Бақылау сұрақтары. 1. Пиелонефрит ауруы туралы жалпы түсінік беріңіз.

1. Пиелонефрит ауруы туралы жалпы түсінік беріңіз.

2. Сырқаттың себебі не болып табылады?

3. Сырқаттың жіктелу тәртібінің тізімін беріңіз.

4. Сырқаттың негізгі клиникалық белгілерін атап шығыңыз.

5. Дерт анықтама жүргізгенде қандай зертханалық тексеріс түрлері қолданылады?

6. Сырқаттың негізгі емдік қағидасын айтыңыз.

 

Цистит

Бұл қуықтың ішкі кілегей қабатының қабынуы. Себебі - жұқпа қоздырғыштары болып табылады. Оның ішінде 80% ішек таяқшалары кездеседі және энтеробактериялар, стафилококктар, стрептококктарда қоздырады. Қуыққа жұқпа бүйрек түбекшешелері қабынғанда зәр шығару өзекшелерінен келіп түседі. Сырқатқа әкеліп соғатын мәнбірлерге қуықта зәрдің тұрып қалуы (жүктілікте, жыныс жолдарының қабынуында), суық тигізіп алғанда, ер адамдарда жыныс бездерінің қабынуы (аденома) жатады. Ағымына байланысты жедел және созылмалы түрлерге бөлінеді.

Клиникалық бейнесі. Науқас жалпы уыттану белгілеріне шағымданады. Әлсізденеді, өткір кезеңінде дене қызуы субфебрильді болуы мүмкін, тамаққа тәбеті тартпайды. Дизуриялық белгілер сырқатқа тән болып табылады. Науқас зәр шығарған кезде несеп ағар арнасының ең сыртқы саңылау аймағында ауырсынудың болуына, ашып, қышу сезімінің пайда болуына, зәрдің шығуы жиілеп және ауырсынуына шағымданады. Бұны ишурия деп атайды. Қасағаның үстін сипалағанда ауырсыну сезімі білінеді. Науқас зәрге жиі және ауырсынып отыруының салдарынан мазасызданып, ұйқысы бұзылады.

Дерт анықтамасы. Науқастың шағымдарына және зертханалық тексеріс нәтижелерінің қорытындысына сүйене отырып дерт анықтамасын жүргізеді. Зәрде лейкоцитурия, эритроцитурия, бактериурия анықталады. Кейде зәр күнгірттеніп, іріңді қан аралас болуы мүмкін. Нечипоренко сынамасын жүргізгенде өте көп мөлшерде лейкоциттің мөлшері анықталынады. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз білінеді, ЭТЖ артады. Диагнозды анықтау мақсатымен цистоскопия, цистография тексеру әдістері жүргізіледі.

Емі. Төсек тәртібін сақтау, шат маңайына жылытқыш қою. Бұл ауруда емдәм маңызды роль атқармайды. Жалпы емдәм түрін тағайындайды. Қоздырғыштарға қарсы антибиотик және сульфаниламид топтарының дәрі- дәрмектері қолданылады: фуразолидон, фурагин, невиграмон, бисептол, цефалоспориндер және шөптік ем дәрілері. Физиоемдік шараларын жүргізеді: парафин, УВЧ, жылы ванналар. Ауырсынуды басу үшін спазмолитик тобының дәрі-дәрмектері қолданылады: но-шпа, баралгин ерітінділері. Зәр тоқтап, шықпай қалғанда түтік сүңгімен қолдана отырып зәрді сырқта шығару және қуықты фурациллин ерітіндісімен жуу.

Алдын алуы. Ағзаны жұқпадан тазалау. Суық тигізбеуге, салқын жерде жұмыс істеуге тыйым салу керек. Жағымсыз қылықтарды доғаруға және олардың тыйылуына ат салысу керек. Жеке бастың гигиенасын сақтау маңызды болып табылады.








Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 1822;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.