Жануарлардың еркектерінің репродукциялық аппараты

Еркек жануарлардың жыныс аппаратының биологиялық маңыздығы – сперматазоидтерді жарату, олардың дамуына қолайлы жағдайлар тұдыру, сол сперматазоидтерді жыныс мүшелерінен шығарып ұрғашылардың жыныс мүшелерне кіргізу. Еркек жануарлардың жыныс мүшелерінің құрамы – аталық ұрық бездері, шығару аңғарлар, жыныс бездері, жыныс мүшесі.

Аталық ұрық бездері – домалақша келген түтікті жыныс бездері, ұманың ішінде орналасып сперматазоидтерді және тестостеронды шығаратын. Аталық ұрық безін сыртынан екі қабыршық қаптайды: сірі (сыртқы) және ақұызды (ішкі). Ақұызды қабыршықтан қалқалар бөлініп, 400-500 бөлімдер жаратылып, сол бөлімдердің әр біреүінің ішінде 4-5 иреленген, ұзындығы 50-80 см түтікшелер болады. Осы жерде жыныс гормоны жаратылады. Аталық ұрық безінің түтікшелерінің жалпы ұзындығы 1200-6000 метр. Аталық ұрық безінің ортасында иреленген түтікшелер қосылып тік түтікшелерге кіреді.

Аталық безде басы, денесі, қуйрық жағы айырылады. Бас жағында 13-15 аңғаршықтар болады. Қуйрық жақта сперматазоидтер пісіп жетіп, қорғаныс липидті қабыршықпен қапталып, анабиоз жағдайына кіреді; аталық бездің аңғары кеңейіп сперма өткізетін түтікке өтеді.

Ұрық қыл арқаны ұрық өткізүшіден, қан тамырларынан, жүйкелерден, бұлшық ет жіпшелерінен тұрады. Ұрық өткізүші – ұзын тұтік, қабырғасында бездері бар. Сол бездер сперматазоидтермен араласатын суйық секреттер шығарады. Ұрық өткізүшілердің саны екеу. Олар құықтың үстінгі жағында бір бірімен қосылып, жыныс мүшесінен шығады.

Жыныс мүшесі ұрғашылардың жыныс мүшелеріне эякулятты (секреттермен араласқан сперматазоидтер) жеткізеді. Сперматазоид – жұмыртқа жасұшаға еңгізілу қасиеті бар гаплоидтік жасұша. Сперматазоидтің құрамына ядро және органоидтерді кіргізетін цитоплазма бар. Сперматазоид бас, мойын, құйрық бөлімдерден тұрады.

Бас жағы – 4-6 мкм, домалақ келген. Нуклеопротеидтерге бай ядро бар. Осында нәсілдік материал орналасқан – еркек хромосомалардың жиынтығы. Ядроның алдында акросома орналасқан (across – жоғары, шеткі, soma – дене). Акросома – вакуоляда орналасқан тығыз бөлшек, бас жақтың алдында Гольджи кешенінің күрделі қайта құру қортындысында жаратылған. Акросомада акросомалдық жіп және ферменттер – гиалуронидаза, Д, Е-спермолизиндер, про-акрозин бар. Жұмыртқа жасұшасын ұрықтандырғанда осы ферменттер жұмыртқа жасұшаның қабыршығын бұзып сперматазоид жұмыртқа жасұшаның ішіне кіреді. Акросома жұмыртқа жасұшаның дамуына жол береді.

Мойын жағы – ұзындығы 0,6 мкм, екі центриолядан тұрады: проксималдық және дисталдық. Проксималдық центриоля ұрықтандыру үдірісінде жұмыртқа жасұшаның цитоплазмасына кіріп бөлінуге қатысады. Дисталдық центриоля артқы және алдынғы бөлшектерге бөлінеді. Дисталдық центриоля сперматазоидтың құйрығының жұмысына қатысты.

Құйрық жағы – 20-30 мкм – бас, орта, ұш жақ бөлектерден тұрады. Құйрық болімнің ортасынан қысқарту жұмысын атқаратын білік жіп өтеді. Әдетте құйрық қатты созылған болып, оның мөлшері бас бөлектен бір неше есе артық болады. Құйрықтың бас жағында сперматазоидтің цитоплазмасының негізгі бөлегі орналасқан. Осында митохондриялар көп болып, олар білік жіптің қасында спираль түрінде орналасады.

Құйрықтың мәні – ұрғашының жыныс мүшелерінде сперматазоидтерге қозғалуға мүмкіншілік беру. Сперматазоидтер жұмыртқа жасұшасына қарай (хемотаксис) және сұйықтықтың ағынына қарсы (реотаксис) қозғалады. Құйрықта ферменттер сукциндегидраза және аденозинтрифосфатаза, ақуыз-спермозин бар. Осы заттар кешен құрып сперматазоидтердің қозғалысында маңызды жұмыс атқарады.

Сырттай ұрықтандырылатын жануарларда сперматазоидтер спираль түрінде қозғалады. Іште ұрықтандырылатын жануарларда ұрғашыларлың жыныс жолдарында сперматазоидтер тұра жолмен жүреді. Сперматазоидтердің жылдамдығы 7,5 см/сек.

Әр түрлі жануарлардың сперматазоидтерінің ұзындығы әр түрлі болады. Осы көрсеткіш жануардың денесінің үлкендігімен байланысты емес. Торғайдың сперматазоиді 200, теңіз шошқаның – 100, бұқаның – 65, адамның 55-60, үй қоянның – 20 мкм болады.

 








Дата добавления: 2015-09-02; просмотров: 1683;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.