Тәл жүйелері түйіндерін монтаждау.

Бұрғылау қондырғысының тәл жүйесі мұнараның жоғарғы басында, кронблокасты балкаларға орнатылған кронблоктан, кронблокпен тәл арқандары арқылы байланысқан тәл блогынан, онымен жалғасып жатқан жүккөтергіш ілмектен тұрады.

Тәл жүйесін монтаждау мұнараның жоғарғы басына кронблокты көтеруден басталады.

Кронблок Кершенбаум әдісімен монтаждау кезінде, мұнарамен бірге көтеріледі. Мұнараны қадымдық сырықтар көмегімен жинақтау барысында, кронблокты көтеру үшін, мұнара басындағы белдікке орнатылған ролик арқылы жіберілген, шығырға жалғанған жүктемелік арқан қолданылады.

Мұнараға кронблокты көтермес бұрын шкивтердің айналысы жеңілдігін, қаптамалардың айқарылуы оңайлығын және олардың майысқан жерлері жоқтығын, барлық жалғамалардың, әсіресе қосымша шкивтердің сенімділігін, шпилинттердің, контргайкалардың орнында болуын, мойынтіректердің майлануын жіті тексереді.

Мұнарада кроноблок уровеннің көмегімен дұрыс орнатылып, центрленіп кронблокасты белдікке мықтап бекітіледі. Бекіту, диаметрі 33мм болатын жұмыр қамыт көмегімен швеллер белдікке, М30 гайкалармен тартылып жүзеге асады. Мұнара басына кронблокты көтеруге арналған, белдігіне монтаждық ролик орнатылған таған (козел) қондырылады. А-тәріздес мұнаралы «Уралмаш 3000» бұрғылау қондырғысында, кронблокты мұнара көлденең қалыпта тұрғанда орнатады. Осы кезде жоғарыда келтірілген барлық талаптар орындалуы тиіс.

Ілмектіблоктар жиынтық түрде болады. Қолданысқа енгізу кезінде тексеруді, бекітіп қарауды қажет етпейді. Оны монтаждауға бұрғылау қондырғысы шығыры қолданылады. Ілмектіблоктар мұнара мен шығыр монтажынан кейін бірден ілінеді. Тәл блогын жабдықтау алдында шкивтердің айналыс жеңілдігін, қаптамалардың айқарылуы оңайлығын және олардың майысқан жерлері жоқтығын, барлық жалғамалардың сенімділігін мойынтіректердің майлануын тексереді. Байқалған ақаулар жөнделіп, сонымен қатар төменгі сырға, бет және басқа бөліктері тексерілуі қажет. Ақаулар табылған жағдайда (мысалы жарықтар) тәл блогы алмастырылады.

Кронблок монтаждалған соң тәл жүйесі жабдықталады. Бұрғылау кезінде тәл жүйесіне түсетін жүктемеге байланысты, тәл арқандарына қажетті тармақтар саны, диаметрі таңдалады.

Тәл арқандарын жабдықтау, жаңалап ауыстыру жұмыстарына ыңғайлы болу үшін жаңа арқандар орналасқан бухта көпірдің шет жағына, кронблок өстеріне паралель болатын, еркін айналатын өске орнатылады. Тәл арқандары жабдықтау кезінде шкив қырларына, қалқан корпусына үйкеліп қажалмау үшін тәл блогын арнайы, диаметрі 17-19 мм болат арқандармен ротордың үстіне іліп қояды.

Ескі арқан мен жаңа арқанды бір-бірімен жалғау олардың ұштарын бір-біріне қарсы өріп, өрілген жерді жіңішке, жұмсақ сыммен сыртынан қатты тартып орау (10-15 қатар) арқылы орындалады және осылай істеу арқан өрімдерінің қожырап кетуінен сақтайды.

Жаңа арқанды барабаннан ағытқанда оның салбырап қалмауын, арқанның тұзақталып кетуін болдырмау керек, өйткені қатты тартылған кезде арқан бүктеліп, түйіліп бұзылады. Арқан дұрыс оралып, жиналу үшін бірінші қатары тығыз, жатық оралуы қажет.

Тәл жүйесін жабдықтау келесідей есеппен жүргізілуі тиіс, элеватор ең төменгі нүктеде орналасқан шақта, шығыр барабанындағы арқанның бірінші қатар орамдарында екі-үш орам шығыр ребордасына жетпей қалуы қажет. Бірінші қатардағы, жоғарыда аталған екі-үш орам ілмектегі үлкен жүктеменің әсерінен қатарларды нығыздап, осы қатарға жоғарғы қатар орамдарының сыналап кіруін болдырмайды.

Арқанның жылжымайтын ұшын арнаулы механизм барабанына бекітеді.

