Жануарлар биотехнологиясының жалпы биологиялық негіздері..

Мазмұн: Жасұша – тірі ағзаның негізі. Жануарлардың сома жасұшаларының биологиялық мәні. Жануарлардың ұрғашыларының репродукциялық жүйесі.Ұрғашылардың жыныс жүйесінің физиологиясы. Фолликулогенез жән овуляция.

 

Жасұша – тірі ағзаның негізі. Жануарлардың сома жасұшаларының биологиялық мәні

Малшаруашылықта ұрық дақылдардың зерттеулерінің негізінде жасұшалы теория жатыр. Оның негізгі жағдайлары:

а) жасұша – тірі материяның негізі;

б) әр түрлі ұлпалардың, ағзалардың жасұшаларының құрамы ұқсас;

в) жасұшалардың көбеюі алғашқы жасұшаның бөлінуінен басталады;

г) жасұша – жалпы ағзаның бір бөлегі. Оның бір белгілі құрамы және атқаратын жұмысы болады;

д) бір ағзаның жасұшалары ұлпалардың, мүшелердің жүйелеріне кіріп бір бірімен тығыз байланысады.

Органикалық әлемде өмір ұйымдасудың екі түрі болады: жасұшадан бұрын (вирустер) және жасұшалы (прокариоттар, эукариоттар).

Эукариоттардың прокариоттардан айырмашылығы – эукариоттардың жасұшаларында ядро бар, прокариоттарда жоқ. Эукариоттардың цитоплазмаларында әдейленген, бір белгіленген жұмыстарды атқаратын органеллалар бар. Эукариоттық жасұшалар прокариоттық жасұшалардан үлкен.

Морфологиялық айырмашылықтан басқа прокариоттарда және эукариоттарда ұқсас қасиеттер бар: жасұшаның сыртына және ішіне заттарды жеткізетін плазма болу; ақуыздың синтезі рибосомада өтеді; РНҚ синтезі және ДНҚ репликациясы; биоэнергетикалық үдірістер. Сонымен: жасұша – қабыршықпен қоршалған, реттелген, биополимерлердің (ақуыздар, нуклеинқышқылдар, липидтер, көмірсулар және т.б.) жүйелері, зат алмасу, энергетикалық үдірістерге қатысатын, жалпы барлық жүйелердің жұмыстарына көмектесетін.

Морфологиялық мән. Жануарлардың жасұшасы плазматикалық қабыршықпен қоршалған цитоплазмадан, ядродан, органоидтерден тұрады. Цитоплазманың негізі – гиалоплазма – сулы негізгі зат. Гиалоплазма жасұшаның құралымдарын біріктіріп олардың қарым-қатнасуына көмектеседі. Органеллалар – митохондриялар, Гольджи аппараты, рибосомалар, лизосомалар.

Молекулярлық мән. Жасұшада әр түрлі заттар синтезделіп ыдырайды. Осы үдірістер ферменттердің көмегімен өтеді. Жануарлардың ұлпаларында 96 пайызы көміртек, сутек, оттек, азотқа келеді. 3,5 пайыз калий, кальций, натрий, фосфор және басқа микроэлементтер. Аз мөлшерде микроэлементтер бар. Жасұшада химиялық компоненттерді бейорганикалық (85 пайыз су, 1,5 пайыз минералдық тұздар) және органикалық (10 пайыз ақуыздар, 0,4 пайыз көмірсулар, 1,1 пайыз нуклеинқышқылдар, 2 пайыз липидтер) компоненттерге бөледі.

Физиологиялық мән. Жасұшаның атқаратын негізгі жұмыстары келесі: зат алмасу, қозғалыс, көбею, қоздырғышқа жауап беру.

Зат алмасу. Жасұшаның өмір сүру үдірістерінің негізінде зат алмасу жатыр (ассимиляция, диссимиляция).

Қозғалыс. Диссимиляция кезінде қуат босатылып шығады. Қуаттың жартысы жылуға айналады, жартысы қозғалысқа кетеді.

Қоздырғышқа жауап беру. Қоздырғыш себепкер шарттарға жылу, химиялық, электр және т.б. қуат түрлері жатады.

Көбею. Ол тірі ағзаның негізгі қасиеті. Жануарлардың жасұшаларының көбеюі бөліну жолмен өтеді. Бөліну екі әдісті болады:

а) тұра (амитоз);

б) күрделі (митоз).

Митозда ядрода терең өзгерістер өтеді.

 

 

Сүтпен қоректенетіндердің гонадалары жаратылысын жыныс белдік түрінде бастайды. Ұрық дамуын бастағанда оның алғашқы жыныс жүйелерінің екі түрін айырады – вольф және мюллер аңғарларын. Y-хромосомалардың болуымен байланысты ата бездер немесе ана бездер жаратылады. Ұрғашылардың жыныс мүшелері мюллер аңғарларынан, еркек жануарлардың жыныс мүшелері вольф аңғарларынан жаратылады.

Жыныс аппаратының биологиялық негізі – жануарлардың жыныс белгілерін жаратып, жұмыс істету.

 








Дата добавления: 2015-09-02; просмотров: 2900;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.