Программа әзірлеу кезеңдері.

ЭЕМ – программаны сақтауға және орындауға қабілетті құрылғы. Программалар - бұл алгоритмдер және деректер құрылымдары.

Программалау – программаны құру (әзірлеу) процесі, мынадай қадамдар тізбегі түрінде берілуі мүмкін:

1. Тапсырманың қойылымын анықтау;

2. Қойылған тапсырманы шешу алгоритмін әзірлеу немесе таңдау;

3. Командаларды (программа кодын) жазу.

4. Түзету;

5. Тестілеу;

Тапсырманың қойылымын анықтау – бұл кезеңде бастапқы ақпарат нақтыланып, нәтежиеге қойылатын талаптар қалыптасады. Мысалы, С= A+B. Бұл программа үшін бастапқы деректер А және В сан мәндері (бүтін, сондай – ақ басқа да типті болуы мүмкін) болып табылады. Сондай–ақ бұл деректер қандай режимде (сұқбаттық режимде кілтжиыннан немесе программада енгізілуі мүмкін) енгізілу керек, осы анықталады. Шығыс дерегі – С қосындысы.

Алгоритмді әзірлеу кезінде нәтиже алуға қол жеткізу үшін орындалатын әрекеттер тізбегі анықталу керек. Бұл жағдайда программалаушы белгілі бір критерииді (көптеген тапсырмалар түрлі тәсілдермен шешілуі мүмкін) қолданады, мысалы, алгоритмнің жұмыс жылдамдығы, оның ұзындығы, және т.б. ыңғайлы шешімді таңдайды. Бұл кезеңнің нәтежесі сөзбен сипатталған немесе блок–сұлба түрінде бейнеленген алгоритм болмақ.

Программа кодын әзірлеу кезеңінде алгоритм программалаудың нақты бір тіліндегі командалар түрінде жазылады.

Түзету – программадағы қатені табу, жою. Қате екі топқа бөлінеді: синтаксистік және алгоритмдік.

Тестілеу кезеңі - маңызды, егер сіз жазған программаны басқалар қолданатын болса. Осы кезеңде кіріс деректері саны үлкен болған жағдайда, қате деректер енгізілген жағдайда программа қалай жұмыс істейді, соны тексеру керек. Тапсырманы шешу процесінің осындай қадам бойынша сипатталуы алгоритмдеу деп аталады.

Алгоритм – бастапқы деректерден нәтиже алуға дейінгі процесті анықтайтын, алдын ала құрылған болжау. Алгоритм мынадай үш қасиетке ие болу керек:

- бірмәнділік;

- жалпыламалық;

- нәтижелілік;

Бірмәнділік - әрекеттердің орындалу ережелері мен олардың орындалу тәртібінің тұтастығы.

Жалпыламалық – алгоритмді күрделі тапсырмаларды шешуде пайдалана алу мүмкіндігі.

Нәтежиелілік – алгоритмнің орындалуы белгілі бір нәтежие алуға әкеп соғуы керек.








Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 3837;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.