Орнатылған программалық қамтамасыз етуді жаңарту

Орнатуға ұқсас орнатылған программалық қамтамасыз етуді қолдау өзектілігінің бірнеше тәсілдері бар.

Apple компаниясының программалық қамтамасыз етуі 1 сабақта қарастырылғандай Apple-дің ПҚ жаңарту (Software Update) программасы арқылы жаңартылады.

► App Store дүкені арқылы жаңартылған басқа өндірушілердің программалары осы сабақта ары қарай “App Store интернет-магазині арқылы орнату” бөлімінде қарастырылғандай App Store магазинін жаңарту (Update) интерфейсі арқылы жаңартыла алады.

► Басқа өндірушілердің автоматты түрде жаңартылған қамтамасыз етілуі. Арр Slore магазинін ашпас бұрын басқа өндірушілердің программаларын жаңартудың бірыңғай тәсілі болмайды, сондықтан соңғыларын өздері көбінесе автоматты жаңартудың жеке тәсілдерін жүзеге асырды. Өкінішке орай, бұл осы қосымша автоматты жаңарту қызметін қолдайтынын анықтау үшін арналған стандартты әдістің жоқтығына алып келді. Қосымша (мәзір, оның бірінші элементі – қосымшаның аты) мәзірін, қосымшаларды үйлестіру терезесі немесе қосымшаның Анықтама (Help) мәзірін қоса отырып, оны типті ортада іздеп көру керек. Егер басқа программа үйлестіру панелін орнатса, онда автоматты жаңарту қызметі сонда үйлестіріледі. Автоматты жаңартудың барлық механизміне администратордың тіркеу мәліметтерін енгізу талап етіледі.

► Басқа программаларды қолмен жаңарту. Кейбір жағдайларда басқа программаны жаңартудың жалғыз механизмі – жай ғана жаңа нұсқаны орнату болып табылады. Тек администраторлар /Прог­раммалар (/Applications) папкасында программаларды ауыстыра алады немесе жаңарта алады. Сонымен қатар, көптеген орнату пакеттері администратордың тіркеу мәліметтерін енгізуді талап етеді.








Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 962;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.