Фолликулогенез және овуляция

Оогенездың биологиялық ерекшелігі – ооциттердің дамуы фолликуланың ішінде өтеді. Фолликулогенезде даму үш кезеңі болады: алғашқы (преантралдық даму), екінші (антралдық даму), үшінші (Граафов дамуы)

Преантралдық даму. Преантралдық дамуда бұрынғы, орташа, кейінгі кезеңдерді айырады:

1. Бұрынғы дамуда (примордиалдық фолликул). Ооцит профазаның І мейоз кезенінде фолликулярлық жасұшалармен байланыс құрады.

2. Орташа даму кезенінде ооцит бидайға ұқсаған жасұшалармен қапталып, куб қалыпты болады.Ооциттерді айланып фолликулярлық жасұшаның бірінші қабаты жаратылғанда, мөлдір жасұша қабыршығы – zone pellicud (ZP) жаратылады. 0,4 мм көлемінде фолликул ақырын өседі, 0,7 мм жеткенде өсүі тездетіледі.

3. Кейінгі даму кезенінде ооцит бидайға ұқсаған жасұшалармен екі қабат қапталады. Бидай жасұшалары ФСГмен байланысады. Дамыған ірі фолликул (ФСГ және ЛГ гормондарға рецепторлары бар) қанға эстрадиол гормонын шығарады.

Антралдық даму (екінші фолликул) – ішінде профазаның І мейоз кезеніндегі ооцит бар. Фолликулдың бидай жасұшалары бар қабаттардың арасында суйықтықпен толтырылған бос орын жаратылады (antrum). Сол суйықтықты фолликулярлық суйықтық деп атайды. Осы суйықтық жаратылуға ФСГ, эстроген гормондары әсер етеді.

Грааф фолликулы. – ол фолликул, ішінде үлкен антрум және ІІ мейоз кезеніндегі ооцит бар.

Гомондармен әсер етілген фолликул тез үлкен болып өсіп үшінші фолликулға тез ауысады. Осы фолликул ана бездің сыртына қарай жылжып, ішінде фолликулярлық суйықтықтың көлемі көбейіп, ол ана бездің сыртына шығып тұрып, овуляцияға белгі тосып тұрады. Сыртқа шығып тұрған фолликуланың басын стигма деп атайды.

Грааф дамуда екі кезен айырады:

1. Овуляция алдындағы кезең. Фолликулалардың диаметры 2,5-3,0 мм бастап 1,0-1,8 см дейін. Екінші қатар фолликуланың кезеңінен овуляция алдындағы фазаға дейін 24 күн керек.

2. Овуляциялық кезең. Овуляцияға дайын фолликуланың диаметры 3,0 мм бастап 1,0-2,8 см дейін барады. Фолликуланың антрумы үлкен, қабыршығы жұқа. Овуляция алдында фолликула эстрадиол шығарады. Фолликуланың қабыршығында, бидайды жасұшаларда ЛГ-рецепторлар көп. Тағы да бидайды жасұшаларда ФСГ-рецепторлар бар.

Овуляция уақытында corona radialeмен айналған жұмыртқадан фолликулярлы суйықтық атылады.

Овуляция. Қанда ЛГ, ФСГ, эстрогендың мөлшерлері ең жоғары деңгейде болғанда, фолликуланың пісүінің ақырғы кезеңдері болып овуляция басталады. Фолликуланың өзі ары қарай өсіп, ішінде фолликулярлық суйықтық жиналады.

Овуляция кезінде фолликулярлы суйықтық жұмыртқа жасұшасымен бірге атылады.

Сары дене (сары түсіне сәйкес аталған) овуляциядан кейін фолликуланың жасұшалы компоненттерінен қалыптасады. Фолликула жарылып суйықтық сыртқа шығады, ана бездің стромасы қысқартылып, фолликула кішірейеді. Фолликула атылып шыққанда зақымданған ұсақ тамырлардан аққан қан фолликуладан босаған жерге құйылады. Атылып шыққан фолликула сары денеге ауысқанда бір қатар өзгерістерден өтеді. Бидай тәрізді жасұшалар үлкейіп гормондар шығаратын жасұшалардың белгілерін алады. Сары дененің құрамында дәнекер ұлпа, лютеинды жасұшалар, ұйыған қанның фибрины, ұйыған қан бар.

Сары дененің үш түрін айырады:

- диэструстың сары денесі – жігерлігі төмен, аз тұратын, жүктілік болмағанда овуляциядан кейін жаратылатын;

- өтірік жүктіліктің сары денесі – жігерлігі және өмір сүрүі аздап жоғары, стерильді жынысуда жаратылады;

- жүктіліктің сары денесі – жігерлі, ұзын өмір сүреді.

Сары дене жаратылуға керекті жағдай – ЛГ және пролактин болу. Сары дене прогестерон шығарады. Прогестеронның негізгі жұмысы – жатырдың кілегейлі қабыршығын ұрықтандырылған жұмыртқаны алып тіркеүге дайындау. Жүктілік басталған кезде сары дененің өсу кезеңі басталады. Жүктілікте сары денеде екі гормон жаратылады: релаксин – жатырдың былшық еттерін қысқартпай жүктілікті сақтайтын, окситоцин – ана бездің тамырына жіберіліп, эстроген жаратуға көмектесіп, жүктілікті қорғайтын.

 








Дата добавления: 2015-09-02; просмотров: 4293;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.