Сапа менеджменті жүйелерінің сертификаттау саласын кеңейту немесе қысқарту

Сертификаттау саласын кеңейту

Сертификаттау саласы: - сапа менеджменті жүйесі сертификатталған, біркелкі өнім тобы шеңберінде өмірлік циклінің сатысы; - ұйым шығаратын өнім номенклатурасы өзгеруі кезінде кеңейтіледі.

Сертификаттау саласын кеңейтуге қалаулы, сертификат ұстаушысы, СМЖ сəйкестігін растау жөніндегі органға үндеу-хатын жібереді.

Егер сертификаттау саласын кеңейту кезінде оған бұрын сертификаттау саласына енгізілген өнімнің ЭҚТ ӨЖ тобынан айырмашылығы бар ҚР МЖ ЭҚТ ӨЖ 042003 тобының өнімі енгізілсе, онда сертификаттау саласын кеңейту процедурасы осы стандарттың 4 бөліміне сəйкес.

Егер сертификаттау саласын кеңейту кезінде оған бұрын сертификаттау саласына енгізілген өнімнің ЭҚТ ӨЖ тобынан айырмашылығы жоқ ЭҚТ ӨЖ ГК РК 042003 тобының өнімі енгізілсе, онда сапа менеджменті жүйесінің сертификаттау саласын кеңейту үшін инспекциялық бақылау жүргізу қажет. Инспекциялық бақылау жоспары мен бағдарламасын құрастыру кезінде сертификаттаудың кеңейтілген саласын есепке алу қажет.

Инспекциялық аудит нəтижелері бойынша есеп беру негізінде СМЖ сəйкестігін растау жөніндегі орган ҚР СТ 3.15.1 Х қосымшасы пішіні бойынша сертификаттау саласын кеңейту туралы шешімді ресімдейді жəне сапа менеджменті жүйесінің қолданыстағы сəйкестік сертификатының орнына бұрыңғы жəне кеңейтілген сертификаттау саласын есепке алатын жаңасы ресімделеді.

Сапа менеджменті жүйесінің алдыңғы сəйкестік сертификаты СМЖ сəйкестікті растау жөніндегі органына қайтарылуы керек.

Сертификаттау саласын қысқарту

Саланы қысқарту:

- сертификат ұстаушы;

- инспекциялық аудит, қайта сертификаттау нəтижелері бойынша немесе сертификаттау кезіндегі ұсынылатын талаптарды орындауға əсер ететін ұйымның сапа менеджменті жүйесінде өзгертулер туралы ақпаратты алған кезде СМЖ сəйкестігін растау жөніндегі орган ынтасы бойынша жүргізіледі.

Сертификат ұстаушының ынтасы бойынша сертификаттау саласын қысқарту жағдайында соңғы өнімнің жойылған түрлерін немесе өнімнің өмірлік циклінің жойылған циклі сатыларын көрсетіп, СМЖ сəйкестікті растау жөніндегі органына үндеу-хат жіберіледі.

Сертификатты ұстаушының үндеу-хаты негізінде СМЖ сəйкестікті растау жөніндегі органы сертификаттау саласын қысқарту туралы шешім қабылдайды (ҚР СТ 3.15.1 Х қосымшасы). Сертификаттау жөніндегі орган ынтасы бойынша сертификаттау саласын қысқарту туралы ұсыныстарын акт түрінде ресімдейді. Қабылданған шешім негізіндегі сапа менеджменті жүйесі сəйкестігінің күші бар сертификаты орнына сертификаттаудың қысқартылған саласымен жаңасы ресімделінеді. Сол кезде сапа менеджменті жүйесінің сəйкестік сертификатының нөмірі мен күшінің мерзімі сақталынады, ал беру күні сертификаттау саласын қысқарту туралы шешім қабылдау күнімен сəйкес болуға тиіс. Сапа менеджменті жүйесінің алдыңғы сəйкестік сертификаты СМЖ сəйкестікті растау жөніндегі органына қайтарылуы керек. Сертификаттау саласын қысқарту жөніндегі сертификаттау органының Шешімі көшірмесі жəне сертификат көшірмесі жиынтықты тізбені жүргізу жəне ресми ақпаратты жариялау үшін Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу жəне метрология жөніндегі уəкілетті органына жіберіледі.

 








Дата добавления: 2016-05-05; просмотров: 1404;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.