«Уралмаш ЗД-76», «Уралмаш 4Э-76», «Уралмаш-З000БД», «Уралмаш 3000БЭ» бұрғылау қондырғыларында шығырларды жұмыс алаңы еденіне орналастырып, бұрғылау қондырғысы негізінің белдіктеріне бекітеді.

«Уралмаш 400», «Уралмаш 5000», «Уралмаш 200» бұрғылау қондырғыларында шығырлар еденнен төмен, өзіне арналған алаңға орналастырылып, металл құрылымдарға бекітіледі.

«Уралмаш 300», «Уралмаш 1500» бұрғылау қондырғыларында шығырлар жұмыс алаңдары еденінен төмен арнаулы бетон фундаментке орналасқан негізге бекітіледі.

Шығырларды сызбада берілген координаталармен, болашақ ұңғы өсімен сай келетін ротор тесігі өсіне қатысты, шығыр барабаны бойлық және ендік өстеріне қатысты реттеліп орналастырылады. Арқанның жылжымалы ұшы баратын барабанның бойлық өсі кронблок шкивтері өсіне паралель, ал ендік өсі оған перпендикуляр және сызбада көрсетілген шамаға сәйкес орналасады.

Шығырдың дұрыс орналасуы, оның дұрыс қолданылуын және тәл арқандарының тез тозбауын қамтамасыз етеді. Шығыр екі бағытта уровень көмегімен тексеріліп 1 метрге 0,5-0,8мм дейінгі дәлдікпен қойылып, металлконструкцияның белдігіне сенімді бекітілуі тиіс.

«Уралмаш ЗД-76», «Уралмаш 4Э-76», «Уралмаш 3000БД», «Уралмаш 3000БЭ» бұрғылау қондырғыларында шығырларды биіктік бойынша орнатқан кезде, ротордың аздап салбырап тұратын жетек шынжыры шығыр рамасына немесе негіз балкасына тиіп тұрмауын ескеру керек.

Тасымалдау, тиеу, монтаждау жұмыстарын жеңілдету үшін бұрғылау шығырларын тапсырыс берушіге жіберген кезде кейбір түйіндерін бөлек алады. Мысалы У2-5-5, У-2-2-11 шығырларының гидравликалық тежегішін, гидотежегіштің тоңазытқышын, фрикционды катушканы ағытып алып, бөлек жібереді.

Шығырды орнатып, бекіткеннен кейін гидротежегішті орнатып, оның центрленуімен, бекітілуін тексереді, тоңазытқыш астына арналған кронштейндерді пісіріп, тоңазытқышты орнатады және оны гидротежегішке су айдау жүйесіне жалғайды.

Барабан мен гидротежегіш біліктерінің өстестігі тексеріліп, олардың радиалды ауытқу тербеліс шамасы 0,5-0,8 мм аспауы қажет. Біліктердің өстестігін, білікке бекітілген жебенің көрсетулері арқылы тексеріп, гидротежегіш корпусы тіректері астына төсеме қою арқылы реттейді.

Центрлеудің дұрыс болмауы, негізгі мойынтіректердің жылдам істен шығуына, гидравликалық тежегіштің шайқалып қозғалуына алып келеді, сондықтан гидротежегішті корпусқа конустық штифтармен бекіту қажет. Штифтерді тартып болғасын центрлеуді тағы тексереді. Одан кейін жылжымалы жартымуфтанының жұдырықшаларын беттескенше жақындастырып, жұмыс жұдырықшаларының арасындағы саңылауларды тексереді. Үш жұдырықша жазықықтықтарының рұқсат етілетін саңылау мөлшері 0,25 мм.

Фрикционды катушка жинақтары төлкелерге жиналған, сондықтан оны монтаждау шығыр катушкалы білігіне кигізуге саяды. Одан әрі барабан мен катушканың тежегіш шкивінің бірлесіп және жекедара айналуын, тығындағыштардан май ағып кетпеуін тексереді. Осыдан кейін тежегіш таспаларды, басқару тұтқасын және оларды бекітетін кронштейнді монтаждайды.

Тежегіш таспалардың ұзындықтарын келесідей реттейді, катушка барабаны тежелген кезінде, жүктемелік иінтіректер көлденең жағдайда орналасып, ал штанга тірекке тиюі тиіс. Осы кезде жұмысшы таспалар мен тежегіш шкив арасындағы радиалды саңылау тексеріледі, ол аталмыш жағдайда 1,5 мм тең болып, тежегіш таспалардың тартпалары көмегімен реттеледі.

Егер тежегіш таспалардың бетіне жағармай тисе, оны сүртіп майсыздандыру қажет. Бұлай болмаса катушканы қосу үлкен күшті қажет етіп, және ол ілулі күйде есептік жүктемені ұстап тұрмайды. Осындай қиындықтар жұмыс таспасын және теңдік жүктемесін дұрыс реттемеген жағдайда орын алады.

