсе онда Қауіпсіздік Кеңесі оны реттеудің тәртібі мен әдістерді ұсынып қана қоймай, оны шешудің тиісті жағдайларын қарастырылуы керек (37 бап Жарғы).

Қауіпсіздік Кеңесі жоғарыда көрсетілген сипаттағы дауды қана қарап қоймай, сондай-ақ кез келген дауды, яғни сол дауға қатысушы тараптардың өтінімімен қарайды және оны шешудің әдістерін ұсынады (38 бап. Жарғы). Жарғының аталған ережелерін орындау барысында Қауіпсіздік Кеңесі игі қызмет, татуласырушы, бітімгерішілік функцияларын жүзеге асыра алады.

Бас Ассамблея халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікке қауіп төндіретін дауларды қарайды және шешеді. Сол негізде Бас Ассамблея дауға қатысып ешқандай ұсыныстар жасай алмайды, егер олар Қауіпсіздік Кеңесімен қарастырылса және бұл туралы Кеңес сұрамаса (Жарғының 12 бап).

Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас Ассамблеяның дауды бейбіт шешудегі құзіреттері БҰҰның мүше мемлекеттеріне және мүше емес мемлекеттерге Жарғыда көрсетілген міндеттемелерді орындауды мойынға алған кезде тартылады.

БҰҰның жүйесінің мамандандырылған мекемелері мен басқа да ұйымдары өздерінің құрылтай актілерінде дауларды бейбіт реттеу тәртіптерін қарастырған. Мұндай даулар талқылауды, құрылтай актілерді қолдануды қажет етеді.

Аймақтық ұйымдар өздерінің құрылтай актілерінде дауларды бейбіт шешудің механизмдерін қарастырады. БҰҰның Жарғысының 33 бабында дауласушы тараптардың басқа тәсілдерімен қатар аумақтық органдарға немесе келісімдерге шағымдануы көзделген. Осындай келісім жасаған немесе осындай органдарға кіретін мемлекеттер жергілікті дауларды бейбіт түрде шешуге барлық күшін салу керек (52 бап 2 т). Жергілікті келісімдергі немесе органдарға жүгіну мүдделі мемлекеттердің не болмаса Қауіпсіздік Кеңесінің бастамашылығымен болуы мүмкін. Сол себептен Кеңес жергілікті дауларды бейбіт шешуге көмектесуі керек.

Дауларды ОБСЕ шеңберінде бейбіт түрде реттеу.

ОБСЕ шеңберінде төрт элементтен тұратын дауларды шешге қатысты жүйе жасалынған. Олар: ОБСЕнің дауларды реттеуге қатысты механизмі (Валенттік механизм), бітімгерішілікке байланысты ОБСЕ комиссиясы, бітімгерішілік пен арбитраждарға қатысты сот.

Дауларды реттеу бойынша ОБСЕ механизмнің негізінде дауларды бейбіт жолмен шешу принциптерімен дауларды реттеу бойынша ОБСЕнің тәртібінің ережелері. Ол 1991 жылы ақпан айында Валентте қолданып, 1992 жылы желтоқсан айында Кеңестің Стокгольмдағы отырысында өзгерістермен қолдау болған.

Валенттік механизм келісім және бітімгершілік органның функциларын атқарады. Мұндай механизм бірнеше мүшелерден тұрады. Оның функциялары Орталыққа Венадағы қарама-қайшылықта жою үшін тапсырылды. Тізімге осы функциясын жүзеге асырғысы келетін қатысушы мемлекеттер тағайындаған тұлғаларға дейін кіреді. Механизмі қалыптастырған кезде оның құрамына дау тараптары болып табылатын мемлекет азаматтар кірмейді. Механизмнің міндеттері тараптарғы көмек көрсеткет көрінуі мүмкін.

ОБСЕ жүйесінің екінші элементі болып бітімгершілік комиссиясы табылады. ОБСЕге қатысушы мемлекеттер арасындағы дау егер оған тараптар келісетін болса, ол комиссияға берілуі мүмкін. Бірақ ереженің ІІ таруына көрсетілгендей қатысушы мемлекеттер кез келген уақытта комиссияның бітімгершілік әдістерінің шарттарымен келіскендігі жөнінде хбарлай алады. Бұл жағдайда комиссияға біржақты тәртіпте шағымдану мүмкін болады.

Кез келген тарап Валенттік тізімнен бір адамды халықаралық делдал ретінде тағандауы мүмкін. Ал аталған делдалдар комиссияның төрағасы болатын үшінші әлемдік делдалды тағайындау керек.

Комиссия шешімі ұсынбалы сипатқа ие. Бірақ ереженің XІV тарауына сәйкес мемлекет қатысушы міндетті болатын өтініш жасай алады.

