Сурет. Құрылыс алаңындағы тракторлар мен көтергіш құралдардың, мұнара элементтерінің орналасу сұлбасы.

1-мұнараның негізі; 2-МПВ сырығы; 3-КП-25 краны; 4- тағандар; 5- тартпалар; 6-мұнараның төменгі секциясы; 7-қабылдау көпірінің бөлшектері; 8- тартқыш тракторлар; 9-АзИНМАШ краны; 10- мұнара секциялары; 11-мұнараның кронблокасты қосалқы бөлшектері; 12- кронблокасты рамасы; 13- кронблок; 14-кронблок алаңы; 15-полати бөлшектері.

Мұнара аяқтарының әрбір келесі секциялары зауыт таңбаларына сай, өзара арнаулы жылдам шешілетін құлыптардың көмегімен қосылады. Мұнара аяқтарының түзулігі бұзылмас үшін құлыптарды тартудың белгілі бір тәртібі орындалуы тиіс. Аяқтардың горизонталдылығы бұзылмас үшін қосымша жұмыстар орындалуы қажет, егер орнатылған төменгі құлып әуелі аздап тартылса, бүйірлік және жоғарғы құлыптар тартылғаннан соң ол ақтық рет қатайтылады.

Жинақталған мұнараның аяқтары горизонталдығын жоғарғы секциялар бойынша тексереміз. Екі аяқтың центр аралықтары, кронблокасты рама тесіктері центрлері арлықтарымен тең болуы керек. Одан кейін кронблоктарды монтаждау басталады.

5 тонналық кранның көмегімен кронблокты орнынан қозғап көтереді, сосын кронблокасты белдіктерін секция аяқтары құлақшаларына кіргізіп, одан соң саусақшалармен бекітеді, дәл солай кронблоктың келесі жағын аяқтардың құлақшаларына кіргізеді.

Кронблокты орнатқаннан кейін, кронблокасты алаңындағы мұнара аяқтарын өзара екі тартқышпен және төрт диагоналмен қосады. Мұнараның центрленгендгін қамтамасыз ету үшін, диагональдардың ұзындықтарын тартпалардың көмегімен қалыптастырады.

Көлденең бағытта жақсы центрленген мұнара көтерілгеннен кейін центрлеуді қажет етпейді.

Мұнараны центрлеу үшін орталық ферманың ортасына және ротор центріне екі меже орналастырамыз. Диагональды екі тартпаның көмегімен мынандай жағдайды реттейді, кронблоктың ортаңғы шкиві тік жазықтықта, екі меже орналасқан жазықтықта орналасуы тиіс.

Кронблокты орнатқаннан кейін тәл жүйесін жабдықтайды. Ол үшін тәл арқаны бар бухтаны мұнара негізі бүйірлік фермасының сол жағынан 3-5 м қашықтықта орнатылған арнайы металл бағаналарға орнықтырады. Тәл блогын мұнара металл негізінің сол жақ фермасының шетіне іледі. Тәл блогы мен кронблоктың сақтандырғыш қалқандары шешіліп алынады.

Тәл арқандарын жабдықтау кезінде олар жерге тимес үшін, алдын ала, мұнара аяқтарының аралықтарына қалыңдығы 40 мм болатын тақтайлар төсейді.

Тәл жүйесі арқаны жылжымалы ұшын тарту үшін трактор қолдану қажет. Алдын ала жабдықтау үшін 9-12 миллиметр болатын арқандар қолданылады, ал жұмыс аяқталғасын олар тәл арқандарымен алмастырылады. Бұл мұнараны монтаждау жұмыстарын жеңілдеп, жабдықталу уақытын үнемдейді.

Трактордың көмегімен тәл арқанының ұшы бухтадан кронблоктың сол жақ шеткі шкивінен өткізіліп, жоғарыдан төмен тартылып, тәл блогының сол жақ шеткі шкивінен өткізіп төменнен жоғары тартады. Осы операция мұнарадығы тәл жүйесі толық жабдықталғанша қайталанады. Кронблоктың оң жақ шкивінен тәл арқанының қумалық ұшын, мұнараның металл негізінің оң жақ қапталындағы фермаға бекітілген арнаулы жабдыққа бекітеді. Кронблоктың сол жақ шкивінен шыққан тәл арқанының бос ұшы мұнараның төменгі сол жақ секциясына бекітіледі.

Мұнараның тәл жүйесін жабдықтауды кері жүргізуге де болады. Жабдықтау аяқталғасын, мұнараны көтеру кезінде кедергі жасамау үшін, барлық тәл жүйесін, әрбір 3-4 м аралықта мұнараның сол жақ аяғына байлау қажет.

Мұнараның көлденең жағдайында бұрғышының екінші көмекшісінің алаңын, машина кілттерін ілетін роликтерді, кронблоктағы зәкір арқанын ілетін роликті, мұнараны жарықтандыратын электр жүйесін толығымен жабдықтайды. Монтаждаушылар машина кілттерін ілу үшін арқандар орнатады, тәл блогы көтерілуін шектейтін және зәкірге арналған арқандарды орнатады. Бұрғылау сорабы шлангтерін стояктың жоғарғы екі секциясына бекітеді. Ол үшін шлангті ұзына бойына арқанмен орап стоякқа бекітеді. Шлангтің екінші ұшын көтеру кезінде бөгет жасамас үшін мұнара аяғына байлайды.

Бұрғышы екінші көмекшісінің жұмыс орнынын мұнарамен бірге жинақтайды. Мұнара корпусы мен жер беті аралығына екінші көмекші алаңын құрылымдайтын бөлшектер өлшемдері симайтын болғандықтан, тереңдігі 1,5-2,0 м болатын траншея қазуға тура келеді. Сондықтан көмекші балконының түйіндері мен бөлшектерін, жабынын жұмысшылар траншея ішінде тұрып монтаждайды.

