Лекция. Өндірістің тиімділігін арттыруда және өнім сапасын басқаруда метрологиялық қамтамасыз етудің мәні

 

Дәріс жоспары:

1. Өндірістің тиімділігін арттыруда және өнім сапасын басқаруда метрологиялық қамтамасыз етудің мәні

2. Метрологиялық қамтамасыз етудің қарастыратын мәселелері

 

Қызмет етудің барлық түрлері өлшеусіз ойсыз. Кәсіпорынның көп саласында өлшеуге байланысты шығын көлемі – жылдық капитал кірісінің 30%-дан астам құрайды. Материалдың, энергетикалық және де басқа ресурстарды үнемдеу мәселесін шешуде метрологиялық қамтамысз ету үлкен мәнде ие болады, өйткені сандық есептеу материалдың құндылықтарды, электрлік және отын энергиясын, мұнай және мұнай өнімдерін, газды, су ресуртарын жоғалтуды азайту және үнемдеу негізі бойынша табылады.

Метрологиялық қызметтің болмауы, өлшеу бірліктерін қамтамасыз ету бойынша жағдайлардың және ережелердің бұзылуы – өнім сапасын бақылаудың жүргізу өлшеулері кезінде, технологиялық процестерді реттеу кезінде, ауру-сырқаттарды емдеу және анықтау кезінде үлкеншығынға алып келеді.

Өнімді өндіру кезінде дайын өнімнің сапасын бағалауда тек өлшеу жағдайын емес және де белсенді бақылау көмегімен технологиялық процестегі сапа көрсеткіштерін бақылау мүмкіншілігіне және өлшеу жағдайына назар аудару қажет. Жаңа бұйымда ойлап табу алдында және әрбір технологиялық процесті шығаруда шығарылған және аттестатталған өлшеу және сынау құралдарын және әдістерін қолдана отырып, өндірістің метрологиялық дайындығы туралы сұрақтарды шешіп алу қажет.

Өлшеу кезіндегі қолданылатын әдістемелер метрологиялық аттестталған және тіркеуден өту керек. Аттестталған әдістеменің талабын қатаң қадағалай отырып, оператор, яғни ол алған өлшем нәтижесі, қателігі берілген шегінен шықпағаны туралы сенімді болу керек.

Қызмет берудің барлық бағыттарындағы объектілерінде метрология заңнамысының жағдайы білетін, теоретика метрология жасаудың негізін және практикада іс-жүзіне асыра білетін мамандар қажет (өлшеу жағдайына жауапты бас метрологтар, өлшеуді жүргізетін операторлар).

Метрология саласында мамандарды дайындау төрт тіректі модульдерге негізделеді: инженерлі дайындықта, экономды басқару дайындықта, ақпаратты технология саласында дайындықта, сапаны қамтамасыз ету дайындықта. Оқу процесі кезінде анық өлшеуші ақпараттар алу, түрлендіру, өңдеу және беру әдістерін оқиды. Өндірісті метрологиялық қамаамысыз ету және метрология саласындағы саясатты анықтайтын, халықаралық құқық және ұйымдар талабына сәйкес метрология бойынша жұмыстарды өткізу және ұйымның тәртібін оқиды.

Жалпы өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету келесілерді қамтиды:

- Өлшеу жағдайын талдау;

- Өлшеу шамаларының рационалды номенклатураларын онату және дәлдікке сәйкес жұмысшы немесе эталондық өлшеу құралдарын калибрлеу;

- Бақылау жүргізу және өлшеу құралдарын калибрлеу;

- Орнатылған дәлдік нормаларымен қамтамасыз ету үшін өлшеуді жүргізу әдістемесін жүргізу;

- Конструкторлық және технологиялық құжаттамаларға метрологиялық сараптама жүргізу;

- Қажетті нормативті құжаттарды ендіру;

- Техникалық біліктілікке аккредиттеу жүргізу;

- Метрологиялық бақылауды жүргізу.

Метрологиялық қамтамасыз етуді дайындау кезінде процестердің өзара байланыстылығын қамтитын жүйелік үйлесімділікті қолдану керек.

 

Бақылау сұрақтары:

Метрологиялық қамтамасыз етудің қажеттілігі;

Метрологиялық қамтамасыз етудегі орындалатын негізгі жұмыстар;

Мамандарды даярлаудағы пәннің алатын орыны.

 

 








Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 2383;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.