Маневр операцияларының элементтері

 

Маневр операцияларының неғұрлым жетілдірілген әдістерін таңдау және оларды нормалау - маневр операцияларын жеке бөлік-терге және элементтерге жіктеуге, оларды талдауға және синтездеуге (зерттеуге) негізделген. Маневрдің ең қарапайым бөлігіне жартылай рейс жатады.

Маневр жекелеген элементтерден түрады. Олардың ең қарапайымы - жартылай (біржацты) рейс - локомотивтің вагондармен немесе локомотивтің бір өзінің жүріс бағытын өзгертпестен станса жолдары-мен жүріп тұруы (4.3-сурет).

Локомотивтің вагондармен немесе локомотивтің бір өзінің жүріс бағытын өзгерте отырып станса жолдарымен жүріп түруын маневр рейсі деп атайды (4.4-сурет). Ол екі жартылай рейстен түрады.

Локомотивтің вагондармен жүретін рейстері мен жартылай рейстерін – тиеулі рейстер деп, вагондарсыз жүрісін - бос рейстер деп атайды. Жартылай рейстермен рейстер жасайтын вагондарды маневрлік құрам деп атайды.

Таратылатын құрамдағы сұрыптау барысында бір стансаға жеткізілетін бір вагонды немесе қатар тұрған вагондар тобын бастапқы топ немесе ағытпа деп атайды.

Сипаттамасы мен мақсатына қарай жартылай (толық) рейстерді: құрамға бару, тартып шығару, шегіндіру, итеріп жіберу (сұрыптау), кейін тарту ауыстырып орналастыру, итеріп жүру (4.3- және 4.4-суреттер) деп бөледі.

Локомотивтің баруы- локомотивтің маневр жасау үшін құрамға жеке барып тіркелуі.

Тартып шығару- парк жолынан тартым жолына (немесе басқа жолға) маневр құрамын айырғыш бағыттамасынан өткізіп тартып шығару жүрісі. Одан кейін кері қарай басқа жолға (шегіндіру, итеріп жіберу немесе құрамды итеру арқылы) жүріс жасалады.

Шегіндіру- маневр құрамының вагондарын алдына тіркеп арналған жолына қою жүрісі.

Итеріп жіберу(сұрыптау) - маневр локомотивінің белгілі жылдамдыққа дейін екпіндеуі (локомотиві құрам артында) және күрт тежеуі, қорытындысында алдын ала ағытылған вагон (вагон тобы) инерциямен белгіленген жолына сырғиды.

Кейін тарту- вагондарды одан әрі сұрыптау мақсатымен локомотиві алдында маневр құрамының айырғыш бағыттамасынан тартым жолына қарай жүрісі.

Ауыстыру - маневр құрамының бір парктен (жолдан) екінші паркке (жолға) ауыстыру жүрісі.

Құрамды итеріп жүру- локомотивтің құрамды артынан сұрыптау дөңесінің төбесіне қарай итеріп жүруі.

Маневрлер жартылай рейстердің үйлесімі болып саналады.

Жылдамдықтың өзгеруіне қарай негізгі жартылай рейстердің мынадай түрлері (4.5-сурет) болады:

Екпіндеу - тежеу (4.5, а-сурет) - локомотив вагондарымен жүріс қарқынын күшейтіп, белгілі бір жылдамдыққа жеткен соң тежей бастайды;

Екпіндеу - қалыптасқан жылдамдықпен жүру - тежеу (4.5, б-сурет) - локомотив вагондарымен рұқсат етілетін жоғары жылдамдыққа жетіп, біраз уақыт осы жылдамдықпен жүрген соң тежей бастайды;

Екпіндеу - инерциямен жүру (екпінмен жүру - 4.5, в-сурет) - локомотив вагондарымен белгілі бір жылдамдыққа жеткенге дейін жүріс қарқынын күшейтіп, одан әрі инерциямен жүріп отырып тоқтайды;

Екпіндеу - инерциямен жүру-тежеу (4.5, г-сурет) - бұл жартылай рейстің 3-ден айырмашылығы: жартылай рейстің соңында тежеу басталады;

Екпіндеу — қалыптасқан жылдамдықпен жүру — инерциямен жүру (3.2, д-сурет) - маневрлік құрам белгілі бір жылдамдыққа дейін жүріс қарқынын күшейтіп, осы қалыптасқан жылдамдықпен жүреді де одан әрі тоқтағанға дейін инерциямен жүріп отырады;

Екпіндеу қалыптасқан жылдамдықпен жүру инерциямен жүру - тежеу (4.5, е-сурет) - маневрлік құрам белгілі бір жылдамдыққа дейін жүріс қарқынын күшейтіп, осы қалыптасқан жылдамдықпен жүреді де, бұдан әрі біраз қашықтықты инерциямен жүріп өтеді және берілген нүктеде тоқтау үшін тежейді.

Маневрлердің кейбір түрлерін қолдану сұрыптау маневрлерінің сипатына, мақсатына, оларды тарату әдістеріне және жартылай рейстердің ұзындығына, өз кезегінде вагондар таратылатын жолдардың орналасты мен бос түру дәрежелеріне байланысты.

Локомотив сұрыпталатын, әкетілетін және т.б. вагондардың тұрған жолдарына бару рейсін немесе жартылай рейсін бір өзі жасайды. Сұрыптауды бастау алдында әдетте тартым жолға шығару жартылай рейсі жасалады. Вагондарды тартым жолына немесе басқа жолға айыргыш багыттамадан өткізіп шығарады. Әрбір сұрыптау жартылай рейсінде маневрлік құрамнан бір немесе бірнеше ағытпалар бөлініп, тиісті жолдарға жіберіледі.

Маневрлік жүрістердің ұзындығына, маневрлік құрамның мөлшеріне, жүріс жылдамдығына, жолдың еңістігіне және басқа факторларға қарай негізгі жартылай рейстерді орындауға жұмсалатын уақыт мөлшері нормаланады.

Екпіндеу мен тежеуге, инерциямен жүруге қажетті уақыт пен қашықтықты есептеу үшін тартым күштері есептеулерін қолдануға болады.

ТПЕ-ге сәйкес маневр жұмыстары кезінде рұқсат етілген шектеулі ең жоғары жүріс жылдамдықтары мынадай мөлшерден аспауы тиіс, км/сағ:

• 60 - жалғыз локомотивтің және автотежеуіштерін қосып, артына вагондар тіркеген локомотивтің жүрісінде;

• 40 - жалғыз локомотивтің және артына вагондар тіркеген локомотивтің жүрісінде (автотежеуіштері қосылмаған);

• 25 - вагондарын алдына қойып, бос жолдармен жүрісінде;

• 15 - ішінде адамдары бар, сондай-ақ 3- және 4-дәрежелі габариттен жоғары жүктері бар вагондармен жүрісінде;

• 5 - вагондар ағытпасы сұрыптау паркінде басқа ағытпаға қосылуға жақындағанда;

• 3 - локомотив вагондарға жақындағанда және вагон таразысынан өтуде.

 

1. Бекжанов З.С. Теміржол стансаларының жұмыс технологиясы. Оқулық. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2013

2. Бекжанов З.С. Теміржол көлігімен тасымалдау технологиясы және оны ұйымдастыру:

Оқулық. - Астана. "Парасат Әлемі" баспасы, 2005. - 352б.

3. Бекжанов З.С., Омарова Г.А. Көліктану негіздері. 1 Теміржол көлігі., Алматы, 2003г.

 


Лекция №2. Теміржол торабыНЫҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ








Дата добавления: 2016-03-10; просмотров: 4513;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.