Бақылау сұрақтары. 1. Сырқатқа жалпы түсінік беріңіз.

1. Сырқатқа жалпы түсінік беріңіз.

2. Сырқатқа әкеліп соғатын себептерді атаңыз.

3. Өкпе қабыну сырқатына қысқаша түсініктеме беріңіз.

4. Сырқаттың жіктелу тәртібінің тізімін айтып шығыңыз.

5. Ошақты және крупты өкпе қабынуының клиникалық бейнесіне, зертханалық және құрал – жабдық аппарат арқылы тексерістер түрлерінің қорытынды нәтижесіне сипаттама беріңіз.

6. Аурудың емдік қағидасының негізі.

7. Физио емін қандай мақсатта қолданады?

 

 

Өкпенің созылмалы обструкциялы сырқаттары (ӨСОС)

Бұл термин бронхыларды қайтымсыз өршімелі обструкцияға ұшырататын жағдайларды қамтиды. Өкпенің созылмалы обструкциялы сырқаттарының (ӨСОС) анықтамасы ортақ критерийге негізделіп, бронхиттің клиникалық, ал эмфиземаның анатомиялық анықтамаларына да қатысты. Соңында өкпе гипертензиясымен асқынып, дем жеткіліксіздігінің және өкпелі жүректің клиникалық белгілерімен сипатталынады. Американың торакалдық қоғамы мен Европаның респирациялық қоғамы қабылдаған өкпенің созылмалы обструкциялы сырқаттарының диагностикасы мен емінің стандарты дүние жүзінде қолданыс табуда. ӨСОС–тың диагностикасы келесі кестеде көрсетілген.

Анамнезі:

- темекі шегу (тәулігіне неше сигарет шегеді, неше жасынан бастап шегеді);

- коршаған ортаның жағымсыз мәнбірлері;

- созылмалы қақырықты жөтел (жиілігі, ұзақтығы, мөлшері);

- ысқырықты тыныс алу;

- ентігу, көгеру;

- жедел респирациялы аурулар.

Клиникалық көрінісі:

- бронхылық обструкцияның белгілері (құрғақ және дымқыл сырылдар);

- эмфиземаның белгілері (кеуде қуысының бөшкеленуі);

- сырқаттың ағымдық әсерін айқындайтын симптомдар.

Басқа симптомдары:

-ортопноэ, мойын күре тамырларының ісінуі;

-барабан таяқшасы тәрізді саусақтар;

-өкпе сусінділену белгілері.

Зертханалық және аспаптық зерттеулері:

-артериалық қанның газдарын анықтау;

-қанның құрамын анықтау (қан аздық және полицитемия);

-қақырықты зерттеу (негізгі өкпе ауруына байланысты);

-кеуде қуысының рентгенографиясын жасау;

-компьютерлік томография (эмфиземаның дәрежесін дәлелдейді)

-өкпенің көлемін анықтау - спирометрия;

-өкпенің тездетілген тіршілік сиымдылығы – пикфлоуметрия;

-өкпенің екпінді тыныс шығару сыймдылығы.

Этиопатогенезі. Қабыну процессі бронх тармақтарының өткізгіш қабілетін бұзады, ентігу дамиды. Көбнесе бұл жағдай бронх тармақтарының жиырылу қаблетінің зақымдануына байланысты, яғни қайтармалы, қабынуға қарсы ем және бронхолитиктер нәтижелі болады. Бара-бара бронх тармақтары эластикалық қабілетінен айырылып, эмфизема және фиброз дамиды, яғни өкпеде қан айналымы бұзылып, газ алмасу процессі төмендейді. ӨСОС эритроцитозды тудырады, қан қоюланады, дем алу процессі қиындайды.

Клиникалық бейнесі. Негізгі клиникалық белгілеріне ентігу және жөтел жатады. Аурудың дамуы себебіне байланысты. ӨСОС-тың 2 түрі бар: эмфизематоздық және бронхотикалық. Эмфизематоздық түрінде науқас жүдеу, ал физикалық өзгерістері өте аз, өкпеде сырылдар естілмейді, қақырықтың мөлшері аз. Цианоз байқалмайды, бірақ ентігу қатты мазалайды. Бұл аурудың «А» түрі. Екінші түрі – «В» түрі (бронхотикалық). Бұл түрінде науқастың салмағы көбейеді, цианоз қатты байқалады, қақырық көп мөлшерде білінеді, өкпеде әр түрлі сырылдар естіледі, бірақ ентігу аса мазаламайды. Бұл жағдай ерте өкпелі жүрекке әкеліп соғады.

Емі. Өкпенің созылмалы обструкциялы сырқаттарының (ӨСОС) емі симптомдардың айқындығына, қозу жиілігіне, ұзақтығына, асқынуларына байланысты. Негізгі ем қағидаларына темекі шегуден бас тарту, қабыну белгілері айқындалынғанда 7-10 күн жұқпаға қарсы антибактериальді ем жүргізу, бронх тармақтарының тарылуын жою мақсатымен бронхолитиктер, кортикостероид дәрі – дәрмектерін қолдану, уытты әсерді тиылту, иммундық жүйені қалпына келтіру, қақырықты сыртқа шығару, сонымен бірге симптоматикалық ем жүргізу болып табылады (оттегі беру, физиоемін қолдану).

Алдын алу шаралары. Тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларымен сырқаттанған науқастар диспансерлік бақылау тізіміне алынып, дәрігердің қадағалауында диспансерлік нұсқау бойынша қаралып тұрады. Аурудың сатысына байланысты клиникалық қан, қақырық анализдерін тапсырады, сонымен бірге рентгенологиялық тексерістен де өтіп отырады. Көктемде және күз мезгілдерінде алдын алу емін науқастар қабылдап отырады.

 








Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 1832;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.