Катушканың кері жүрісіне арналған теңдік жүктемесін орнатқаннан соң, тежелмей тұрған күйінде, оның еркін айналуын тексереді. Кері жүрістің болмауы катушканың ішкі, сыртқы жақтарындағы айналмалы бөлшектердің қарысуынан болады. Егер тежегіш қосылмаған кезде катушка қолмен жеңіл айналмаса, оны шеберханада бөлшектеп, кемістігін табады.

Монтаждаушылар міндетіне тексеру, реттеу, зерттеу және тежегіштерді монтаждаудан соң сынақтан өткізу жатады.

Гидротежегіштердің тоңазытқыштарын, әлбетте, өз алдына бөлек жібереді.

ЛБУ-1100 және ЛБУ-1700 шығырлары монтаждауға екі агрегатымен келеді, шығыр блогы және жылдамдық қораптарымен. Бірінші кезекте шығыр блогын дәлдеп және бекітеді. Одан соң орнатылған шығыр бойынша, шынжырлы беріліс жылдамдық қорабының жылдам және жай жүрістер жұлдызшалары бойынша дәлдігін тексеріп, шығыр мен беріліс қорабы рамалары арасындағы винттік тартқыштар көмегімен шынжырларды кереді. Раманы шығыр блогы металл құрылымдарының балкаларына сенімді түрде бекітеді. Шынжырлы беріліс май ванналарына май құйылады, май сораптарын дұрыстап, іске қосады, майлау жүйелері және май құйылатын нүктелерді реттейді. Одан әрі жетек редукторын орнатып, оның білігін беріліс қорабы білігімен центрлейді.

Шығырды монтаждаудың негізгі жұмыстары орындалғаннан кейін, шығыр мен тежегіш машинаның біліктері дәлдігі тексеріліп, сонымен қатар жетектің аралық «баяу» шапшаңдық берілісі білігі, РП редукторы баяужүрісті білігі және беріліс қорабы аралық білігінің өстестіктері тексеріледі. Біліктерді дәлдеу әдістері және реті У2-5-5 шығырын монтаждау кезіндегімен сәйкес.

У2-5-5 және У2-2-11 шығырларын дәлдеу мен бекітуден кейін ротор жетегіндегі шынжырлы беріліс жұлдызшасын, ротор жұлдызшасымен қосқан кезде ротор трансмиссиялық және шығыр редукторы жетек біліктері өстестігі дәлдіктерін тексереді. Ұштық соққылар 0,5-0,8 мм аспауы тиіс.

«Уралмаш 4000», «Уралмаш-5000ДГУ», «Уралмаш 200ДГ-1У» бұрғылау қондырғыларында ротор жетегі ретінде арнаулы агрегат-трансмиссия қолданылып, ол жобалау құжатында берілген координаталары бойынша, шығырмен бірдей биіктік деңгейінде орнатылып, шығырдың шынжырлы беріліс жетегі жұлдызшалары және ротор жетегі трансмисся білігі бойынша дәлдікке тексеріліп, шығыр блогы металлқұрылымдар балкаларына бекітіледі. Шынжырлы беріліс жұлдызшалары жазықтықтарының параллель ауытқуы 1метрге 0,8-1 мм шамасында рұқсат етіледі.

Кардан білігімен жалғанған, екі конустық редакутордан тұратын ротор жетегінің агрегатын көлденең жазықтықта дәлдейді. Карданды біліктің ауытқулары көп болмауы, шарнирлі қосылыстардың қолайлы жұмыс жасауы үшін паралельдік ығысу 1 метрге 0,5 мм аспауы қажет.

Негізгі монтаждау жұмыстарымен бірге ауа коммуникациялары герметикалығы тексеріліп, элеткр желілерінің аспаптарға, агрегаттарға, басқару пульттарына қосылыстары тексеріледі. Тек осыдан кейін ғана шығырды жүктемесіз, барлық жылдамдықтарда сынақтан өткізіп, барлық кілттену (блокировка) нүктелері, негізгі таспалы және қосымша (гидравликалық және элеткрлік) тежегіштердің жұмыстары тексеріледі.

Шығырлардың таспалы тежегішін реттеу, бірінші кезекте таспаны реттеу арқылы жүргізіледі. Иінтіректі «тежелу» жағдайына төмен түсіргенде (көлбеу шамамен 800) тежегіш таспалары барлық колодкалары біркелкі, бірқырындамай, барабанның тежегіш шкивтеріне тығыз жатуы қажет. Таспалардың тежеу шкивтерінің ортасынан ығысуы 2-4 мм аспауы керек. Тежегіш балансирі қатаң көлденең болуы тиіс, ал гайкалар мен шығыр рамасы асты арасындағы саңылаулар 15-20 мм шамасында болады. Таспалардың ұзындықтарын гайкалармен реттейді.

