Бақылау сұрақтары. 1. Сырқатқа жалпылама түрде сипаттама беріңіз.

1. Сырқатқа жалпылама түрде сипаттама беріңіз.

2. Жедел және созылмалы бронх қабынуының клиникалық бейнесінің, зертханалық және құрал – жабдық аппарат арқылы тексерістер түрлерінің бір – бірінен қандай айырмашылықтары бар?

3. Созылмалы обструктивті бронхиттің негізін айтып шығыңыз.

4. Сырқаттың емдік қағидасының негізі.

5. Аурудың алдын алу шараларына түсінік беріңіз.

Пневмониялар

Дем алу ағзалары ауруларының ішінде пневмониялар жиі кездеседі. Антибактериалды терапия арқасында бұрынғы өліммен салыстырғанда өкпенің қабынуынан қазіргі кездегі шетінеудің саны азайған. Бірақ сырқаттың емі мен күтімі дұрыс болмаған жағдайларда ауру асқынуларға әкеліп соқтырады.

Пневмония - өкпе тінінің жұқпалы қабыну сырқаты. Аурудың негізінде өкпе тіні қабынып, альвеолар суланып, дем алу дәрісі бұзылады. Басқа ішкі ағзалар ауруларының ішінде алатын мағыналық мәнінің үлесі әжептәуір. Жиі ер адамдар, балалар, жасы келген қарт адамдар сырқаттанады. Дем алу қызметінің қорғаныш механизмінің бұзылуына және пневмонияға әкеліп соғатын келесі мәнбірлер қатары жатады: суық тию, бронхтың дренажды функциясының бұзылуы, вирустық жұқпалар, иммунитеттің төмендеуі, ішімдік, жарақаттар, гипоксия және т.б.

Этиологиясы. Себебі әр түрлі жұқпалар болып табылады. Олардың ішінен көбіне пневмококктар қоздырады. Оған стафилакокктар, стрептококктар, ішек таяқшасы, Фридлендер бактериясы, легионелла, вирустарда себеп бола алады. Жедел пневмонияның дамуына химиялық және физикалық мәнбірлер де әсер етеді. Яғни бензин, тұрмыста, соғыста қолданатын улы заттарды айтып кетуге болады, жарақаттан, күйгеннен де дамуы мүмкін. Химиялық және физикалық тітіркендіргіштер бронх тармақтарының ішкі кілегей қабатын зақымдап, жұқпа қосылып, пневмонияға әкеліп соғуы мүмкін.

Патогенезі. Пневмонияның дамуы жұқпаның вируленттігіне және ағзаның қорғаныш қызметіне байланысты болып келеді. Қабыну дәрістің әсерінен альвеолар сусінділеп, газ алмасу дәрісі бұзылады. Сырқаттың ағым ауырлығы қабынудың көлеміне байланысты, неғұрлым қабыну аймағы улкен, соғұрлым сырқаттың жалпы жағдайы нашарлайды. Жедел пневмониялар қабыну ошағына байланысты екі түрде байқалады: ошақты және көлемді.

Жітемесі. Пневмонияларға әкеліп соқтырған себептеріне, өту ағымына, клиникалық белгілеріне байланысты түрлері өте көп.

Жедел пневмониялардың жіктемесі 1962 жылы ХҮ Бүкіл Одақтық терапевтер съезінде академик Н.С.Молчановтың усынысымен қабылданған. 1990 жылы О.В.Коровинамен, И.П.Замотаевпен (ресейлік пульмонологтар) толықтырылған. 1995 жылдан бастап Чучалиннің айтуы бойынша пневмониялардың келесі түрлері бар:

І.Этиологиялық себептеріне байланысты түрлері

ІІ.Дамуына байланысты түрлері:

1.Ауруханадан тыс түрі (біріншілік, амбулаторлық, үй жағдайда пайда болған)

2.Ауруханалық түрі (ауруханаға түскеннен кейін 48 – 72 сағатта білінген )

3.Аспирациялық түрі (атипті)

4.Төтемелілігі (иммунитеті) төмен адамдардағы түрі

5.Нейтропенияның әсерінен дамыған түрі

ІІІ.Орналасуына және көлеміне байланысты түрлері:

1.бір жақты, қос жақты;

2.бөлшектік, бөліктік, сегменттік, тотальді;

ІҮ.Аурудың ағымына байланысты түрлері:

1.жеңіл ауырлықты, орташа ауырлықты, ауыр ауырлықты;

2.қызу кезеңі, шешілу кезеңі, сауығу кезеңі;

Ү.Аурудың клиникалық - рентгенологиялық өзгерістеріне байланысты түрлері:

1.Клиникалық түрі (шағымдары, белгілері айқындалынады, ал рентген суреті таза);

2.Рентгенологиялық түрі (клиникасы жоқ, бірақ рентген суреті көрсетеді)

3.Аралас түрі (клиникасы да бар, рентген де өзгерістер береді)

ҮІ.Асқынулары: өкпелік және өкпеден тыс.

 

 








Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 2127;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.