Үшінші элементі ретінде бітімгершілік пен арбитражға байланысты сот. Оның құрылуы 1992 жылы 15 желтоқсанда қабылданған конвенцияда көрсетілген.

Оның қатысушы 20 мемлекет болып табылады. Соттың болатын жері Женева болып саналады.

Әрбір конвенцияңа қатысушы мемлекет оның заңды күшіне енгеннен кейін екі халықаралық делдалды тағайындайды. Халықаралық делдалдар мен арбитрлар Сотқа шоғырландырылады. дауларды қарау үшін Бітімгешілік комиссиялар мен Арбитражды трибуналдар құрылуы мүмкін.

Бітімгерішілк комиссиясы Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің біржақты арызымен құрылады. Даудағы әрбір тарап өзінің бір әлемдік делдалын тағайындайды. Сот призидиумы Бітімгершілік комиссияның құрамын және үш делдалды тағайындайды. Комиссияның басты мақсаты - дауда тараптарға көмек көрсету.

Егер тараптар келісімге келмесе Комиссия дауды реттеу ұсыныстарымен бірге қорытынды баяндама жасап оны тараптарға мәләмдейді. Тараптар келіспесе баяндама 30 күн ішінде ОБСЕнің министрлер Кеңесіне жіберіледі.

Арбитражды трибунал тараптардың ұсыныстарымен немесе тараптардың біреумен баяндама берілгенне кейін 30 күн мерзім өткеннен кейін құрылуы мүмкін. Конвенцияға қатысушы мемлекеттер сәйкес арызды жасап Арбитражды трибуналдың міндетті юрипруденциясын мойындауы мүмкін.

Арбитражды трибунал нақты дауды шешу үшін дауласушы тараптардың арбитрларынан және Сот Призидиумы тағайындаған арбитрлардан тұруы мүмкін. Трибунал дауды халықаралық құқыққа сай шешеді. Сондай-ақ ex aeguo et bono ісін де тараптардың келісімімен шешеді. Арбитраждың шешім соңғы шешім және ол шағымдануға жатқызылмайды.

Соңғы, төртінші элемент директивті бітістіру тәртібі. Ол 1992 жылы желтоқсанда Стокгольмде қабылданған.

Араб Мемлекеттердің Лигасының Пактісіне сәйкес Кеңес арбитраждық және бітімгерішілік органның функцияларына бөлінген. 5 бапқа сәйкес АМЛның шешуіне жататын даулар екіге бөлінеді. Бірішісіне мемлекеттердің тәуелсіздігіне, егемендігіне және территорилық біртұтастығына қатысты емес даулар жатады. Егер дауласушы тараптардың екеуі де Кеңеске шағымдаса мұндай шешім міндетті әрі соңғы болып табылады. Екінші категорияға АМЛның мүше мемлекеттердің арасындағы соғысқа әкеліп соқтыратын даулар. Бұл кезде Кеңес өз бастамашылығымен дауды шешуге өз қызметін ұсынуға құқығы бар.

АМЛның тәжірибесінде даулар конвенция шақырылып отыратын мемлекет және үкімет басшыларымен де құрылған. Дауларды шешу бітімгершілік бойынша комиссия құру тәжірибесін жасады. Оның құрамына Лиганың басты қатысушы, Кеңес төрағасы және АМЛна мүше мемлекеттердің өкілдері. Африканың Бірлік ұйымының хартиясы 3 бапта даулы мәселелер келіссөздер, бітімгершілік пен арбитраж арқылы шешу керек дер көрсетілген. Осы жөніндегі комиссияға арнай органның ролі бөлініп беріледі. Бірақ практикада оның қызметінің мағызы шамалы болып қалды. Басты рольді оның оның басқарушы органдары - мемлекет пен үкімет басшыларының Ассамблеясы мен Министрлер Кеңесі жүзеге асырады.

Американдық мемлекеттер арасындағы дауды шешу жүйесі Америка мемлекеттерінің ұйымдары жарғысында бекітілген. Онда барлық америка мемлекеттері қатыспайды.

1985 жылы Картахен хаттамасымен дауларды шешц жүйесінің реформасы жүргізілген. Тұрақты кеңестің құзіреттері күшейтілген. Тұрақты Кеңес АМҰна мүше елдердің арасындағы достық қарым-қатынастардың тұрақтылығын тексереді. Кеңес тараптарға көмек көрсете отырып, оларға дауды шешудің тәртібін айқындап береді. Ол дауласушы тараптардың келісімімен ad hoc комиссиямы құруы мүмкін. Мұндай комиссиялар әрбір жағдайда келісе отырып құзіреттер бөліседі. Тұрақты Кеңес дауласушы тараптардың келісімімен сол даудың себептерін анықтау үшін іздестіру жүргізуі мүмкін (87 бап).

