Дәріс 5. Радиотехникадағы ақпараттық технологиялар.

 

Радиотехникалық жүйелерінде (РТЖ) заманауи ақпараттық технологияларды үйрену ЖОО-дағы дайындықтың маңызды кезені болып табылады. РТЖ саны атқаратын қызметіне байланысты үздіксіз өсуде. Мысалы, ақпаратты береру үшін мына жүйелер қолданылады: тропосфералық, радиорелейлі, спутниктік жіне ұялы байланыстар, радио хабарлау және телевидение, радиотелеметриқалық жүйелер және т.б. Ақпаратты алу жүйелеріне мыналар жатады: радиолокациялық және навигациялық, қоршаған ортаны қашықтан зерттеу, радиотехникалық разведка және т.б.

Радиотехникалық жүйелерінің негізі болып фундаметальді ғылымдардың, сонымен бірге, заманауи электрониканың жетістіктері табылады. РТЖ-ң дамуында келесі бағыттарды белгілеуге болады:

- есептеу жабдықтарға негізделген РТЖ-ң интеллектендіруі;

- радиоэлектронды техникада радиотолқындардың кең диапазондарың пайдалану: милиметрліктен бастап аса ұзынға дейінгі;

- заманауи аппаратурада тар бағытты жекелеген элементтерден (транзисторлар, электрон логикалық ұяшықтар) функционалдық күрделі интегралдық микросұлбаларға көшу;

- РТЖ-да ақпаратты өңдеу құрылғыларының ролін арттыру;

- РТЖ-ның қолданылу саласын кеңейту.

Гетероауысымды биполярлық және өрістік транзисторлар базасында (жекелеген жағдайларды, активті фазаланған антенналық торлы жүйелердің қабылдап-таратқыш модульдері) сантиметрлік және миллиметрлік диапазондардың монолиттік интегралдық сұлбаларын әзірлеуге үлкен қызығушылық бар.

Акустоэлектрондық процессорлар, зарядты байланысты аспаптар және олардың негізіндегі құрылғылар пайда болды.

Ақпартаты беру, жинақтау және өңдеумен байланысты функциялардың күрделілігі цифрлық техника құрылғылар есебінен шешімін табады.

Микропроцессорлық техникамен қатар, сигналдардың цифрлық процессорлары (СЦП) тез дамуда, ол-цифрлық техника аналогтермен өзара әрекеттесетін аспап- заманауи СЦ П-лар секеундына бірнеше ондаған миллион операция орындайтын өнімділігімен сипатталады.

РТЖ-лер өз дамуында функционалдық интеграция дәрежесін жоғарылатуға талпынып келеді, бұл жүйенің сенімділігі мен жылдамдығын көтеруге,құнын төмендетуге, ақпаратты беру мен өңдеудің жоғары жылдамдықты әдістеріне көшуге, ортаға бейімделген жоғары деңгейлі жасалуы зерделі қамтитын интегралданған көп функционалды кешендер құруға мүмкіндік береді.








Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 2942;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.002 сек.