Тежегіш иінтірегін «тежеусіз» қалыпқа көтерген кезде (тік жазықтықтан ауытқу 100), колодкалар мен тежегіш шкиві арасында біркелкі, жаңа колдкалармен -1,5-2мм, тозған колодкалармен - 9 мм, саңылау болуы тиіс. Бұл саңылауды реттеу иінтіректі 30-450 бұрышқа бұру арқылы істеледі. Шкив шеңбері бойынша саңылаулардың біркелкі болмауын тартқыштардың серіппелері ретке келтіреді, егер ол көмектеспесе таспалар майысқанын білдіреді.

У2-5-5 шығырларында таспалар реттелгеннен кейін, машинист краны (тежегіш) мен иінді білік арасындағы тросиктің керілуін тексереді және кранның жұмысын реттейді.

Тежегіш иінтірегіндегі қалпақшаны бұрыған кезде, пневматикалық цилиндрдегі қысым мөлшері 0,5-0,45 МПа тең болуы тиіс. Дұрыс реттелгендігін бұрғышы пультіндегі манометр бойынша тексереді.

Жақсы реттелген тежегіш жеңіл және басқаруда сенімді болады. Оның барлық жылжымалы бөліктерін ұқыптап қою маймен майлап, сол кезде майдың тежегіш шкивтері мен фрикционды катушкаларға түсіп кетпеуінен сақтанады. Тежегіштің иінді білігін бұрыған кезде мойынтіректер қысылып қалмауын қадағалайды, өйткені ондай кезде олар сынып кетуі мүмкін.

ЛБУ-1100, ЛБУ-1700, У2-300, ЛБУ-3000 маркалы шығырлардың таспалы тежегішін реттеу кезінде, олардың бұрғылау қондырғысы негізі астында монтаждалуына байланысты және басқару иінтірегі еден бетіне шығарылғандығын ескеріп, тежегіш иінді білігіне бекітілген тежегіштің тік орналасқан тартпасының иінтірекпен қосылған шарнирлі жалғамаларын, сонымен қатар таспалы тежегіштің стопорлық және апаттық жетегін мұқият тексереді.

Тежегіш иінтірегі блогын машинист кранына жалғаған кезде, тростың тұйықталған ілмектерінің түйіскен жері, олардың аралығының тең ортасында болуын қадағалайды.

Стопорлық тежегішті жүктемені жылжыту арқылы ретке келтіреді, таспасының ұзындығын гайкаларын тарту арқылы реттейді. Дұрыс реттелген стопорлық тежегіштің жүктемелік тартпасы (рычаг), иінтіректі ұстатып қойған кезде көлденең орналасады.

У2-300 және ЛБУ-3000 шығырларын монтаждау кезінде аралық біліктер мен электрқозғалтқыш біліктерінің және шығыр барабаны біліктерінің өстестігі дәлдігіне көңіл аудару керек. Радиалды және ұштық соққылар 0,5-0,8мм. шамасында рұқсат етіледі. Аралық білік пен электрқозғалтқыш біліктері өстестігін дәлдегенде, мотор мен рама аралығына қалыңдықтары 4-6мм металл төсеніштер орнатылғаны жөн, өйткені олар агрегатты қолдану кезінде өстестікті реттеуге мүмкіндік береді. Болтты қосылыстардың сенімді бекітілуі қажет.

ЛБУ-3000 және У2-300 шығырлары өлшемдері мен салмақтарының үлкен болуына байланысты зауыттан бөлшектелген күйінде (шығыр, электрқозғалтқыш рамасы және жетектік электрқозғалтқыштар) келеді. Шығырды фундаменттік балкаларға орнатып, ротор центріне қатысты, жобалық құжатта берілген координаталар бойынша дәлдеп монтаждайды және арқанның жылжымалы ұшы оны фундаменттен жұлып кететін сияқты болып бекітіледі. Одан соң сол фундаменттік балкаларға рамалар орнатылып, оған жетек элеткрқозғалтқышы бекітіледі.

Аралық біліктердің консолдеріне арналған жартылай муфталарды, электрқозғалтқыш біліктерін, сонымен қатар трансмиссялық біліктерді маркировкалау міндетті түрде сәйкес келуі қажет, кері жағдайда барлық резиналық білікшелерді эластик муфтаның цилиндрлік қуысына орналастыру мүмкін болмайды және ол есептік айналу моментін бере алмайды.

Дебиет

1 негізгі /51-62/.








Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 1553;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.015 сек.