Американдық мемлекеттер арсындағы келдісімдер арасында маңызды болып орталық американдық мемлекеттер ұйымдарының жарғысы болып табылады.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына қатысты айтсақ, онда оның жарғысының 18 бабында көзделген мемлекет басшыларының кеңесі даудың кез келген сатысында тараптарға оны реттеудің әдістерін ұсынуы мүмкін.

3. Халықаралық бітімгершілік процедурасы. Игі қызметтер, татуластырушылық, тергеу және келісім комиссиялары.

Игі қызметтер мен татуластырушылық - бұл халықаралық дауларды үшінші тараптардың көмегімен шешу. Олоардың өзара ұқсастықтары да, сондай-ақ айырмашылықтары да бар.

Бұл туралы 1899 және 1907 халықаралық қақтығыстарды шешу жөніндегі игі конвенцияда аталған. Үшінші тарап өз бастамашылығымен немесе басқа біреудің өтінішімен игі қызметтер мен татуластырушылықты жүзеге асыруы мүмкін болып табылады.

Олардың арасындағы айырмашылықтар келесідей көрініс табады. Игі қызметтерді жасау тараптардың келіссөзге келуіне түрткі болу үшін арасындағы байланысты жақсарту. Игі қызметтерді жасаушы тарап келіссөзге катыспауы керек. Татуластырушылықта үшінші тараптың қатысуы аса белсенді болады. Оның мақсаты тараптардың арсындағы байланысты жақсарту ғана емес олардың ымыраға келуіне жағдай туғызу.

Кең көлемді құқықтарға иелене отырып татуластырушы (делдал) белгілі міндіттерді сақтау керек: бір тарапқа көмек көрсете отырып келесі тарапқа зиян келтірмеуі керек, егеменді құқықтарды құрметтеу керек.

Жоғарыда екі әдіс жеке және ұжымдық болуы мүмкін. Оларды мемлекет, халықаралық ұйымдар, олардың тұлғалар, көрнекті қоғам қайраткерлері жүзеге асыра алады.

Мемлекет өзінің халықаралық қатынасында бұл тәсілдерді белсенді түрде қолдана алады. Бұл XVІІІ-XІX ғасырда осындай ұсыныстар жасаған Ресейге де қатысты. КСРОның Үкіметінің игі істері танылады. Ол Франция мен Швеция арасына татуластырушы ретінде қызметі.

КСРОның ұсынысынан бас тартқан жағдайлар да болды. 1945 жылы жапон үкіметі КСРОға Жапония мен Қытай, АҚШ, Англия арасында татуластырушы болуды ұсында. Ол Қиыр Шығыстыға соғысты тоқтату мәселесіне байланысты болды.

Практикада БҰҰ игі қызметтерді атқаруда БҰҰның басты хатшысы немесе анрайы өкілдері жиі жүзеге асыратын болды. Бас хатшысының игі қызметтері 1962 жылы КСРО мен АҚШ арасындағы кариб дағдарысы бойынша келіссөз жүргізген кезде айқын көрінді. Сондай-ақ оның татуластырушы әрекеттері 1988 жылғы Ауғаныстандағы қақтығыстарда мағызды роль ойнады.

1899 және 1907 жылы даулы тараптар татуластырушы державаны таңдап алатын болды. Бұл державалар бір-бірімен тікелей байланыста болу керек болды. Осындай әрекеттердің көмегімен шекара жөніндегі аржирлік-морокколық дау шешілген еді.

Халықаралық тергеу және келісім ккомиссия даулысушы тараптардың бастауымен құрылған органдар. Кей кезде оған үшінші тұлғалар тартылады. БҰҰ Жарғысының 33бабына сәйкес бұл тәсілдер “Зерттеу”, ”Келісім” терминдерімен көрсетілген.

Бұл тергеу комиссияның міндеті дауға қатысты фактілердің нақтылығын тексеру. Ал Келісім комиссиялары дау да шешуге күш салынады. Бұл екі комиссиялардың қорытындылары факультативті сипатқа ие. Олар онымен келіседі немесе бас тартуға құқығы бар. Бірақ мұндай қортындылардың міндеттілік сипатқа ие болуы да кездеседі. Мысалы, 1948 жылы Дунайдағы кеме режимі жөніндегі конвенция.

Халықаралық Тергеу комиссияның қалыптасу мен әрекет ету тәптібі Ресейдің басшылығымен Гаага конвенциясымен бекітілген. Бұл конвенцияның мақсаты болып дауларды шешудегі фактілерді қарастыру табылады. Тергеу комиссияның дауласушы тараптардың арасындағы ерекше келісім негізінде құрылады. Келісімге қарауға жататын фактілер, комиссиялардың қзіретінің көлемі, сондай-ақ комиссияның орналасу жері және ол қолданатын тіл айқындалуы тиіс. Егер тараптар басқадай келісімге келмесе онда 12 және 45 бапқа сәйкес әпбір тарап комиссияға Аралық соттың тұрақты палатасының мүшелерінің жалпы санынан екі комиссир тағайындайды. Комиссияның төрт мүшесі комиссияның төрағасы етіп бесінші мүшені тағайындайды.