Кейбір бұрғылау қондырғыларында бұрғышы екінші көмекшінің балконын бөлек жинақтап, мұнараны көтерген соң кронблоктың қосымша шкиві көмегімен көтеріп, содан соң орнына бекітеді. Бұл әдіс онша көп ауыр болмағанмен, монтаждау жұмыстары үлкен биіктікте орындалатын болғандықтан қауіпті.

Бұрғышы екінші көмекшінің балконын тағы бір төмендегідей әдіспен монтаждауға болады. Көлденең қалыпта жинақталған мұнараны монтаждық сырықтың көмегімен балконды еркін монтаждауға керекті биіктікке көтеріп, арнаулы тіректердің көмегімен монтаж жұмыстары аяқталғанша қалдырады. Монтаждық сырықтардың тәл жүйесі шығыр тежегіші көмегімен керулі жағдайда қалдырылады. Бұл әдіс қауіпсіз және тиімді болғанымен арнайы тіректер мен тағандарды және тірейтін жерлерді дұрыс таңдауды талап етеді, өйткені тірек орындары дұрыс таңдалмаған жағдайда мұнара аяқтары майысып деформацияға ұшырауы мүмкін.

Балкондарды құрастырғаннан соң оған қарама-қарсы бағытта мұнара аяқтарына беріктік белдеуін орнатып бекітеді. Балконның қорашулары орнатылып, одан соң брезентпен қапталып бұрғышының екінші көмекшісі орыны жауын-шашыннан, суықтан қорғалады.

Мұнараны тік қалыпқа көтеру мейлі ол бұрғылау қондырғысы механизмдері көмегімен болсын немесе тракторлардың көмегімен болсын, өте жауапты шара болып саналады.

Механикалық және күштік жабдықтар мұнараны көтеруге дейін нақты тексеруден өтуі қажет, бұрғылау қондырғысының механизмдері жүксіз көтеріліп қаралып, ақаулары байқалған жағдайда жөнделуі тиіс. Әсіресе шығырлардың тежегіштеріне аса назар аударған жөн, олар тежегіш тұтқасының аздаған жылжуында жұмыс жасауы тиіс. Сонымен қатар жабдықтау сырықтары және мұнара арқандарының бекітілуі, барлық үйкеліске түсетін бөлшектердің, тәл жүйесі шкивтерінің майлануы қадағаланады. Оң және сол жақтарда орналастырылған монтаждау сырықтары ойықтарына отырғызылған көтергіш арқандар сырықтың және мұнараның ауытқуын болдырмау үшін, қолданылатын ұзындықтары жоғары дәлдікте болуы тиіс.

Қондырғының пневматикалық басқару тетіктеріне аса мән беріледі. Олардың жұмысы сенімділігін, монтаждалу дұрыстылығын, апатты жағдайда тоқтату мүмкіншілігін тексереді. Апатты жағдайдағы жабдықтар түрі анықталады. Мұнараны көтермес бұрын оның аяқтарына жалғанған сегіз тартпаның бекітілген жерлерінің сенімділігін тексереді.

Тартуға арналған винттердің көмегімен, көлденең тартпаларды бекітуге арналған башмактар арасындағы саңылауларды реттейді және олардың мұнара негізіндегі фермаларға бекітілу сенімділігін тексереді. Одан кейін тәл жүйесі мен көтеру сырығының дұрыс жабдықталуын, барлық түйіндерінің сенімді бекітілуін бақылайды.

Мұнараның көтергіш арқандарын сырықтың жоғарғы көтеру блогының роликтеріне жинақтайды. Сырықтың тәл жүйесі жылжымалы элементтерін шығыр барабанына бекітеді немесе барабан арқылы трактор-тягачқа жалғайды.

Мұнараны көтеру кезінде сақтық шаралары ретінде, бір ұштары оның жоғарғы секциялары шарнирлеріне, төменгі ұштары бұрғылау қондырғысы бойлық өсімен бағытталған, ұңғы өсінен 60-80 м қашықтықта орналасқан тракторларға жалғанған екі арқанды бекітеді.

Мұнараны ауа райының желсіз, жан-жақтағы көрініс жақсы кезде және жаңбыр жоқта, шығырдың немесе трактордың бірінші берілісін қолдана отырып көтереді.

Алдымен сырықты (2.5-сурет) аздап көтеріп, оның дұрыс құрастырылғанын, жабдықталуын, көлденең дәлдігін және өстерінің мұнара өстеріне қатысты орналасуын, сонымен қатар көтергіш арқандардың ұзындықтарын тексреді. Көтеруге толық дайындалған мұнараны жерден 2-3 м биіктікке көтеріп. Тежеу жүйесінің толық тежелген күйінде тағы бір рет мұнара мен сырықтың барлық түйіндерін, бекітілулерін тексеріп, мұнараны баяу көтереді.

Жерден көтерілген мұнараны 5 минут бойы ұстап тұрады. Барлық механизмдер мен түйіндердің дұрыстығы мен сенімділігіне көз жеткізу үшін сынақтық тартуларды бірнеше рет қайталайды.

Мұнараны баяу, жұлқымай, көтеру кезінде тоқтатпай, шұғыл тежемей көтереді. Үнемі тракторға тіркелген сақтандырғыш арқандардың салбырап кетпеуін бақылап, мұнара мен көтеру сырықтарының қозғалысын қадағалап, мұнараның негізгі цилиндірлік тіректері мен тартып жатқан тракторлардың қозғалысын жіті қадағалайды.

 








Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 1246;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.