Алынбайтын бетонды қалыптар негізгі түрлері

Алынбайтын қалыптың бірнеше түрі бар және дайындау материалына қарай түрленеді. Жұмыс жүргізілу түріне қарай талданады. Яғни, келесі түрлерге бөлінеді: арболит, армопанель, көбіктелген полистироль, декоративті қалып. Біріншісі, арболит ағашбетоннан жасалынады. Жылуоқшаулау қасиетін арттыру үшін қосымша көбікполистироль қабатын жағады. Соңғы кезеңде қалыпқа арматураны қояды және бетон араласпасын құяды. Сыртқы қабырғасын сайдинг, клинкермен немесе сәндеп сылайды. Армопанель үстінен арматурамен жабылған жылуоқшаулағыш материалдан немесе көбікполистирольді тақтадан жасалынады. Бетон қалыпқа белгілі бір қысымда құйылады, сол себептен «сэндвич» секілді нәрсе пайда болады. Сондықтан арзан болып табылады. Үшінші түрі – панель тәріздес көбіктелген полистироль. Алайда оны міндетті түрде қиюлау қажет, өйткені материал ретінде ол температура айырмасынан, жаңбырдан және қардан қорқады. Төртінші түрі – декоративті қалып, блокпен жиналады. Оның ішіне міндетті түрде минералды мақта немесе жылуоқшаулағыш материал салады. Қаптауды қажет етпейді, себебі қабырғада декоративті сылағы бар.

Қазіргі кезде монолитті конструкциялар тұрғызу үшін ағаштан жасалған қалыпты кеңінен қолданады.Оның негізгі элементтері әр түрлі пішіндегі және мөлшердігі ағаш қалқандары болып табылады. Байлынстырғыш элементі және қаттылық эліміенті ағаш бөренесінен орындалады. Қалыпты көлденең тіреуіш бетіне құрастырғанда сым сиыршығы, жиектеме және кебеулеп қойылған тіреуіш элементтер көмегімен жүзеге асады. Ағаштан жасалған қалыптың негізгі кемшілігі ол бұдан былай ағаш элементтердің қолдануға жарамсыздығы.

Бақылау сұрақтары:

1.Пластикалық қалыптардан жасалатын құрылыс материалдарын ата?

2.Полимерлі қалыптардың артықшылықтары қандай?

3.Бетоннан жасалған алынбайтын қалыптар олардың түрлері?

4. Алынбайтын бетонды қалыптар негізгі түрлерін ата?

 








Дата добавления: 2016-04-22; просмотров: 2602;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.