Бақылау сұрақтары. 2. Программалау деген не, программаны әзірлеу кезеңдерін атаңыз?

1. Алгоритмдеу деген не?

2. Программалау деген не, программаны әзірлеу кезеңдерін атаңыз?

3. Алгоритмдер түрлері, оларды жүзеге асыру тәсілдеріне түсінік беріңіз.

4. Алгоритмдерді бейнелеу жабдықтарын атаңыз.

5. Си программаның құрылымына қандай элементтер кіреді?

 

Дәріс 8. С/С++ -программаның құрылымы.

С/С++ программаның құрылымы.С/С++-программа – бір немесе бірнеше модульдердің жиынтығы. Өздігінен трансляцияланатын файл модуль болып табылады. Мұндай файл әдетте бір немесе бірнеше функцияны қамтиды. Функция операторлардан тұрады. С/С++-программа бір функцияны қамтуы мүмкін немесе (басты функция main) немесе функциялардың кез келген санын қамтуы мүмкін. Функциядан кейін блок орналасады. Ол { жақшамен ашылып, } жақшамен жабылады. Блок деректер анықтамасын қамтиды, онан соң функция операторлары кезектеседі. Деректер анықтамасы айнымалыларды туындатады, олар функцияда қолданылатын болады. Операторлар айнымалылармен орындалатын әрекеттерді анықтайды.

Барлық айнымалылар орындалмастан бұрын анықталу керек.

С/С++ тілдеріндегі қарапайым программаның құрылымы:

Препроцессор директивалары

айнымалылырды баяндау

main ( )

{

басты функцияның операторлары

}

 

main функцияның бос жақшалары ( ) аргументтің жоқтығын көрсетеді. Басты функцияның операторлары { } жақшаның арасында орналасады, айнымалылырды баяндау бөлімінде программада қолданылатын айнымалылар мен тұрақтылар баяндалады.

С/С++ тіліндегі негізгі деректер типтері.

Бүтін типтер: char, int, short, long, signed, unsigned.

Жылжымалы үтірлі типтер: float, double, long double.

Айнымалылар мен тұрақтылар программа жұмыс жасайтын негізгі объектілер болып табылады.

Объектінің типі осы объекті қабылдай алатын мәндер жиынын және оған орындалатын операцияларды анықтайды.

Барлық айнымалыларға олардың белгіленуіне сәйкес мағыналы аттарды берген дұрыс. Қысқа аттар локальды айнымалыларға арналған, әсіресе цикл санағыштары үшін, және ұзынырақтары сыртқы айнымалылар үшін тағайындалған. Әдетте Си программаларында кіші әріппен айнымалыларды, ал үлкен (бас) әріппен – аталған тұрақтыларды тереді.

С/С++-де тек бірнеше базалық типтер бар: char, int, float, double. Сондай-ақ көрсетілген базалық типтермен бірге қолдануға болатын квалификаторлардың бірнешеуі бар: short, long – бүтінге қолданылады, signed, unsigned – char типіне қолданылады және кез-келген бүтін типке қолданылатын. long double типі жоғарғы дәлдікті жылжымалы нүктелі арифметика үшін қолдануға арналған.

Барлық өлшемдер үшін машинаның басқа сипаттамалары және компиляторда аталған тұрақтылар <limits. h> және <float.h> деп аталатын стандартты басты файлдарда сақталады.

Бүтін тип (тізбекті типті қоса алғанда) және жылжымалы тип жиында арифметикалық типті құрайды.

void типі бос белгілеуге ие. Функцияны жариялауда void типінің спецификациясын көрсету, функция ешқандай мәнді қайтармайтынын білдіреді.

Функцияны жариялауда аргументтерді жариялау тізіміндегі void типінің көрсетілуі, функцияның аргументтерді қабылдамайтынын білдіреді.

Көрсеткіштің void типінде жариялануы, ол кез-келгеніне көрсете алады, яғни арнайы тип емес екендігін білдіреді.

void типі типті келтіру операциясында көрсетілуі мүмкін. void типті айнымалыны жариялауға болмайды.

Мәндер аймағы – бұл ең аз мәннен ең үлкен мәнге дейінгі берілген тип айнымалысында көрсетіле алатын интервал.

Препроцессордың барлық директивалары # белгісінен басталады. Препроцессор директивасынан кейін нүктелі үтір қойылмайды.

Директива #include – программа мәтініне көрсетілген файл құрамын қосады, екі формасы бар: #include "файл аты " #include <файл аты >.

Директива #define – қолданылатын тұрақтыларды, кілттік сөздерді беру директивасы, операторларды немесе өрнектерді кейбір идентификаторлармен ауыстыру үшін де қызмет етеді.

#undef директивасы – #define директивасының әрекетін жоққа шығару үшін қызмет етеді. Синтаксисі:








Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 3940;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.