1899 және 1907 жылдардағы Конвенцияда тергеу жүргізудің ережелері бекітілген. Олар: тергеудің жарыспалы принципте жүгізілуі; комиссиның отырысы жабық болып өтеді; шешім комиссия мүшелерінің жоғарғы дауысымен қабылданады. Комиссия оның мүшелерінің қолы қойылған баяндама толтырып, оны тараптарға ұсынады. 35 бапта көрсетілгендей комиссияның баяндамасы аралық сот шешімінің сипатына ие бола алмайды. Тараптарда да осы фактілік қорытындылары өзінің еркінше қолдануға толық құқық сақталады.

Тергеу процедурасы 1949 жылғы соғыс құрбандарын қорғау жөніндегі Женева конвенциясында қарастырылған.

БҰҰ тәжірибесінде фактілерді анықтау жөніндегі жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді. Бас Ассамблея фактілерді анықтау әдістері жөніндегі мәселелер бойынша өзінің бірқатар резолюцияларында, мысалы, 1963 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған резолюцияда, дауды бейбіт шешу кезінде тергеу тәртібіне көңіл бөлген.

1991 жылы 9 желтоқсанда Бас Ассамблея мен халықаралық қауіпсізідік пен бейбітішілік қолдау аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының актілерін бекіту жөніндегі Декларация қабылданды. Декларация Қауіпсіздік Кеңес пен Бас Ассамблеяның бейбітшілік пен қауіпсізідікті сақтаумен байланысты функцияларды жүзеге асыру барысында сол болып жатқан дау немесе оқиға туралы барлық мәліметтерді нақты білу керек. Декларация фактілерді анықтау бойынша миссия құру мәселелерін еттейді. Мұндай миссияларды кез келген мемлекет территориясына жіберу үшін біріншіден ол елдің келісімі керек. Декларация миссияны ұйымдастыру мен жүгізу үшін ең бірінші сарапшылардың тізімін құратын және жақсартатын Бас хатшысының қызметтерін пайдалану керек. Бірақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас Ассамблеяның арныйы көмекші органдарының көмегін де пайдалануға болады.

Бітістіру комиссиялары халықаралық қатынасты тергеу комиссяларынан кейін ғана пайда болды. Доктринада алғашқы бітістіру комиссиясының 1909 жылғы АҚШ пен Ұлыбритания арасындағы келісім-шарт бойынша құрылғандығы аталады.

Бітістіру комиссияның қалыптасуы мен қызмет жасауы жөніндегі тәртібі нақтырақ 1928 жылғы жалпы актіде қарастырылған.

Жалпы акт осы актіде қаьысушылар арасындағы дау сол дауласушы тараптар құрған тұрақты немесе уақытша арнайы комиссияларымен қарастырады ӨӨӨ көрсетілген. Комиссия құрамында бес мүшеден тек біруі ғана дауласушы тарапатың азаматы болуы керек. Комиссияның басқа үш мүшесі тараптардың келісімімен үшінші державаның азаматтарынан сайланады.

Келісім комиссиясындағы өндіріс жарыспалы сипатта болып, шешім комиссия мүшелерінің дауысымен қабылданады.

Келісім комисссиялары ережелер бірқатар екіжақты және көпжақты шарттар мен конвенцияларда көрсетілген.

КСРО тәжірибесінде келісім комиссиялары шешу үшін өз дамуын тапты. Екі жақты келісім нігізінде келісім комиссиясы құрылады. Онық құрамында шеара комиссирдалары (өкілдері) болады. Олар дауды не өздері шешеді не өз үкіметінің қарауына тапсырады.

Келісім комиссиясының әртүрлі жүргізу тәртіптері мемелекеттердің халықаралық ұйымдармен жалпы сипаттағы қатынастарда олардың өкілдіктері жөніндегі Вена конвенциясында, сондай-ақ 1982 жылы Теңіз құқығы бойынша БҰҰның конвенциясында көзделген. 1995 жылы БҰҰ шеңберінде мемлекеттердің арасындағы дауларды шешу жөніндегі типтік ережелер қабылданды (БА рез. 50/50 11 желтоқсан 1995 жыл). Типтік ережелер қолдануға жатады егер мемлекеттер ымыраға келу жөнінде жазбаша нысанда келіссе. Ол жұмыстардың нәтижелері ұсынбалы сипатқа ие. Ымыраға келудің түрлі сатыларында тараптар БҰҰ Бас хатшысынан оларға көмек көрсетуді сұрайды.








Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 2641;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.014 сек.